Объективті әлемнің субъективті бейнесі ретіндегі психикалық бейнелеу туралы көзқарастар Психиканың шығу тегінде әртүрлі көзқарастар бар:
1.Идеалистік – психикалық (жан) өз шығу тегі бойынша денемен байланыспайды..
2.Дуалистік- адамда екі бастама бар: психикалық (идеалды) және биологиялық (материалды). Бұл екі шарт қатар дамиды және белгілі бір мөлшерде бір-бірімен байланысты.
3.Материалистік- психика феномені тірі табиғат эволюциясына негізделеді және оның бар болуы өте жоғары дамыған материя қасиеті ретінде қарастырылады.
№
Бағыттар
Сипаттамасы
1.
Антропопсихизм (Декарт)
Психика тек адамға ғана тән
2.
Панпсихизм
(француз материалистері)
Табиғаттың түгелдей жандануы, психика барлық әлемге
тән (сонымен тастарға да)
3.
Биопсихизм
Психика тірі табиғат құрылымы (өсімдіктер)
4.
Нейропсихизм (Дарвин)
Жүйке жүйесі барларға тән
5.
Мипсихизм (Платонов)
Бас миы барларға тән (жәндіктерде белгісіз)
6.
Сезімталдықтың болуы
(А.Н. Леонтьев)
Қоршаған ортадан берілетін тітіркендіргіштерге
әсерлену қабілетінің болуы.
№7 Кесте. Психиканың табиғатын түсіндіруші негізгі бағыттар
Адамның психикалық әрекетінің қызметінің заңдылықтары, оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен құрылысын түсіну үшін, адамның психикалық әрекет жасаушы негізгі мүшесі - адам миы қалай құрылғанын және адамның әр түрлі көріністегі психикалық өмірімен қандай қатынаста екенін білу керек.Нерв жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейронның әрқайсысының 2 тармағы болады. 1 ұзын тармақты нейрит немесе аксон. 2-шісі қысқа тармақты дендрит деп аталады. Нейронның тармақтала келіп, өзара түйінделіп бітетін жері нерв орталығы деп аталады. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегатативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өнебойына орналасқан. Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми м ен жұлыннан тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады. Жұлын жуандығы 1см, омыртқа қуысының ішіне орналасқан, ересек адамдарда ұзындығы 45 см ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп нерв талшықтары тарайды. Олардың 1- тобы ортаға тебетін, 2- тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстардың (аяқ қолды керіп созу т.б.) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Орталық нерв жүйесінің 2-ші бөлігі ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда шамамен 1400гр. болады. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми – бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Сопақша ми - жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың нерв орталықтары бap. Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс -тұрысын басқарып отырады.Адам өмірінде ми қабығы негізгі қызметті атқарады. Ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлардан тұрады. Мида көру, есту, қозғалыс, иіс, дәм анализаторларының нерв орталықтары бар. Егер, ми салаларына зақым келсе психикаға да зақым келеді. Адамда мидың маңдай бөлігі жақсы дамыған. Маңдай миға зақым келсе адамның ақыл-ой процесіне зақым келеді. Үлкен мидың сол жақ жарты шарларының төменгі маңдай иір қыртысының артқы жағында «Брока кіндігі» орналасқан. Бұл кіндік адамның сөйлеу орталығын басқарады. Егер бұған зақым келсе адам дауыстап сөйлей алмайды. Қаншама сөйлейін десе де тілі икемге келмейді. Орта маңдай ирегінің жоғары жағында жазу кіндігі орналасқан. Оған зақым келсе, адам жаза алмайды. Мұндай ауруды аграфия дейді. Ал адамдардың тілі кұрмеліп сөйлей алмай қалса, оны афазия деп аталады.Мидың төбе бөлігі адамның қимыл әрекетімен байланысты (кеңістікті, уақытты ажырату). Егер, осыған зақым келсе, адам үйреншікті әрекетін қайтадан жасай алмайды. Мұны апракция деп атайды. Мидың желке бөлігі көрумен, самай бөлігі естумен байланысты. Егер жоғары самай ирегінің алдыңғы жағына зақым келсе, адам музыканы ес інде қалдыра алмайды, естіген сөзін ұқпайды.
2.Психика мен нерв жүйесінің рефлекстік табиғаты.Адам анатомиясын зерттейтін шынайылықты сынаушылар мен дәрігерлер ертеде-ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыста болатыны туралы болжам айтқан және психикалық ауруларды - ми қызметінің бұзылуының нәтижесі деп қарастырған. Зақымдалу, жаралану немесе аурулар салдарынан болатан бас миындағы өзгерістері бар ауру адамдарды бақылау бұл көзқарастар сүйенетін тіректер болды. Мұндай ауру адамдарда көру, есту, ойлау, еске сақтау, және сөйлеу қабілеттерінің зақымдалып, қозғалысының бұзылуы және т.б. сияқты психикалық әрекеттің кенеттен ауытқуы байқалатыны мәлім. Алайда, психикалық әрекет пен ми қызметінің ба йланысын анықтау - психиканың ғылыми зерттеуі жолындағы алғашқы қадамы ғана болды. Бұл айғақтар психикалық әрекет негізіне жататын физиологиялық механизмдерге әлі де түсінік бермейді.Ағзаға әсер етуші тітіркендіргіштер мен ағзаның жауап қайтару реакцияларының арасыңда уақытша байланыстар пайда болады. Бұлардың пайда болуы - бас миы қабығының басты қызметі болып табылады. Ми әрекеті түріндегі кез келген психикалық әрекет үшін нервінің уақытша байланысы болып – негізгі физиологиялық механизм саналады. Кез келген психикалық процес миға тітіркендіргіштер әсер етпесе өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Кез келген психикалық процестің және кез келген уақытша байланыстың соңғы нәтижесі - сыртқы әсерге жауап ретінде іштен шығатын әрекет. Бұл жағдайлардың барлығы объективтік ақиқаттың бейнеленуінің механизмін айқындайды. Сонымен жоғарғы нерв әрекеті туралы ілім психикалық құбылыстарды материалдық тұрғыдан түсінудің табиғи-ғылыми іргетасы болды.Ағзаның психикалық әрекеті көптеген арнайы дене құрылымдарының көмегімен жүзеге асырылады. Олардың біреулері - әсерлерді қабылдайды, ал екіншілері - оларды сигналдарға түрлендіреді, Мінез-құлықтың жобаларын жасап және оларды қадағалайды, үшіншілері - бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Бұл барлық күрделі жұмыстар ортада өзін белсенді ұстауға мүмкіндік береді.Барлық психикалық әрекеттердің рефлекторлық табиғатын табиғи -ғылыми жасаудағы және негіздеудегі орыс физиологтары - И.М.Сеченовтың және И.П.Павловтың еңбегі зор. И. М. Сеченов өзінің атақты "Бас миының рефлекстері" деген еңбегінде рефлекторлық принципті бас миының барлық қызметіне тарата отырып, осылайша адамның барлық психикалық әрекеттеріне таратты. Ол "саналы және санадан тыс өмірдің барлық актілері өздерінің шығу тегі бойынша рефлекстің мәні" деп көрсетті. Бұл психи каны рефлекторлық тұрғыдан түсінудің алғашқы ұмтылысы болды. И.М.Сеченов бас миының рефлекстерін толық талдай отырып, олардағы үш басты қатарды атап көрсетті: бастапқы қатар - оның сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргішті миға беретін нервні қоздырғыш процесіне айналдыруы; ортаңғы қатар - мида қоздырғыш және тежегіш процестерінің және осының салдарынан психикалық күйлердің (сезімдердің, ойлардың, сезінулердің және т.б.) пайда болуы; соңғы қатар -сыртқы қозғалыс. Осымен бірге И. М. Сеченов рефлекстің ортаңғы қатары өзінің психикалық элементтімен бірге оның табиғи бастауы мен соңы болып табылатын қалған екі қатардан (сыртқы тітіркендірі іш пен жауап қайтару әрекетінен) оқшаулануы мүмкін емес, сондықтан барлық психикалық құбылыстар - жалпы рефлекторлық процестің бөлігі, - деп санайды.
3.Сана туралы ұғым.Сананың негізгі қасиеттері.Психика жануарларға да, адамдарға да бірдей тән әрекет болғанымен олардың психикалық әрекеттерінің арасында жалғыз сан жағынан да ғана емес, сапа жағынан да көп айырмашылықтар да бар. Адамның психи касының айрықша өзгешелігі адамда сананың болуымен байланысты. Жануарларда сана жоқ, олардың өздерінің биологиялық мұқтаждықтарымен байланысты соқыр сезім әрекеттері және туысынан кейін тіршілік ету үшін күресінде пайда болатын санасыз дағдылану әрекеттері ғана бар.
Сана психиканың дамуында ең жоғары сатыға шыққан, сапа жағынан айрықша өзгешеліктері бар, адамға ғана тән нәрсе. Сана деп – еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде бет алып қатысуында орын алатын психика лық әрекетті айтамыз. Адамның санасы тек қана тұрмыстың нәтижесі болып қоймай, сол тұрмыстың өзін қайта құрып өзгерте алады. Адам белгілі, нақты тарихи қоғамдық жағдайларда өмір сүріп, тіршілік ететіндіктен, оның санасы қоғамның тұрмысының ықпалын да болып , сол тұрмысты сәулелендіріп отырады. Сондықтан таптық қоғамда адамдардың санасы таптық сана болады. Қоғамдық эксперименттің өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгеріп отырады.
Сананың негізгі қасиеттері.Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, "болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруге жоғары бағдарлылықты" қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.
Тұлғаның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Тұлға санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана тұлғалар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастапжанасады. Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, өшпенділік, жек көру, жирену түрінде көрінеді) сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. "Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды".Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол өзі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Адам дүниені саналы түрде өзгертуге тала птанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементттерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді.Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді, яғн и сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің ар қасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.Білім негізінде тұлғаның. Іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Тұлға мінезі мен іс -әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеріп және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдапалады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы - ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Өзіндік сана-сезім- сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзінқоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғын қимылдатып та - бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің мүшелері мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды.
Адамның өзін-өзі тануда, оны басқаның бағалауы мен ұжымдық бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Өзін-өзі тану - адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі.Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілібір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып, жұмысқа жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы өз мінез-құлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып біледі. Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген тұлғаға айналасындағылардың өзі жайындағы көзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі.Өз басының қасиеттеріне берген өз бағасы мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды
4. Жануарлар психикасының даму жолдары.Психиканың қарапайым түрі - нерв жүйесінің болмашы қасиеті бар тіршілік иелері, мәселен, құрт тағы басқа насекомдар дүниесінде кездеседі. Бұл жәндіктерге тек сыртқы ортаны шамалау, бағдарлау ғана тән. Олар тек биологиялық мәнді зат пен әсер етуші объектінің жеке қасиеттері арасындағы байланыстарды бейнелеуге қабілетті. Психиканың бұл сатысы сенсорлық (сезімдік) деп аталады. Мұнда тікелей әсер етуші, оның үстіне, түгелдей зат емес, оның кейбір қасиеті ғана бейнеленеді. Мәселен, өрмекші өрмек пен тамақтың (өрмекке түскен шыбын) арасындағы байланысты бейнелендіреді, бақа жейтін қоректік затын түсі мен формасына қарап ажыратады, ара тағамның түсі мең иісіне, ал жылан болса, тек формасы емес, сонымен қатар өз жемтігінің денесінің температурасына реакция жасайды т. б.