I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет108/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1. Улы балықтан ас дайындайтын ел 
A) 
Түркия 
B) Ресей 
C) Корей 
D) Жапония 
E) Қытай 
2. Мәтін мазмұнындағы ой реттілігі 
1. Балықтардың ауруды сезіне алуы 
2. Балықтардың пайда болуы 
3. Қауіпті балықтан дайындалатын тағам 
4. Өте баяу жүзетін балық 
A) 
3,1,4,2 
B) 4, 2,3,1 
C) 2,1,4,3 
D) 1,3,4,2 
E) 3,4,1,2 
3. Шапшаң жүзетін балық түрі 
A) 
қылышбалық 
B) кит 
C) фугу балығы 
D) улы балық 
E) атбалық 
4. Мәтіннің екінші азатжолындағы негізгі ой 
A) 
Балықтың түрлері туралы 
B) Қылышбалық ерекшелігі туралы 
C) Теңіз атбалықтары туралы 
D) Мариана шұңғымасы туралы 
E) Үлкен балық-кит акуласы туралы 
110


5.3-мәтін 
Жүрегіңнің отын сөндірме 
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі - достық. Достық адамдардың, ең алдымен, бір-
біріне сенуінен бастапады. Ол артқан сайын, достық та нығая түседі. Ал бір-біріне 
сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық - бірде 
бар, бірде жоқ. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп
досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. 
Сенім мен жарқын көңіл достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос 
бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз 
сезінбейді. Халықта «Алтын берген - дос емес, ақыл берген - дос» деген мақал бар. 
Достық - бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. 
Бір жігіт көршісіне өзін жақында ренжіткен досын жамандай бастайды. Көршісі ол 
жігітті тыныштандырып, досын кешіруін өтінеді. 
Сонда ол ашуланып: 
-Мен неге өзімді ренжіткен адамды кешіруім керек, неге мен өзімді сатып кеткен 
адамның алдында кешірім сұрауым керек? - дейді.Тыңдап тұрған көршісі оған бір 
аңызды баяндап береді. 
Ертеде бір адам өмір сүріпті. Ол Табиғат-Анадан шам жақпас үшін ешқашан 
түннің болмауын, пеш жақпас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды. Бірақ 
Табиғат-Ана ол адамның өтінішін орындай алмайтындығын жеткізеді. Қатты 
ренжіген ол адам оған былай дейді: Ендеше, мен саған жарық беру үшін ешқашан 
шам жақпаймын, саған жылу беру үшін пешті жылытпаймын, үйдің есігін де 
жаппаймын, - дейді. Осы айтылғандарды естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне: 
«Бұл неткен ақылсыз адам, бұл өзінің жаққан шамымен табиғатқа жарық беремін, 
өзінің жаққан отымен табиғатты жылытамын деп ойлайды екен ғой» - дейді. 
Сонда көршісі: 
-Сен де өзіңе соны істеп тұрсың. Сен де өзіңнің жүрегіңнің отын жақпай тұрсың. 
Саған өзгелердің жарық түсіргенін, өзгелердің келіп жылытқанын күтпей, өз 
жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң, мүмкін, 
өзгелер де өз жолын табуға ұмтылар, — деген екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет