Әдістемелік нұсқау: Көрнекілік құралдары мен шағын баяндамасын қорғау.
Семинар 3. Тақырып: Өнер туралы әңгіме сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.
Негізгі сұрақтары: Өнер туралы әңгіме сабақтарында оқушылар суретшілердің өз туындыларын жасауда тақырып мазмұнының тереңдігіне, эмоционалдық әсеріне, көркемдік шешіміне жету жолдарын танып түсінеді
Әдістемелік нұсқау: Пікірлесу. Жазған шағын баяндамасын қорғау.
Семинар 4. Тақырып: Мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі дидактикалық принциптері.
Негізгі сұрақтары: Бейнелеу өнерін оқытуда педагогика ғылымы зерттеп, көрсетіп берген дидактикалық принциптерді басшылыққа ала отырып ұйымдастыру үлкен нәтиже береді, оқыту мен тәрбие процесін ғылыми тұрғыда жүйелендіреді.
Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша әңгімелесу. Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие процесінің жүргізілуне мысалдар келтіру.