I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Қорқыттың ерекше жан екенінің дәлелі



Pdf көрінісі
бет79/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Қорқыттың ерекше жан екенінің дәлелі 
A)Күйшілік өнері 
B)Дүниеге келу тарихы 
C)Қобыз жасауы 
D)Ел кезіп кетуі 
E)Қалған мұрасы 
2.Қорқыттың «Өмір тек өнерде» деген ойы айтылмайтын аңыз 
A)Бірінші 
B)Үшінші 
C)Екінші 
D)Бірінші, үшінші 
E)Төртінші 
3.Мәтін бойынша Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін не растайды? 
A)Шығарған жырлары 
B)Қорқыт ата кітабы 
C)Қобызды жасауы 
D)Кесенесі 
E)Бізге жеткен күйлері 
4.Қорқыттың көлігі 
A)Кілем 
B)Пырақ 
C)Түйе 
D)Қазанат 
E)Тұлпар 
5.Аңызда Қорқыт ата қалай суреттелген? 
A)Әділ төрелік айтушы қарт. 
B)Күміс көмей, жез таңдай әнші. 
C)Халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші. 
D)Жырау, жаһангер кейіпкер. 
E)Халқына мұра етер ұлттық аспап әзірлеуші. 
6.Мәтіннің екінші бөліміне сай тұжырым 
A)Өлмеудің амалын өнерден табу. 
B)Өлмейтін нәрсе – игілікті іс. 
C)Ел-жұртты аузына қарату. 
D)Мәңгі өмір – Жерұйықта. 
E)Өнерін жұртшылыққа үлгі ету. 
7.Қазақ аңызындағы Қорқыт ата бейнесі 
A)Ғылым іздеп, әлем шарлаған бақсы. 
B)Жерұйықты іздеп тапқан күйші. 
C)Мәңгілік өмірдің сырын тапқан адам. 
D)Әлемді тануға күш қосқан аңыз адам. 
E)Ажалмен айқасқан алып рухани тұлға. 
8.Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келуінен халықтың өлімге 
деген философиялық көзқарасы 
A)Өлімнен ұят күшті. 
B)Батырды намыс өлтіреді. 
78


C)Қорқыт мың өледі. 
D)Өлген келмес, төгілген толмас. 
E)Ажал айтып келмейді. 
 
4.8-мәтін 
I.Алматы апортының тарихы адамның басын айналдырғандай еді. Ол – араға 
миллиондаған жылдар салып, атамекеніне қайта оралған алма ағашының жемісі. 
Жер шарын шыр айналып шыққан алма ағашы ақырында өз топырағын, 
Алматының айналасын, қайта тапты. 
II.1913 жылы Мәскеуде тарихтың төрінен орын алған ұмытылмас оқиға болды. 
Патшалық Ресей тарихында ең соңғы үлкен той болып өтті. Романовтар әулетінің 
тұғырдан таймай таққа отырғанына 300 жыл толған. Үш ғасырлық осы торқалы 
тойда қазақтардың төбесі көкке бір елі жетпей қалды. 
Әлемдегі ең үлкен империяны ғасырлар бойы уысында ұстап келген Романовтар 
әулеті ол кезде барлық құрметке лайықты еді. Патша ағзам өткізген ұлан-асыр 
тойда жан-жақтан Мәскеуге келген сый-сияпатта шек болмады. Алайда қазақ 
топырағынан барған тартудың орны бөлек болды. Ол кәдімгі алма болатын. Алма 
болғанда қандай! Атты кісі аттан түсіп, жаяу кісі жатып қарайтындай еді! Алматы 
апортының даңқы осы сәтте бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп өтті. Тойға қазақ жерінен 
30-дан астам адам барған болатын. 
III.– Біздің қазақтың Үш жүзінен барған ақсақалдар патша тойына Алматының 
апортын алып барған. Оның әрқайсысының салмағы 1 килограмм 200 грамм – 1 
килограмм 300 грамнан шыққан еді. Тойға жиналған қауым сол жерде өлшеп 
көріп, Алматының алмасына таң қалады. Небары 300 граммның айналасындағы 
өздерінің «Антоновка» сияқты алмаларын ғана көріп жүрген жұрттың риза 
болғаны соншалық – «Мұны біздің патшамыздың құрметіне «Александра» деп 
атайық», – дейді сол жерде. Сөйтіп, біздің Алматының апорты осындай атауға ие 
болып шыға келді. 
– Негізі, апорт алмалар Қырғызстанда да бар, біздің елімізде де бар, басқа жерде де 
болуы мүмкін, бірақ нағыз апорт, өзінің топырағын тапқан апорт – Алматының 
апорты, дейді ғалым-биолог Құнанбай Ысмағұлов. 
IV.Әр нәрсенің өз Отаны болады. Бұл орайда біздің қазақ мақтана алады, әлем 
ғалымдарының айтуынша, есте жоқ замандардан бері жасап келе жатқан алма 
ағашы басқа жерлерге о баста қазақ жерінен барған. Оның мұнда, біздің аймақта, 
өсе бастағанына 50 миллион жыл болды. Оны ғалымдарымыздың өздері айтып 
отыр. 
V.Ұлттық ғылым академиясының академигі, биолог-ғалым Аймақ Жанғалиев 
біздің ғалымдарымыздың қол жеткізген жетістіктері жайында: 
– Біздегі жабайы алмалар осыдан 50 миллион жылдай бұрын да өскен, жер жүзіне 
осы өңірден тараған. Жабайы алманы ешкім қолдап, қорғап отырмайды, ол өзі 
дарвинизмнің эволюциялық даму заңдылығындағыдай, өзін-өзі сақтап, табиғи 
сұрыпталып, дамып жетіліп, таралып отырған. Мұны біздің зертханада Ботаника 
институтының ғалымдары әлемдік деңгейде зерттеп, дәлелдеп берді, – деген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет