I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет61/87
Дата07.02.2022
өлшемі2,94 Mb.
#88405
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   87
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық-1
Талдаудың кинетикалық әдістерінің жіктелуі, Талдаудың кинетикалық әдістерінің жіктелуі
Өнеркәсіпте алынуы: AI- ді оксидінің балқымасынан электр тоғымен ыдыратып алады: 2AI2O3 → 4AI + 3O2 – 3352 кдж
Қолданылуы: AI- дің физикалық және химиялық қасиеттері оны осы заманғы техникада кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Таза күйінде осы электротехникада пайдаланады. AI- дің электроөткізгіщтігі мысқа қарағанда төмендеу, бірақ ол мыстан 3 есе жеңіл. Сондықтан электр кедергісі мысқа пара – пар болатындай AI- дің массасы одан 2 есе аз болады.
Сабақты бекіту ( 7-8 минут ).Ал енді бүгінгі өткен тақырыпты қалаай меңгергендеріңді тексерейік, ол үшін біраз тапсырмалар орындайық.

  1. Периодтық жүйедегі орнына сай алюминийге сипаттама бер.

  2. Физикалық және химиялық қасиеттерін сипатта.

2AI + 6H2O → 2AI(OH)3 + 3H2
2AI2O3 → 4AI + 3O2

  1. Енді химия дәптерін ашып ондағы алгоритмге сүйеніп №8 есепті шығарайық.

Есеп №8 Массасы 2,7 г. алюминий 1,96 г күкірт қышқылымын әрекеттескенде қанша көлем сутегі бөлінеді.
Берілгені:
Шешуі: реакция теңдеуін жазу: Al + H2SO4 =
m= ν· м алюминий мен күкірт қышқылының массасын табамыз:
m(Al) =
m (H2SO4) =
Мына формуланы пайдаланып V=ν∙Vm сутегінің көлемін табамыз:
V(H2) =
Жауабы:
Қорытындылау.
Сонымен, қорытындылайтын болсақ, бүгін біздің тақырыптан, Алюминий – 3 периодтың 3 тобының элементі. Реттік номері – 13, ядросында 13 протон мен 14 нейтрон бар. Алюминий – күміс түстес ақ металл. Ол сутектік қатарда сутегіге дейін орналасқан белсенді металл. Оның кристалдық торы көлемді орталықтанған куб. Сондықтан ол жеңіл, өте иілімді және жұмсақ. Электр және жылуөткізгіштігі өте жоғары. Алюминий оксиді мен гидроксиді екідайлы. Суда ерімейді. Қыздырғанда алюминий гидроксиді суда ериді.
Үй тапсырмасын беру : қайталау $38, 39 жұмыс дәптеріндегі №9-10 есептер.


1.2 Сабақтың тақырыбы: «Темір, атом құрылысы, қасиеттері»
Сабақтың мақсаты: Темір, атом құрылысы,қасиеттері тақырыбы бойынша білім негізін оқушылардың бойында бұрыннан қалыптасқан білім қорына сүйене отырып қалыптастыру.
Оқушыларды өзбетімен жұмыс істей білуге, алдыңғы базалық білімдерін жаңа материалды қабылдауда, тақырыптар арасындағы логикалық байланысты көре білуге дағдыландыру.
Еркін жұмыс істей білуге, өз пікірі мен өзгенің пікірін сыйлауға, жұппен, топпен жұмыс жасауға икемделуге тәрбиелеу.
Сабақтың ұраны: «Теория негізі тек біліммен қабысқанда бір тұтас күйге айналып, ғылыми білімге ұласады» (А. М. Бутлеров).
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, темір түйірлері, тотықтырғыш емес қышқылдар, темірдің (ІІ) және (ІІІ) валентті тұздары.
Оқушыларды сабаққа ұйымдастырған соң оқытушы сабақты бастайды. Дамыта оқыту әдістемесі бойынша сабақ үш кезеңнен тұрады.

14-кесте Сабақтың кезеңдері



Сабақтың үш кезеңіндегі орындалатын жұмыстар
Бағдарлаушы-түрткілік

1 кезең

Операциялық-орындаушы-лық 2 кезең

Рефлексив-ті
бағалау шы 3
кезең

Сабақтың мақсатын қоюға бағдарлау (үй тапсырмасын тексеру)
1.Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны.
2.Атомдар-дың электрондық қабықшала-рының құрылысы.
3. Атомдар-дың кейбір қасиеттері.
(8 сынып материалын еске түсіру)
4.Темірдің химиялық қасиетін өздерің білетін білімге сүйене отырып болжаңдар
5.Металдарды алудың жалпы әдістері тақырыбы негізінде темірді қалай алуға болатынын болжаңдар.
6. Темірді қолдану неге негізделген.

Сабақтың мақсатын қою (оқу міндеті).
Химиялық элементтер-дің периодтық жүйедегі орны бойынша темір атомы құрылысына электрондық қабатының құрылысына Атомдардының тотықтырғыштық, тотықсыздандырғыштық қасиетіне, оқулықта берілген кесте бойынша физикалық, химиялық қасиетіне болжам жасау.

Мақсатты іске асыру жолындағы жоспарлау.
1.Элемент қасиеті атом радиусы мен зарядына байланысты
2.Темірдің атомының электрондық формуласын еске түсір.
3.Темір атомына қандай тотығу дәрежесі сәйкес келеді.
4.Темір атомының тотықсыздан-дырғыш қасиетін бағалаңыз.
5.Темірдің физика-химиялық қасиеттерін
бағалау. Темірді алу әдістерін сипаттап, қолданылатын жерлерін көрсету.

Сабақ мақсатын іске асыру жағынан әрекет. Оқушылар периодтық жүйені, анықтамалық кестелерді, оқулық материалын қолданып алға қойылған мақсатты іске асырады. Оқулықта берілген сызбанұсқа-лар мен кестелер оқушылардың білімді өткен білімдеріне сүйеніп, өз білімдеріне сынай қарап алуына мүмкіндік береді.

Білім мен әрекет әдісін стандартты емес жағдайға көшіру.
Бұл кезеңде оқушылар теориялық білімді зертхана-лық жұмыспен бекітеді, жаттығулар орындайды,берілген есептеу есептерін шығарып үлестірме материал тапсырма-ларына жауап береді.



Оқушылардың сабақ үстіндегі жұмысын ұйымдастыру үшін оқытушы төмендегідей нұсқау – сұрақтар әзірлеп таратпа материал ретінде таратып береді. Ол тапсырмалар оқушы үшін бағдарша ретінде қызмет атқарады. Оқушылар алдымен жұппен содан кейін 4 баладан құрылған топпен жұмыс жүргізеді.
Оқытушы сабақтың әр кезеңі өткен сайын оқушылардың бірін бірі бақылау мен білімді бағалауын қалай өткізіп жатқанын қадағалайды.

15- кесте Элементтер қасиетінің атом радиусы мен зараядының шамасына қатыстылығы:

Элемент

Fe

Co

Ni

R (нм* 102)

1,26

1,26

1,24




  1. Атомдардың сыртқы қабатының электрондық формуласы қалай жазылатынын еске түсіріңдер. Ғе …3d64s2

  2. Не себепті темірдің жоғары тотығу дәрежесі топ санына сәйкес келмейді?

  3. Тотықсыздандырғыш – электронды беруші атом, тотықтырғыш электронды қабылдаушы атом.

  4. Атомдар қасиеті. Есіңде болсын! “…кез келген заттың молекуласындағы байланыс типін біле отырып оның құрылымы мен қасиетін түсіндіруге болады” (Л. Полинг, 1939).

  5. Темірдің химиялық қасиеті. Есіңде болсын! Металдардың өздеріне тән жалпы қасиеттері бар: олар оттегімен, бейметалдармен, сумен, қышқылдармен, тұздармен әрекеттеседі.

Тапсырма. Реакция теңдеуін құрыңдар:

7.Темірдің халық шаруашылығында, техникада қолданылуы.
Оқушылардың білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары.
Нұсқа № 1
1. Темір атомының ең жоғары тотығу дәрежесі:
А. +8 В. +6 С. +5 D. +3 Е. +2
2.Темірді өндірісте алу әдісі:
1. Темір оксидінен темірді көміртегімен тотықсыздандыру арқылы;

  1. Темір оксидінен темірді сутегімен жоғары температурада тотықсыздандыру арқылы;

  2. Алюмотермиялық әдіспен;

  3. Темір тұздарының сулы ерітіндісін электролиздеу арқылы;

  4. Темір табиғатта саф түрінде кездеседі;

А. 1,2,4,5 В. 2,3,4,5 С. 1,2,3,4 Д. 3,4,5 Е. 1,2,3,5
3. Темірдің маңызды қосылыстарының аты мен формуласын сәйкестендір:
1. Магнетит А. Ғе2О3
2. Гематит В. Ғе3О4
3. Лимонит С. ҒеS2
4. Пирит Д. Ғе2О3* nH2O
4. Темірдің химиялық қасиетіне мысыл келтір…
5. Темірдің концентрлі күкірт және азот қышқылдарына қатынасы:
А. Кәдімгі температурада шабыт әрекеттеседі. В. Тек азот қышқылымен әрекеттеседі. С. Тек концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттеседі. Д. Екеуімен де суықта әрекеттеседі. Е. Екеуімен де тек қыздырғанда әрекеттеседі.
16-кесте Қосымша ақпарат.




Fe

Co

Ni

Иондану потенциалы

7,87

7,86

7,63

Түсі

Күміс тәрізді

Сұр түсті

Ақ күміс тәрізді

Жерде кездесуі

5,10 пайыз

3*10-3

8*10-2

Тығыздығы

7,86

8,83

8,90

Балқу температурасы

1539

1495

1455

Қайнау температурасы

2887

2277

2840

Электрондардың кванттық қабаттарда орналасуы

2е,8е,8е,6е,2е

2е,8е,8е,7е,2е

2е,8е,8е,8е,2е

Сабақ соңында оқушылардың білімі тест арқылы тексеріледі. Тест тапсырмалары бірнеше нұсқада беріледі. Сонда оқушылардың өз бетімен жұмыс істеп бір-бірін тексеруіне толық мүмкіндік туады. Бір нұсқаны орындап болған соң оқушылар тапсырмаларын алмастырады. Сабақ соңында оқушылар бағасы білім бақылау парағына қойылады. Ондағы бағалар оқушылардың бірін бірі тексеруі нәтижесінде алынады. Соңғы нақты баға оқытушы бағасымен сәйкестендіріліп қойылады.


Сыныптағы 28 оқушыны осылайша төрт баладан 7 топқа біріктірдік. Әр топтың өзінің жетекшісі бар және бағалары әр топтың жеке білім бақылау парағына қойылды. Білім бақылау парақтары мен оқушының өздік бағасының оқытушы бағасымен сәйкестілігі салыстырылды. Сонда артық қойылған өздік баға болған жоқ, 6 оқушының бағасы мұғалім бағасымен салыстырғанда кем болды, ал қалған 21 оқушы бағасы мұғалім бағасымен адекватты болды.

17-кесте № 1 топтың өздік білім бағалау парағы





Оқушының аты жөні

1 нұсқа

2 нұсқа

3 нұсқа

4 нұсқа

Ануарбекова Әйгерім

3

3

4

4

Кайнулдина Райхан

3

4

3

4

Қасенов Еркін



4

4

5



5



Уалханов
Азамат

4

4

5

4

18-кесте Оқушының өздік бағасымен мұғалім бағасының сәйкестігі





Оқушы аты-жөні

Оқушы-ның өздік бағасы

Мұға-лім ба-ғасы

Артық қойылған өздік баға

Кем қойылған
өздік баға

Адекват-ты баға

11

Ануарбекова Айгерім

3

3







3

12

Қайнулдина Райхан

3

4




3




13

Қасенов Еркін

4

4







4

14

Уалханов Азамат

4

4







4





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет