I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Үркердің жерге кіруімен байланысты ай



Pdf көрінісі
бет110/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1. Үркердің жерге кіруімен байланысты ай 
A) 
наурыз 
B) қыркүйек 
C) тамыз 
D) шілде 
E) мамыр 
112


2. Халықтың «Құс қанаты» күнін асыға күту себебі 
A) 
қыстың соңғы қары жауатын күні 
B) жаздың жайлы болуын анықтайтын күн 
C) қардың кететінін анықтайтын кез 
D) жауын-шашын мөлшерін анықтаған 
E) малды көктеуге шығаруға ыңғайлы күн 
3. Сәуірде күн суытып, жаңбырлатып өтетін кезең атауы 
A) 
«Құралайдың суығы» 
B) «Қыдыр қамшысы» 
C) «Қызыл жұмыртқа» 
D) «Тобылғы жарған» 
E) «Құс қанаты» 
4. «Қызыл жұмыртқа салқыны» атауының шығу себебі 
A) 
құралайдың баласын ертіп шығуы 
B) жауынның жиі жаууы 
C) құстардың жаппай балапан шығаруы 
D) құстардың жылы жақтан ұшып келуі 
E) адал құстардың ұя салуы 
5. Жұлдызшылардың жел бағытын, жылдамдығын анықтау тәсілі 
A) 
құстардың ұшуына қарау арқылы 
B) күлді ұшыру арқылы 
C) желдің ызғарына қарау арқылы 
D) күні-түні бақылау арқылы 
E) судың ағысына қарау арқылы 
6. Сәуірде болатын суықпен байланыстырылатын өсімдік 
A) 
арша 
B) қарағай 
C) тобылғы 
D) қайың 
E) үйеңкі 
7. Жұлдызшылар болжам үшін ерекше көңіл бөлген ай 
A) 
наурыз 
B) сүмбіле 
C) ақырап 
D) шілде 
E) сәуір 
8. «Тобылғы жарған» суығының өтетін күндері 
A) 
сәуірдің 14 күні 
B) сәуірдің 17-19 күндері 
C) сәуірдің 25-27 күндері 
D) мамырдың 8-9 күндері 
E) наурыз айының басы 
5.5-мәтін 
Бөлтірік шешен мен баласы 
Бөлтіріктің баласы ел ішінің ісіне жаңадан араласа бастаған шағы екен. Бір жиын 
үстінде қызу әңгіме-дүкен болады. Кісілер сұлу сөйлеп, тапқыр сөйлеп, алға 
озғысы келіп сөз жарыстырып отырады. Жиналғандардың ішінде бір байдың 
мырзасы да бар екен. Өзі малға бай болғанымен, сөзге кедей екен, мінезі де 
жайсыз болса керек. Сол реті келген жерде де, реті келмеген жерде де сөзге 
жармасып, елдің алдын орай береді. Сөздің мәні кеткен соң, Бөлтіріктің баласы сөз 
кезегінде: 
-Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін, - деп өзінің сөзге қатысқысы жоқ 
екенін тұспалдап білдіреді. Бай баласының аузы шынында да, аздап қисық екен. 
Әлгі сөзге намыстанып, бай баласы ашу шақырады. Жиынның шырқы бұзылады. 
Болған жай Бөлтірікке жетеді. Баласының бір ауыз сөзі біреудің жиынының 
шырқын бұзуға себепші болғанына шешен қатты қапа болады. Баласын оңаша 
шақырып алып, Бөлтірік: 
-Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. 
Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, 
ақылдыға айт. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде 
113


сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл. Оны 
білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады, әкең қапа болады, - деп ақыл 
беріпті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет