болады.
3.Сол кезден бастап Ибн Синаның өмірі Иранның түрлі қалаларын аралаумен өтті.
Ғалым Хамада және Исфаханда өмір сүрді, онда ғылыми шығармашылықпен
айналысты, нысана қызметімен шұғылданып, сондағы әмірлердің сарай дәрігері
болды. Ибн Сина басынан қиын жағдайлар өтеді.
Бірнеше рет қуғынға ұшырап,
абақтыға жабылды. Сол кезеңдерде ғалымның көптеген еңбектері жоғалып кетті.
Кейбір жұмыстарын Ибн Сина ұзақ жол жүрген кезде, ат үстінде отырып жазды.
4.Өзінің күш-жігері және ғажап жадысы арқылы, қажетті әдебиетті пайдалану
мүмкіндігінен айрылса да,
Ибн Сина ғылыми, әдеби және дәрігерлік қызметін
тоқтатпады. Өмірдің қиын соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18
маусымда қайтыс болады.
5.«Өлімнің түйінін анықтауға» талаптану,
құпияны ашу, ауруды жеңіп шығу,
адамдардың өмірін жеңілдету үшін барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау Ибн
Синамен алға басты, ол өзінің медицина бойынша «Китабуль-Канун фит-тыбб»
(Дәрігерлік ғылымның ережесі) басты еңбегін жазып шықты. Бес томдық
энциклопедия «Дәрігерлік ғылымның ережесі» Ибн Синаға дүниежүзілік атақ
әперді, медицина тарихында атағы жайылған кітап болды.
Еңбек оның мазмұны
мен дәл құрылымымен ерекшеленді. «Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді
және орта азиялық медицина білімін және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана
көрсеткен жоқ, Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңалық болып
енгізілді.
6.Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметтерді «Ереженің» әрбір бетінен
кездестіруге болатын. Ибн Сина ауа және су арқылы тарайтын көрінбейтін
жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты. 800
жыл өткеннен соң француз ғалымы Пастер қоздырушы микроб туралы ғалымның
бұл болжамын дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: