I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


 Малшылардың қоңырау аспабын қолдану мақсаты



Pdf көрінісі
бет118/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1. Малшылардың қоңырау аспабын қолдану мақсаты 
A) 
малдың қауіпсіздігін ойлау 
B) көңілді әуенді тыңдау 
C) баланың көңілін аулау 
D) уақыттың мөлшерін анықтау 
E) малдың иесін таныту 
2. Қоңырау аспабы жасалатын металдарға тән қасиет 
A) 
Дыбысының сыңғырлап шығуы 
B) Жұмсақ металл түрше жатуы 
C) Іші қуыс болып жасалуы 
D) Балғамен ұру арқылы дыбысталуы 
E) Шар тәріздес болып келуі 
5.12-мәтін 
Адам баласының тіршілік-қарекетінде алуан түрлі қажетіне жарайтын ағаш 
түрлері көп. 
Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Португалия жерінде өсетін «тығындық 
емен» деп аталатын ағаштың қабығынан маркалы шараптардың тығындары, суға 
батырмайтын белдік, қалқыма, линолеум секілді алуан түрлі керек-жарақтар 
шығарылады. 
Емен қабығы суды, газды, жылуды, электр тоғын, дыбысты өткізбейді, химиялық 
әсерді қабылдамайды, тіпті күкірт қышқылының да әсеріне шыдайды. Осы себепті 
де ол тамақ өнімдерінің иісіне де, дәміне де ешқандай әсер етпейді. «Тығындық 
еменнің» қабығы әдетте он бес-жиырма жыл өсіп тұрған ағаштардан алына 
бастайды да, он жылда бір рет сыдырылып отырады. Тағы бір ерекшелігі ағаш 
өскен сайын қабықтың сапасы да жақсара түседі. 
121


1. «Тығындық емен» қабығының тамақ иісіне, дәміне әсер етпеу себебі 
A) 
жыл сайын сыдырылып тұрғандықтан 
B) тек ыстық жерлерде өскендіктен 
C) барлық иісті өзіне сіңіргендіктен 
D) химиялық әсерді қабылдамағандықтан 
E) отқа лапылдап жанғандықтан 
2. Тығындық емен қабығының сапасы жақсара түседі 
A) 
ағашты суарған сайын 
B) ағашты жиі суарған сайын 
C) жапырақтары көп болған сайын 
D) ағаш өскен сайын 
E) ауа райы ыстық болған сайын 
5.13-мәтін 
Әлем кітапханалары 
Стокгольм кітапханасы швед сәулетшісі Гуннар Асплундтың басшылығымен 
тұрғызылған. Оның құрылыс жұмыстары 1924 жылы басталған екен. Құрылыс 
төрт жылдың ішінде аяқталып, яғни 1928 жылы кітапхана пайдалануға беріледі. 
Ескере кететін жәйт, бұл кітап оқуға құштар кез келген адамды қабылдайтын 
тұңғыш шведтік кітапхана болып табылады. 
Копенгагендегі Корольдік кітапхана Данияның ұлттық кітапханасы болып 
табылады. Бұл кітапхананың қоймасында тарихи әрі құнды басылымдардың үлкен 
мөлшердегі қоры сақталған. Корольдік кітапханада XVII ғасырдан бері Данияда 
басылып келе жатқан кітаптардың түгел нұсқалары бар. Сонымен қатар мұнда 
1482 жылы Данияда басылған тұңғыш кітап сақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет