Қалай сұрақты дұрыс қоюға болады? Сұрақты дұрыс қоя білуді үйрену үшін, ең бірінші ішкі диалогтың орналасу ретін дұрыс қою және сыртқы диологтағы сұрақтардың түрін үйрену керек.
Ішкі диолог (өз – өзіңе сұрақ қою) ішкі ойымыздың дұрыс ретпен сыртқа шығуын реттейді. Ішкі диологтағы сұрақтардың дәл әрі нақты болуы, істеген ісіміздің, қабылдаған шешімімізден көрінеді. Ішкі диологтың басталуы бұл қандай да бір проблеманың шешімімен байланысты. Бір проблеманы шешу немесе талқылау үшін мынадай сұрақтар жүруі тиіс:қайда? қашан? кім? не? қалай? не үшін? не себептен? Бұл сұрақтар арқылы сіз проблеманың бүге шүгесіне дейін зерттеп анықтай аласыз.
Ішкі диологқа әсер ететін факторлер:
Фактілер - Қарастырылып отырған жағдайға қандай факторлер әсер етіп отыр?
Сезімдер – осы жағдайға байланысты, менің көіл – күйіме әсері қандай? Басқалардың сезімі қандай?
Тілек (қалау) – осы қарым – қатынастан маған не қажет? Басқалар не қалайды?
Қарым – қатынастағы кедергілер – маған не кедергі? Басқаларға не кедергі?
Уақыт – қай уақытта істеу керек?
Қандайда бір тақырыпта әңгіме бастар алдында ең бірінші ішкі ойыңызды жинақтап алыңыз. Осы сұрақтарды өзіңізге қойып, айтар сөзіңізді анықтап содан – соң барып әңгіме бастаңыз.