I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет113/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1. Еділ қағанның жерленген жері 
A) 
447 жылы Фракия қаласы 
B) 453 жылы Тисса өзенінің маңы 
C) 434 жылы Ғұн империясы 
D) 452 жылы Италия елі 
E) 451 жылы Галлия қапасы 
115


2. Атилланың тарихта бұрын болмаған шайқасы, ұлы дәуір оқиғасы 
A) 
Каталаун 
B) Иллирия 
C) Фракия 
D) Тисса 
E) Ругила 
3. Берілген тұжырымдардың дұрысы 
1. Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопил мен Константинопольге дейін 
жетеді. 
2. Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы аумағын кеңейтіп, көркейе түскен. 
3. Атилланың тұсында Ғұн империясы өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. 
A) 
бірінші, екіншісі 
B) екінші, үшіншісі 
C) барлығы дұрыс 
D) тек үшіншісі 
E) үшінші, біріншісі 
4. Скандинавия тарихында Аттила есімі 
A) 
Еділ 
B) Атыл 
C) Этцель 
D) Македонский 
E) Скиф 
5. 452 жылы Атилланың мейірімі түскен қала 
A) 
Падуя 
B) Милан 
C) Каталаун 
D) Рим 
E) Галлия 
6. Мәтін мазмұнының реттілігі 
1. Аттиланың өлімінен кейін ғұн тайпалар одағы ыдырап, тарап кетті. 
2. Аттила 10 жылдай немере ағасы Бледамен бірге билік етеді. 
3. Аттиланың тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. 
4. Ғұн империясының әміршісі, шамамен 400 - 453 жылдары өмір сүрген. 
A) 
3,1,4,2 
B) 4,2,1,3 
C) 4,2,3,1 
D) 2,3,4,1 
E) 2,1,3,4 
5.8-мәтін 
Тоғызқұмалақ 
Өте қызық әрі терең ойлауды талап ететін, халқымыздың даналығын көрсететін 
ұлттық ойындардың бірі - тоғызқұмалақ. Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан 
тоғызқұмалақ ойыны қазір кең тарап, дамып, жетіліп келеді. Көшпелі халықтың 
өмірінде бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығаруы осы тоғызқұмалақ ойыны 
арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын «малшы математикасы» деп 
аталған. Шындығында, бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы 
«қазан» мен «отаудың» орнын жерді шұқып ойып қойып, дорбаларында жүрген 
қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз-тоғыздан бөліп салып, бірден ойнай 
беретін болған. 
Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны әзірге белгісіз. Ал, 
негізінде, Қазақстан жеріндегі жартастардың немесе төбенің үстіндегі тегіс тастың 
бетіне ойып салған тоғызқұмалақ тақтасы бейнесінің қазірге дейін сақталуы бұл 
ойынды халқымыздың көне заманда-ақ ойнағанын аңғартады. Мәселен, Қаратау 
қаласына таяу жердегі Ақшұңқыр деген тастөбенің үстіне тоғызқұмалақтың 
отаулары мен қазандары қашап ойылған. Бұл тақтаны қай кезде кім ойып 
жасағаны әлі белгісіз. Ал жасау мақсаты, әрине, белгілі. Өйткені малшылар 
Ақшұңқыр тас жотасынан төңіректегі малды қарай отырып, төбенің үстінде 
тоғызқұмалақ ойнаған. Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы Тарбағатай тауының 
Сайқан жоталарындағы және Қоржынбай жайлауының етегіндегі жартастарға 
ойып салынғаны белгілі болып отыр. 
Осындай тарихи деректерге сүйеніп, тоғызқұмалақты көшпелі қазақ халқының 
өмірімен бірге жасасқан ұлттық ойындарының бірі деп толық айтуға болады. 
Ойын ойлауды ұштайды, есте сақтау қабілетін, математикалық ойлауды 
116


дамытады. Ойынның көптеген тәсілдері бар. Ол ойыншыдан аса төзімділікті, 
қорғану тактикасын шабуыл жасау әрекеттерімен шебер ұштастырып отыруды 
талап етеді. Тоғызқұмалақ ойыны, әсіресе, соғыстан кейінгі жылдары кеңінен дами 
бастады. Әлемдік өркениеттің дамуына үлес қосып, ғажайып құндылықтармен 
бірге қаншама туындыларды дүниеге әкелген түркі халықтары адамзаттық 
дамудың көшінен кеш қалып көрген емес. Сондай- ақ адамзаттың ақыл-ойының 
жемісі болып табылатын зияткерлік ойындарды ойлап тауып, болашақ ұрпағын 
ержүректілік, отансүйгіштік сияқты қасиеттермен бірге зиялылыққа, шебер ойлау 
мен шыдамдылыққа тәрбиелеп баулып отырды. Түркілердің дене тәрбиесі мен 
ақыл-ой ойындарына қатты мән беріп, дамытып отырғаны жөнінде ақпарат 
М.Қашқаридің «Түбі бір түркі тілі» атты еңбегінде де кездеседі. 
Тоғызқұмалақ ойынында қандай бағыт таңдау да, болашақ жеңіс үшін нақты 
жоспар кұру да отауларда орналасқан құмалақтар арқыды шешіледі. Ал 
құмалақтарды отауларда өз қалауыңызша орналастыру үшін қай отаудан бастап 
жүру немесе қарсы отаудан жауап беру, қай отауда құмалақтарды көп ұстамау 
және ойында маңызды боп есептелетін тұздыққа ие болу үшін, қай отауды таңдау 
мұның барлығы отаулар жөніндегі толық түсінігіңізге тікелей байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет