I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы


Сұрақ-жауап әдісі –педагогикалық зерттеу тәсілі ретінде



бет10/48
Дата22.12.2023
өлшемі270,28 Kb.
#198411
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Байланысты:
I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдісн-emirsaba.org

21. Сұрақ-жауап әдісі –педагогикалық зерттеу тәсілі ретінде.
Сұрақ-жауап әдісінің мақсаты бірлі-жарым және жекелеген белгілердің жоғалып кетпеуін қадағалайды, өйткені олар жоқ болса, жалпы абстрактіге айналуы мүмкін. Сұрақ алу тәсілінің өзіндік ерекшелігі «сұрақ-жауап» жүйесі логикалық көзқарас тұрғысынан жүзеге асып, алынған жауаптар кейіннен сапалық және сандық өңдеулерге түсуінде жатыр.
Анкета мен сұхбат жүргізу әдістері
Сұрақ алу әдісі. Эмпириялық ақпараттар сұрақ алу арқылы алынады. Бұл әдіс ұйымдастыру жағынан артықшылығымен, арзандығымен, ақпараттың мазмұндылығы және әмбебаптылығымен, алынған ақпаратты өңдеуге техникалық құралдарды барынша мол пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Сұрақ әдісінің негізгі түрлеріне анкеталық сұрау мен әлеуметтік сұхбат (интервью) жатады. Анкета – зерттеушінің жауапшымен (респондент) анкета арқылы контактыға негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуіндегі әлеуметтік өлшеуіштің бірден-бір кеңінен тараған тәсілі.
Анкетаны жасаудың, онымен жұмыс жүргізудің өзіндік ерекше әдістемелік тәсілдері мен сипаты бар. Кез-келген анкетаның үш құрамдас бөлігі: кіріспе, мазмұндық (негізгі бөлім) және қорытынды (төлқұжат) бөлімдері болады.
Кіріспеде зерттеуді кімнің жүргізетіндігі, оның мақсаты мен міндеті, анкетаны толтыру тәсілі, оны толтырудың жасырын екендігі көрсетіледі. Анкетаны қалай толтыру керектігі жайлы нұсқау кіріспенің соңында беріледі. Сұхбат - әлеуметтану зерттеуінің сауалдау тәсілі, әлеуметтанушының алдын ала әзірлеген жоспары бойынша қайсыбір адаммен немесе адамдар тобымен мақсатты әңгімелесу формасы, оларға қойылған сұрақтарға қайтарылған жауаптар әлеуметтік ақпараттың бастапқы қайнар көзі қызметін атқарады.
Сұхбат мынандай түрлерге жіктеледі:
Формальді сұхбат – тақырып бойынша алдын ала құрастырылған сұрақтарға орай реттік тәртібін сақтау арқылы сұралушымен пікір алмасып мәліметтер жинау. Бұндай сұрақтарға өзгерістер енгізуге, одан ауытқуға болмайды.
Жартылай формальді сұхбат – пікір алмасу барысында тақырып бойынша алдын ала дайындалған сұрақтармен қатар, қосымша сұрақтар қою арқылы мәліметтер жинау.
Формальді емес сұхбат – нақты тақырып бойынша зерттеуші мен респонденттің еркін пікір алмасуы арқылы мәліметтер жинауы болып табылады. Бұндай сұхбатта сұрақтар алдын ала дайындалмайды, зерттеуші сұхбат барысында туындаған сұрақтарды қойып, респондент оған өз ойын еркін білдіріп жауап беруіне толық жағдай жасалады және зерттеушінің жауаптарды тіркеу формасының стандарты болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет