I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Химияны оқыту әдістемесі пәні бойынша тест тапсырмалары



бет62/87
Дата07.02.2022
өлшемі2,94 Mb.
#88405
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   87
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық-1
Талдаудың кинетикалық әдістерінің жіктелуі, Талдаудың кинетикалық әдістерінің жіктелуі
2 Химияны оқыту әдістемесі пәні бойынша тест тапсырмалары

1.Зат массасы мен зат мөлшері арасындағы байланысты көрсету үшін қолданылатын ұғым.


A) молярлы масса
B) атомдық масса
C) молдік масса
D) атомдық масса бірлігі
E) Авогадро саны
2. Химиялық заттар құрамы өрнектеледі.
A) формула арқылы
B) химиялық теңдеумен
C) элемент символымен
D) А және В жауаптары дұрыс
E) массалық үлеспен
3. Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеу түрлері.

  1. Реакцияға қатысатын және реакция нәтижесінде түзілетін зат массаларының қатынасын немесе массасы белгілі зат бойынша басқа заттардың массаларын есептеу.

  2. Реакцияға газ немесе бу күйіндегі қатысқан зат массаларының қатынасын немесе көлем қатынасын есептеу.

  3. Теориялық мүмкіндігі бар мөлшерінен өнім шығымының массалық үлесін пайызбен есептеу.

  4. Реакцияға қатысатын бастапқы заттың біреуі арқылы алынғандағы жүргізілетін есептеулер.

  5. Қоспасы бар заттар әрекеттескенде түзілетін өнімнің массасын есептеу.

A) 1,2,3,4 B) 2,3,4,5 C) 1,3,4,5 D) 1,2,3,4,5 E) 1,2,4,5
4. Химиялық қосылыстың шынайы формуласын анықтау үшін білу керек.......

  1. Қосылыстың пайыздық құрамын

  2. Элементтердің салыстырмалы атомдық массасын

  3. Заттың молекулалық массасын

A) 1,2 B) 2,3 C) 1,3 D) 1,2,3 E) 1
5. Сутегі мен оттегіден тұратын қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасы 34. Осы есеп шарты бойынша анықталатын:

  1. заттың эмпирикалық формуласы

  2. заттың молекулалық массасы

  3. қосылыстың шынайы формуласы

A) 1,2 B) 1,3 C) 2,3 D) 1 E) 2
6. Берілген тұздың құрамындағы магнийдің массалық үлесі 21,83 пайыз. Фосфордың массалық үлесі 27,85 пайыз. Оттегінің массалық үлесі 50,32 пайыз. Осы есеп шарты бойынша анықталатын:

  1. заттың молекулалық массасы

  2. заттың шынайы формуласы

  3. заттың эмпирикалық формуласы

A) 1,2 B) 2,3 C) 1 D) 2 E) 3
7. Төмендегі мысалдардың ішінен шынайы формуланы табуға арналғанын тап:

  1. қосылыс 42,07 % натрий, 18,91 % фосфор, 39,02 % оттегінен тұрады.

  2. 6,2 г фосфор оттегімен әрекеттесуінен 14,2 г фосфор оксиді түзіледі.

  3. қосылыс 32,43 % натрий, 22,55% күкірт, 45,02% оттегінен тұрады. Қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасы 142.

A) 1,2 B) 2,3 C) 1,3 D) 2 E) 3
8. Химиядан эксперименттік есептер шығару барысында шешілетін негізгі сұрақтар:

  1. заттарды танып білу

  2. заттарды алу және қолдану

  3. заттарды сақтау

  4. ерітінділер әзірлеу

A) 1,2,3 B) 2,3,4 C) 1,3,4 D) 1,2,3,4 E) 1,2,4
9. Органикалық химияны оқытудың оқу тәрбиелік мәні, толық сипаттамасын таңда.

  1. органикалық химия мектептің химия курсының бір бөлігі болғандықтан оқу пәні алдындағы тұтасымен алғандағы жалпы міндеттерді шешеді.

  2. органикалық химия химия ғылымының дербес бір бөлігі болғандықтан, көміртекті қосылыстарды және олармен болатын өзгерістерді зерттейді.

  3. органикалық химия күрделі заттар мен біздің айналамызда өсімдіктер мен жануарлар әлемінде өтетін құбылыстарды қарастырып, өмірдің мәні мен заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді.

A) 1,2 B) 2,3 C) 1,3 D) 1,2,3 E) 1
10. Органикалық химияның өзіне тән сипаты.

  1. заттардың химиялық қасиетінің молекуланың ішкі құрылысына тәуелділігі.

  2. органикалық заттар адамға көбірек таныс

  3. органикалық заттармен таныстырудың өндірістік мәні үлкен

A) 1,2 B) 1,3 C) 2,3 D) 1 E) 1,2,3
11. Төменде берілген сандық есептердің қайсысы реакцияға қатысатын бастапқы заттың біреуі артық алынған типіне сай келетінін анықта.

  1. 100 г күміс нитратын алу үшін азот қышқылында қанша күміс ерітіледі?

  2. 12 г кальцийді жағуға қанша оттек қажет?

  3. 17 г натрий нитраты 20 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде қанша азот қышқылы түзіледі?

A) 1,2 B) 1 C) 2 D) 3 E) 2,3
12. Химиялық формула бойынша есептеу түрлерінің қайсысы артық?
A) заттың молекуласық массасын есептеу
B) қосылыстағы элементтердің атом массалырының өзара қатынасын есептеу
C) формула бойынша элементтің массалық үлесін пайызбен есептеу
D) қоспасы бар заттар әрекеттескенде түзілетін өнімнің массасын есептеу
E) заттың белгілі массасы бойынша элемент массасын есептеу
13. Химиялық эксперимент ерекшелігі

  1. химиялық эксперимент қарапайым бақылаудан өзгеше болады

  2. химиялық эксперимент арнайы құрылған жағдайда құбылысты бақылауға арналады

  3. химиялық эксперимент құбылысты анықтап, заттағы байланысты айқындайды

  4. химиялық эксперимент алға қойылған болжамның дұрыстығын дәлелдеуге мүмкіндік береді

A) 1,2,3
B) 2,3,4
C) 1,3,4
D) 1,2,4
E) 1,2,3,4
15. Бейорганикалық химияның шекараласатын ғылымдары
A) биология
B) геология
C) минералогия
D) физика
E) осы айтылған барлығы
16. Органикалық химияның танымдық мәні мен оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарасының қалыптасуын анықтаушы

  1. әр заттың табиғатына үңілу

  2. молекуладағы атомдар орналасуын білу

  3. химиялық байланыстың электрондық табиғатын түсіну

  4. табиғаттағы заттардың алуан түрлілігі, заттардың табиғаттағы айналу процесінің өзіне тән заңдылықпен өтуі

  1. 1,2 B) 1 C) 2 D) 1,2,3,4 E) 2,3

17. Органикалық химия курсының бастапқы бөлігінде теориялық сұрақтарды талдау қандай тәсілдің ролін атқарады?

  1. дедукция

  2. индукция

  3. синтез

  4. анализ

A) 1,2 B) 1,2,3 C) 2 D) 3 E) 1
18. Органикалық химияны оқытуда қай қосылыстан бастаған жөн?
A) амин қышқылдары
B) майлар
C) спирттер
D) көмірсутектер
E) гетероциклдер
19. Гомологтық қатардағы заттарды оқуға материал іріктеу критерийлері

  1. теориялық

  2. практикалық

  3. қолданбалы

  1. 1,2,3 B) 1 C) 2 D) 1,2 E) 2,3

20. Қазіргі кездегі бағдарламада органикалық қосылыстарды оқыту қалай жүргізіледі?

  1. әр класс өкілі жеке қарастырылып қасиеті , табиғатта кездесуі жайлы толық мәлімет беріледі

  2. класстың барлық өкілдері мысалында гомологтық қатар туралы түсінік беріледі

  3. гомологтық қатардың алғашқы өкілдері жайлы түсінік беріліп, қалған аспектілері гомологтық қатар негізінде қарастырылады

A) 1,2 B) 1 C) 2 D) 1,2,3 E) 3
21. Қандай қосылыстарды гомология принципіне негіздеп оқытуға болмайды?

  1. майлар

  2. көмірсулар

  3. қаныққан көмірсутектер

  4. ақуыздар

  1. 1,2 B) 1 C) 1,2,4 D) 3 E) 2,3

22. Қаныққан көмірсутектер тақырыбын бастайтын
A) метан
B) этан
C) бутан
D) пропан
E) гомология жайлы жалпы түсініктен бастаймыз
23. Қанықпаған көмірсутектердің алдымен қарастырылатын өкілі
A) этилен
B) пропилен
C) бутилен
D) оқылмайды
E) этилен мен пропилен
24. Ароматты көмірсутек гомологтарымен танысу
A) қысқаша өтіп
B) толық қарастырылады
C) қарастырылмайды
D) гомологтар құрылысы, бензол ядросы мен жанама тізбектің әсерін анықтауға негізделеді
E) А,Д жауаптары дұрыс
25. Көмірсулар класына материал іріктегенде сүйенеміз

  1. химиялық қасиеті

  2. биологиялық маңызы

  3. құрылыс ерекшелігі

  1. 1,2 B) 1 C) 2,3 D) 3 E) 2

26. Дисахарид сахарозаны мектеп органика курсында оқыту:

  1. полисахаридтер сатылы гидролизін түсіну үшін

  2. құрылысының ерекшелегін ұғыну үшін

  3. практикалық маңызына байланысты

  1. 1,2 B) 1,3 C) 1 D) 3 E) 2,3

27. Амин қышқылдарының мектеп курсында оқытылуы
A) толық оқытылады
B) тек алмасатын амин қышқылдары оқытылады
C) алмаспайтын амин қышқылдары оқытылады
D) амин қышқылдары жайлы түсінік беріледі
E) В жән С жауаптары дұрыс
28. Ақуыз жайлы мәліметтің берілуі
A) құрамы беріледі
B) құрылысы оқытылады
C) қасиеті қарастырылады
D) ақуыздар маңызы айтылады
E) осының бәрі
29. Нуклеин қышқылдары жайлы мәліметтің берілуі
A) ДНҚ мысалында
B) РНҚ мысалында
C) ДНҚ және РНҚ мысалында
D) оқытылмайды
E) жалпы мәлімет беріледі
30 А.М.Бутлеров теориясымен түсіндірілмейді:
1.бензолдың Кекуле ұсынған құрылыс формуласын
2. дивинилге қосылу реакциясын
3. изобутанның изомерлену реакциясы механизмін
A) 1,2 B) 1 C) 2 D) 3 E) 1,2,3
31. Ғылыми эксперимент пен мектепегі эксперименттің айырмашылығы

  1. оқу экспериментінде ғылыми эксперименттегі сияқты зат пен құбылыс арасындағы нақты қатынас ашылады

  2. ғылыми экспермиентте зат құбылыс арасындағ қатынастар алғаш рет анықталады, нәтижесі тек болжанады

  3. мектептегі эеспериментите тәжірибе нәтижесі бұрыннан белгілі әрі анықталған бірақ ол тек мұғалімге белгілі

  4. мектептегі эксперимент нәтижесі тек болжам түрінде болып, оқушы эксперименті ғылыми эксперимент ролін атқарады

  1. 1,2 B) 1 C) 2 D) 3 E) 1,2,3,4

32. Оқу пәнінің мазмұнына енеді

  1. тек теориялық материалдар

  2. фактілер мен заңдылықтар

  3. ғылыми фактіні алуда қолданылатын әдістер

  1. 1,2 B) 1 C) 1,2,3 D) 3 E) 2,3

33. Химияны оқытуда ойша экспериментті қолдану себебі:

  1. барлық құбылыстарды нақты көрсету аз уақыт ішінде мүмкін болмағанда

  2. кей тәжірибелерді мектеп зертханасында көрсетуге келмейді

  3. оқушының көз алдына елестету, нысанның бейнесін сипаттамасына орай құру дағдысын дамыту үшін ойша эксперимент қажет

A) 1,2,3 B) 1 C) 2 D) 3 E) 2,3
34. Қазақстандағы органикалық химияның негізін салушы ғалым
A) О.А.Сонгина
B) М.И.Усанович
C) Б.А.Бірімжанов
D) Е.Н.Азербаев
E) Д.В.Сокольский
35. Қышқылдар мен негіздер теориясын ұсынған ғалым
A) О.А.Сонгина
B) М.И.Усанович
C) Б.А.Бірімжанов
D) Е.Н.Азербаев
E) Д.В.Сокольский
36. Табиғи тұздар мен тыңайтқыштарды зерттеген тұз түзу теориясының авторы
A) О.А.Сонгина
B) М.И.Усанович
C) Б.А.Бірімжанов
D) Е.Н.Азербаев
E) Д.В.Сокольский
37. Сирек металдар мен түсті металдарды жіктеуде маңызды ғылыми еңбектері бар ғалым
A) О.А.Сонгина
B) М.И.Усанович
C) Б.А.Бірімжанов
D) Е.Н.Азербаев
E) Д.В.Сокольский
38. Қазақстандық катализ мектебінің негізін салушы
A) О.А.Сонгина
B) М.И.Усанович
C) Б.А.Бірімжанов
D) Е.Н.Азербаев
E) Д.В.Сокольский
39. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқығанда оқушылар білуі керек

  1. бейорганикалық қосылыстардың жіктелуін, олардың арасындағы генетикалық байланысты

  2. химиялық қасиетін

  3. бейорганкиалық қосылыстардың құрылысын, құрылымдық формуласын

A) 1,2 B) 1 C) 2 D) 3 E) 1,2,3
40. Тотығу – тотықсыздану процесін оқығанда оқушы бойында қалыптасатын негізгі түсініктер

  1. тотықтырғыш

  2. тотықсыздандырғыш

  3. тотығу дәрежесі

  4. валенттілік

  5. ион заряды

A) 1,2,3 B) 1 C) 2 D) 3 E) 2,3
41. 9 сыныпта элементтер химиясын оқыту негізделетін заң
1. құрам тұрақтылық заңы
2. зат массасының сақталу заңы
3. атомдардың электрондық құрылыс теориясы
4. периодтық заң
5. А.М.Бутлеровтың құрылыс теориясы
A) 1,2,3 B) 1 C) 3,4 D) 3 E) 2,3
42.Элементтердің период бойынша қасиеттерінің өзгеруі, қайсы артық
A) элементтердің оттекті қосыфлыстарындағы жоғары валенттілігі 1-ден 8-ге дейін арту
B) ұшқыш сутекті қосылыстарда элементтер валенттілігі 4-тен 1-ге дейін кемиді
C) оксидтер қасиеті негіздіктен екідайлы арқылы қышқылдыққа қарай біртіндеп өзгереді
D) элементтердің тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеті тотықсыздандырғыштан тотықтырғышқа қарай біртіндеп артады
E) элементтердің оттекті қосылыстарындағы валенттілігі тұрақты болады
43. Элементтер қасиетінің топ бойынша өзгеруі, қай жауап қате
A) топ бойынша жоғарыдан төмен қарай элемент атомдары радиусы кемиді
B) бір топ элементтерінің жоғары валенттілігі көпшілік жағдайда бірдей
C) жоғарыдан төмен металдық қасиет артады
D) жоғарыдан төмен элементтердің тотықсыздандырғыштық қасиеті артады
E) топ бойынша реттік санының артуына байланысты элемент атомдары радиусы артады
44. Химиялық элементтерді периодтық жүйе бойынша сипаттау жоспары:
A) элементтің периодтық жүйедегі орны
B) атом құрылысы
C) элементтің және оның қосылыстарының қасиеті
D) заттың құрамын, құрылысын, алу әдістерін, қасиеті мен қолданылуын сипаттау
E) осы айтылғанның бәрі
45. Электролиттік диссоциация тақырыбын оқу негізінде қалыптасатын түсініктер:

  1. заттар – электролит ретінде

  2. диссоциация процесінің мәні

  3. бейэлектролиттер

  4. иондар /анион, катион/

  5. ион алмасу реакциясы, толық және қысқартылған иондық теңдеулер

A) 1,2,3 B) 1,4,5 C) 2 D) 1,2,3,4,5 E) 2,3
46. Физика курсында өткен электролит және бейэлектролит түсінігін тереңдету қай тақырыптарды өткенде жүзеге асады?
A) электролиттік диссоциация теориясы
B) қышқылдар, негіздер, тұздардың электролиттік диссоциациясы
C) диссоциация дәрежесі,әлсіз және күшті электролиттер
D) ион алмасу реакциясы
E) A,B,C,D жауаптары дұрыс
47. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары тақырыбын қайталағанда тиімді жаттығулар:

  1. металдар мен бейметалдардың генетикалық қатарын жазу

  2. берілген қосылыстарды жіктеу

  3. белгілі класс өкілдеріне тән химиялық қасиеттерді жазу

  4. бейорганикалық қосылыстардың құрылымдық формуласын жазу

  1. 1,2,3 B) 1 C) 2 D) 3 E) 1,2,3,4

48. Электролиттік диссоциация механизмін өткенде алғаш рет қалыптасатын түсініктер:

  1. «гидраттар»

  2. «диполь»

  3. «донорлы-акцепторлы механизм»

  4. «гидроксоний»

  5. «электролиттік диссоциация»

A) 1,2,3 B) 1 C) 2 D) 3 E) 2,3
49. Ион алмасу реакциясы тақырыбын өткенде қойылатын сабақ мақсаты:
A) ион алмасу реакциясымен таныстыру, оны жаза білуге жаттықтыру
B) электролитердің ерітіндідегі күйі жайлы білімдерін толықтыру
C) тұздар, қышқылдар, негіздердің диссоциация теңдеуін жаза білуге үйрету
D) ион алмасу реакциясының жүру тереңдігімен, аниондар мен катиондарға тән сапалық реакциялармен таныстыру
E) осы айтылғанның барлығы
50. Тұздар гидролизі тақырыбын өткенде тұздардың топтарға бөлінуі:

  1. күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздар

  2. күшті қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздар

  3. әлсіз қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздар

  4. әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздар

  1. 1,2 B) 1 C) 2 D)1,2,3,4 E) 2,3

51. Тұздар гидролизі тақырыбын өтуге арналған сабақты бастау қай жағдайда нәтижелі?

  1. бірден теорияны түсіндіруден бастағанда

  2. мұғалім алдымен гидролизденетін тұздарды демонстрациялағанда

  3. оқушыларға NaCI, HCI ,NaOH ерітінділерін таратып беріп, анықтауды ұсыну

  4. Na2CO3 ,KOH, HNO3 ерітінділерін анықтауды ұсынып, натрий карбонаты мен калий гидроксиді индикаторға бірдей реакция беретіндігіне көз жеткізіп, проблема қою.

A) 1,2,3 B) 1 C) 3,4 D) 3 E) 2,3
52. Бір зат артық мөлшерде берілген есепті шығару жолы

  1. есеп шартын, реакция теңдеуін жазу

  2. есеп шартында берілген заттар үшін салыстырмалы молекулалық масса, мольдік масса, масса, көлемді табу

  3. реакцияға түсетін заттардың зат мөлшерін тауып, артық мөлшерде берілген затты табу

  4. жеткіліксіз мөлшерде берілген зат бойынша іздеп отырған заттың массасын, көлемін, мөлшерін анықтау.

  5. есептің жауабын жазу

A) 1,2,3,4 B) 2,3,4,5 C) 1,3,4,5 D) 1,2,3,4,5 E) 1,2,3,5
53. Бейметалдар химиясынан қарастырылатындары

  1. күкірт және оның қосылыстары

  2. азот және оның қосылыстары

  3. фосфор және оның қосылыстары

  4. көміртек және оның қосылыстары

  5. кремний және оның қосылыстары

  6. бор және оның қосылыстары

A) 1,2,3,4,5 B) 2,3,4,5 C) 1,3,4,5 D) 1,2,3,4 E) 1,2,3,5
54. 9 сыныпта қарастырылатын күкірттің химиялық қасиеттері
A) күкірттің бейметалдармен әрекеттесуі
B) күкірттің металдармен әрекеттесуі
C) күкірттің қышқылмен әрекеттесуі
D) күкірттің сілтімен әрекеттесуі
E) осы айтылғанның бәрі
55. Күкірт қышқылы және сульфаттар тақырыбын оқыту мақсаты

  1. күкірт қышқылы қасиетімен, сульфаттар қасиетімен таныстыру

  2. күкірт қышқылын өндірісте алу жолыме таныстыру

  3. күкірт қышқылы құрылысы, диссоциациялануы, концентрациясына байланысты қасиеттерінің ерекшелігімен, сульфат ионға сапалық реакциямен, қолданылуымен, сульфаттарының практикалық маңызымен таныстыру

  4. күкірт қышқылының өзіне тән ерекше қасиеттерімен таныстыру

  1. 1,2 B) 4 C) 3 D) 3,4 E) 5

56. Азот тақырыбын өткенде қарастырылатын сұрақтар, қайсысы артық?
A) азоттың периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама
B) азоттың қасиеттері
C) өндірісте алу әдісі
D) зертханада алу әдісі
E) азот молекуласы құрылысы, қолданылуы
57. Донорлы-акцепторлы байланыстың түзілуі қай тақырыпта қарастырылады?
A) азот
B) аммиак, аммоний тұздары
C) азот оксидтері
D) азот қышқылы, нитраттар
E) қарастырылмайды
58. Фосфор тақырыбын оқытқанда бекітілетін түсініктер

  1. фосфордың аллатропиясы

  2. фосфор атомы құрылысы, валенттілігі

  3. фосфорды алу, қолдану

  4. фосфордың химиялық қасиеті

  5. фосфин, оны алу химиялық қасиеті

A) 1,2,3,4 B) 4 C) 2 D) 3 E) 1,2,3,4,5
59. Мектеп курсында оқытылатын фосфор қышқылының ерекше қасиеті
A) 3Ca + 2H3PO4=2Ca3(PO4)2+3H2
B) 3MgO+2H3PO4=Mg3(PO4)2+3H2O
C) 3NaOH+H3PO4=Na3PO4+3H2O
D) 3Na2S+2H3PO4=2Na3PO4+H2S
E) H3PO4======H4P2O7====2HPO3
-H2O -H2O
60. Сынып сабақ жүйесінің артықшылық жақтары

  1. оқушыларға білім алуға мүмкіндік береді

  2. тікелей сарамандық іске араласуға жағдай туғызады

  3. әдістемелік тұрғыдан әдебиеттерде көбірек талданған

  4. оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады

  5. оқушы білімі сабақ үстінде толық тексеріледі

A) 1,2,3 B) 4 C) 2 D) 3 E) 1,2,3,4,5
61. Сынып сабақ жүйесінің кемшілік жақтары

  1. сабақтың негізгі сипаты біркелкі қайталанып оқушы ынтасы төмендейді

  2. тұтас сабақ жеке сабақтарға майдаланып, арасында мағыналық байланыс әлсірейді

  3. оқушы білімі жеткілікті деңгейде тексерілмейді

  4. оқушылардың өздігінен білім алу қаблеті төмен болады

A) 1,2 B) 4 C) 2 D) 1,2,3,4 E) 1,2,3,4,5
62 Өткен ғасырдың 70 жылдары сынып – сабақ жүйесін дамытуға үлес қосқан мектеп мұғалімі
A) Ю.В.Ходаков
B) Р.Г.Иванова
C) Н.П.Гузик
D) Д.М.Кирюшкин
E) Я.Л.Гольдфарб
63. Н.П.Гузиктің оқу жұмысын ұйымдастыруға ұсынысы
1. оқу материалын біріктіріп беру
2. оқыту деңгейін тиімді анықтау
3. оқу материалын игеру сапасы мен тереңдігін ұдайы бақылау
4. оқи білу тәсілдерін жүйелі үйрету
A) 1,2,3 B) 4 C) 1,2,3,4 D) 3 E) 1,2
64. Н.П.Гузик жеке тақырыптар бойынша келесідей типті сабақтар өткізді
1. дәріс сабақ
2. аралас семинар сабақтар
3. білімді қорытындылау, жүйелеу сабақтар
4. пән аралық қорыту сабағы
5. сарамандық сабақтар
A) 1,2,3,4 B) 4 C) 2 D) 3 E) 1,2,3,4,5
65. Периодтық заң және жүйе...
A) табиғат дамуының жалпы заңдарының бірі
B) орта мектептің химия курсының негізі
C) химиялық элементтер мен олардың қосылыстары туралы білімді бір жүйеге келтіреді
D) химиялық жаңа элементтерді болжауға, синтездеуге жол-жоба көрсетеді
E) A, D, C, D жауаптары дұрыс
66. Периодтық заң мен жүйені өткенде...

  1. химия курсының теориялық деңгейі артады

  2. химия суреттеме ғылымнан теориялық ғылымға айналады

  3. дедукцияның маңызы артады

A) 1,2 B) 2,3 C) 1,2,3 D) 3 E) 1,3
67. Периодтық заң және атом құрылысы туралы оқу материалы негізінде қалыптасатындар:

  1. элементтер және олардың қосылыстарының қасиеті периодты өзгеретіні жайлы

  2. элементтер қасиетінің периодты өзгеру себебі туралы

  3. бейорганикалық және органикалық химияның негізін сапалы түрде меңгеруге мүмкіндік береді

  4. химиялық әрекеттердің жүру заңдылығын терең түсінуге жәрдемдеседі

A) 1,2,3 B) 4 C) 2 D) 3 E) 1,2,3,4
68. Периодтық заң мен жүйе қай сыныпта өтеді. Толық жауабын таңда.
A) тек 8 сыныпта
B) 8 сыныпта, 9 сыныпта қайталауға 1 сағат бөлінеді
C) 8 сыныпта, 9 сыныпта қайталауға уақыт бөлініп, 10 сыныпта толықтырылады
D) тек 9 сыныпта
E) тек 10 сыныпта
69. Периодтық заң мен атом құрылысын қарастырудың бірінші тәсілі неге негізделген

  1. ғылымның даму қисынына

  2. тәжірибелік білімге

  3. периодтық заңның ішкі мәнісіне

A) 1,2 B) 2,3 C) 2 D) 1 E) 1,2,3
70. Периодтық заң мен жүйені оқытудың екінші тәсілі неге негізделген

  1. бірінші тәсілге керісінше алдымен атом құрылысы туралы өтіледі

  2. алдымен периодтық заң қорытылып шығарылады

  3. атом құрылысы мен периодтық заң бір мезгілде өтіледі

A) 1,2 B) 2,3 C) 1 D) 3 E) 1,2,3
71. Периодтық заң мен жүйені оқытудың үшінші тәсілі неге негізделген

  1. ғылымның даму қисынына

  2. алдымен атом құрылысы, соңынан периодтық заң қорытылады

  3. атом құрылысы мен периодтық заң бір мезгілде бір мезгілде өтіледі

A) 1 B) 2 C) 3 D) 1,3 E) 1,2,3
72. Периодтық заң және периодтық жүйе туралы материалды ойдағыдай игеру шарты қайсы артық?
A) атом, элемент, салыстырмалы атомдық масса, жай және күрделі зат, олардың қасиеті, екідайлық ұғымдарын жетік білу
B) бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы білімді тиімді ұйымдастыру
C) оқытудың диалектикалық сипатын қамтамасыз ету
D) оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру
E) зерттеу әдістеріне сүйенбеу
73. Оқушыларды периодтық заң мен жүйені өтуге әзірлеу:

  1. элементтерді жіктеудің Д.И. Менделеевке дейінгі жағдайы туралы мәлімет беру

  2. элементтерді тек металл бейметалл деп жіктеудің жеткіліксіздігі жайлы айту

  3. екідай элементтер жайлы түсінік беру

  4. элементтер қасиетін сипаттағанда генетикалық байланысқа сүйену керектігіне көңіл аудару

  5. элементтердің табиғи топтары жайлы түсінік беру

A) 1,2,3,4 B) 2,3,4,5 C) 1,3,4,5 D) 3 E) 1,2,3,4,5
74. Периодтық заң мен жүйені өтуде оқушылардың өзіндік жұмыстары түрлері
A) элементтер карточкаларын әзірлеу
B) қосымша әдебиеттерді оқуды ұсыну
C) кестелер, сызбанұсқалар сызу
D) тәжірибелер жасау
E) осы айтылғанның барлығы
75. Оқушылар периодтық заң мен жүйені өту барысында карточкамен жұмыс істеу кезінде байқайтыны:

  1. LiNe, NaAr қарай элементтердің атомдық массасының артуына орай оттегі бойынша валенттіліктері өсетінін

  2. сутегі бойынша валенттіліктері кемуін

  3. жай заттар қасиетінің өзгеруі

  4. оксидтері мен гидроксидтері сипатының өзгеруі

A) 1,2,3 B) 4 C) 2 D) 3 E) 1,2,3,4
76. Периодтық заңды өткеннен кейін оқушыларға әлі де түсініксіз болып қалатын сұрақтар:

  1. элементтердің рет саны біртіндеп өскенде не себепті қасиет периодты өзгереді

  2. неге элементтердің салыстырмалы атомдық массасы бөлшек сан болып келеді

  3. атомдық массасы кіші калий неге аргоннан кейін орналасқан

  4. элементтер қасиетіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды қалай түсіндіруге болады

A) 1,2,3 B) 4 C) 1,2,3,4 D) 3,4 E) 1,2,4
77. Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері:

  1. жаратылыстану ғылымдары арасындағы химияның алатын орнын анықтау

  2. пәнаралық байланысты жүзеге асыру

  3. ғылыми-материалистік көзқарас қалыптастыру, табиғатты қорғауға баулу

  4. орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материалын іріктеу, өндірістік материалдарды анықтау

  5. химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, жеке ұғымдарды анықтап, оқылу ретін белгілеу

  6. оқушылардың таным әрекетін жандандыру, білім алудағы белсенділігін арттыру, химия тілін жетік меңгертіп өздігінен білім алуға әзірлеу

A) 1,2,3 B) 4 C) 1,2,3,4 D) 1,2,3,4,5,6 E) 1,2,4
78. Химияны оқыту әдістемесі бойынша ғылыми жұмыста қолданылатын зерттеу әдістері

  1. жалпы педагогикалық

  2. жалпы ғылыми

  3. арнайы (тек химияны оқыту әдістемесіне арналған )

A) 1,2 B) 1,3 C) 2.3 D) 3 E) 1,2,3
79. Жалпы педагогикалық әдістерге жататыны

  1. педагогикалық бақылау

  2. зерттеушінің мұғаліммен оқушымен әңгімесі

  3. сауалнама

  4. теориялық үлгілеу

  5. педагогикалық эксперимент

A) 1,2,3 B) 4 C) 1,2,3,4,5 D) 3,4 E) 1,2,4
80. Бұрынғы Кеңес үкіметінде химияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жұмысы жүргізілген орындар

  1. педагогикалық ғылымдар академиясы

  2. А.И.Герцен атындағы Ленинград педагогикалық институты

  3. В.И.Ленин атындаға Ленинград педагогикалық инситуты

  4. В.М.Ломоносов атындағы МГУ

  1. 1,2 B) 4 C) 1,2,3,4 D) 1,2,3,4,5 E) 1,2,3

81. Химиялық өндіріс орындары жайлы материалдарды іріктеуші әдіскер ғалымдар

  1. С.Г.Шаповаленко

  2. Д.А.Эпштейн

  3. К.Я.Парменов

  4. С.Г.Крапивина

  1. 1,2 B) 4 C) 1,2,3 D) 1,2,4 E) 1,2,4

82. Болашақ химия мұғалімі меңгеруге тиіс негізгі білім, икемділік дағдылар

  1. химияны оқыту міндеті мен мақсатын толық меңгеру

  2. психолого-педагогикалық, саяси қоғамдық, химиялық пәндер жүйесін меңгеру

  3. химияны оқытудың жаңа талапқа сай теориялық негізін меңгеру, оқулық, бағдарлама, оқу құралдарына талдау жасай білу икемділігі

  4. химияны оқытудың әдіс тәсілдерін, жаңашыл әдістерді меңгеріп, іс жүзінде қолдана алу білігі

  5. пән аралық байланысты жүзеге асырып, сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесін меңгеру, техникалық оқу құралдарын қолдана білу

  1. 1,2,3,4,5 B) 4 C) 1,2,3,4 D) 1,2,4,5 E) 1,2,4

83. Химияның білім беру, тәрбие беру, дамыту мүмкіндіктері немен анықталады?

  1. оқыту мақсатымен

  2. оқыту міндетімен

  3. оқыту мазмұны арқылы

  4. химияны оқытудың жалпы білім беретін пәндер арасындағы орнымен

A) 1,2,3 B) 4 C) 1,3,4 D) 1,2,3,4,5 E) 1,2,4
84. Химияны оқытудың қай функциясы бағыттаушы
A) білім беру
B) оқытудың тәрбие беру сипаты
C) білім беру және тәрбиелеу
D) дамыту
E) білім беру, дамыту, тәрбиелеу
85. Химиядан тәжірибе жүргізу, таратпа материалмен жұмыс істеу негізінде дамитын дағдылар
A) байқағыштық
B) ұқыптылық
C) жауапкершілік
D) орнықтылық
E) айтылғанның бәрі
86. Теориялық білім мен символиканы белсенді қолдану кезінде дамиды
A) оқушының ойлау дағдысы
B) қиялдауы
C) зейіні
D) А және В
E) айтылғанның бәрі
88. Қазақстанда химияны оқытуда биологиямен байланыстыра зерттеген ғалым
A) Д.Қоянбаев
B) А.Г.Гатоулин
C) Л.З.Дюсупова
D) И.Нұғыманов
E) С.Мұсабеков
89. Қазақстанда химияны оқытуда физикамен байланыстыра зерттеген ғалым
A) Д.Қоянбаев
B) А.Г.Гатоулин
C) Л.З.Дюсупова
D) И.Нұғыманов
E) С.Мұсабеков
90. Мектептегі химияны оқыту әдістемесі жайлы ғылыми мақалалар қай журнал бетінде көбірек жарық көреді?
A) Химия мектепте
B) Қазақстан мектебі
C) Ұлт тағылымы
D) Ізденіс
E) Қазақстан жоғары мектебі
91. Оқу процесін басқаруға қойылатын талаптар

  1. басқару мақсатын көрсету

  2. басқарылушы процестің бастапқы күйін орнықтыру

  3. процеске әсер ету бағдарламасын құру

  4. басқарылушы процес жайлы ақпарат алуды қамтамасыз ету

  5. басқарылушы процеске түзету енгізуге ықпал етушілерді анықтап іске асыру

  1. 1,2,3 B) 4 C) 1,3,4 D) 1,2,3,4,5 E) 1,2,4

92. Танымдық әдістемелік міндеттерді химияны оқыту процесінде жүзеге асыру барысында орындалатын талаптар

  1. барлық терминдер, түсініктер, химиялық символика бірыңғай мәнді болу керек

  2. білім жүйесін қалыптастыру үшін түсініктер мен химиялық белгілер бір-бірімен тығыз байланыста болу керек

  3. бір құбылысты түсіндіруде қолданылатын білімдер жүйесі шынай немесе алдын-ала эмпирикалық жолмен тексерілуі керек

A) 1,2 B) 2 C) 3 D) 1,2,3 E) 1
93. Танымдық түсіндірушілік міндеттің ерекшеліктері

  1. оны шешу нақты нысандармен байланысты

  2. барлық фактілер бір-бірімен байланысты болу керек

  3. түсіндіруші типті кез-келген міндет оқушыдан оның бойындағы білімін белсендіруді талап етеді.

A) 1,2 B) 1,2,3 C) 3 D) 2,3 E) 1
94. Қазіргі педагогикалық ғылымда оқушылардың оқу танымдық әрекетін басқаруға арналған теориялар:

  1. білімді меңгерудің ассоциативті рефлекторлық концепциясы

  2. ақыл ой әрекетінің біртіндеп қалыптасу теориясы

  3. оқытуды алгоритмдеу

  4. проблемалық оқыту

A) 1,2,3 B) 2 C) 1,3 D) 1,2 E) 1
95. Білімді меңгерудің ассоциативті рефлекторлық концепциясының негізін салушылар
A) П.Я.Гальперин, Н.Ф.Галызина
B)Ю.В.Самарина, Д.Н.Богоявленский, Н.А.Меншинский
C) И.И.Тихонов, Т.А.Ильина, А.Лернер, В.П.Бесполько
D) Ю.К.Бабанский, И.Ф.Харламов
E) И.К.Журавлев, Н.К.Гончаров
96. Ақыл-ой әрекетінің біртіндеп қалыптасу теориясының негізін салушылар
A) П.Я.Гальперин, Н.Ф.Галызина
B)Ю.В.Самарина, Д.Н.Богоявленский, Н.А.Меншинский
C) И.И.Тихонов, Т.А.Ильина, А.Лернер, В.П.Бесполько
D) Ю.К.Бабанский, И.Ф.Харламов
E) И.К.Журавлев, Н.К.Гончаров
97. Оқытуды алгоритмдеу теориясы
A) П.Я.Гальперин, Н.Ф.Галызина
B)Ю.В.Самарина, Д.Н.Богоявленский, Н.А.Меншинский
C) И.И.Тихонов, Т.А.Ильина, А.Лернер, В.П.Бесполько
D) Ю.К.Бабанский, И.Ф.Харламов
E) И.К.Журавлев, Н.К.Гончаров
98. Химияның оқу пәні мен химия ғылымына тән ортақ белгілер, қайсысы артық?
A) ғылымда оқу пәні де табиғат, жасанды және идеалды химиялық нысандар жайлы дамытушы, қайшылықсыз білімдер жүйесінен олардың арасындағы байланыстан тұрады
B) ғылым да оқу пәні де бірдей білім көзінен құралған
C) ғылым мен оқу пәнінде, біркелкі халықаралық символика, номенклатура, физикалық шамалар қолданылады
D) ғылымда да оқу пәнінде де танымның бірдей әдістері қолданылады
E) ғылым мен оқу пәнінің қолданатын танымдық әдістері әр түрлі
99. Химия ғылымы мен химия оқу пәнінің арасындағы айырмашылықтар

  1. мазмұн бағыты мен мақсаты жағынан

  2. ақпарат көлемі, әр түрлі білім көзінің құрамы бойынша

  3. білім логикасы, құрылымы, мазмұн түрі

  4. таным әдістерін қолдану ерекшелігі

  5. білімді сипаттау деңгейі бойынша

A) 1,2 B) 1,2,3,4,5 C) 1,3 D) 1,2,3 E) 1
100. Мектептің химия курсы неге бағытталған?
A) оқушының дара тұлғасын қалыптастыруға
B) химиялық білім, тәрбие беріп, дамытуға
C) қоршаған ортаны өзгертуге
D) танымдық мақсат, нысанды түсіндіру, гностикалық, сарамандық міндеттерді шешу
E) А, В жауаптары дұрыс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


«Бекітілді»
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
Әдістемелік кеңесімен ______ Ғ.З.Әділғазинов
«____»___ ________ 2013 ж.

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Химияны оқыту әдістемесі
(пәннің атауы)

мамандық бойынша (МББС) 5В011200 Химия


(шифр, атауы)
3 кредит (135 сағат)
(оқу сағатының/кредит көлемі)
Өскемен, 2013 жыл
Оқу бағдарламасын құрастырған
П.ғ.к., доцент Тантыбаева Батима Сматаевна
( Құрастырушының Т.А.Ә., қызметі, ғылыми дәрежесі және атағы)


Химия кафедрасының отырысында талқыланып, қарастырылды

«___»_____________200_ж. Хаттама №____


Кафедра меңгерушісі м.а.__п.ғ.к. Шаихова Б.Қ.

___ Экология және ЖҒ факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды


«___»_____________200_ж. Хаттама №____


Факультеттің әдістемелік кеңесінің төрағасы Оразова С.С._________
Экология және Ж.Ғ. факультетінің кеңесімен мақұлданды
«___»_____________200_ж. Хаттама №____
Факультет кеңесінің төрағасы Садықанова Г.Г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет