I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Мәтінде диалог кімдердің арасында?



Pdf көрінісі
бет84/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Мәтінде диалог кімдердің арасында? 
A)Сыздық пен Жүністің 
B)Кенесары мен Жүністің 
C)Кенесары мен Жүсіптің 
D)Абылай мен Бұқардың 
E)Қасым мен Сыздықтың 
2.Мәтінге лайық тақырып? 
A)Абылай аманаты 
B)Түс жору 
C)Хан Абылай 
D)Бұқар жырау 
E)Төре тұқымы 
3.Мәтіндегі арыстан, жолбарыс, көкжал, қызыл түлкінің Абылай ханға 
қатысы қандай? 
A)Абылайдың үрім-бұтағы 
B)Абылайдың бауырлары 
C)Абылайдың дұшпандары 
D)Абылайдың жұрағаты 
E)Абылайдың кеңесшілері 
83


4.Мәтінде Бұқар жыраудың Абылай түсін жоруы арқылы қазақ халқының 
қандай ерекшелігін көрсетеді? 
A)Дәстүрге беріктігін 
B)Ұлт көзқарасын 
C)Көріпкелдігін 
D)Халық нанымын 
E)Кеңпейілділігін 
5.Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз 
1.Түс 
2.Сыздықтың баласы 
3.Төре тұқымының қасиеті 
4.Жүсіптің ойы 
5.Түс жору 
A)3.1.2.4.5. 
B)3.1.5.4.2. 
C)1.4.5.2.3. 
D)5.3.1.2.4. 
E)2.4.1.3.5. 
6.Бұхар жыраудың түс жоруына қатысы жоқ теңеу. 
A)Қасым төре – арыстан 
B)Сыздық – көкжал 
C)Абылай – арыстан 
D)Кенесары – жолбарыс 
E)Жүніс – қызыл түлкі 
7.Қай сөйлем екінші бөлім мазмұнына сәйкес келеді? 
A)Жайсыз түс көргенін айтып Бұқарға келеді 
B)Екінші ұрпағың өте айлакер, қу келеді екен 
C)Оның көңілі әр нәрсеге алаңдап отырды 
D)Олар қашпады, қайта өзіме қарай бас салды 
E)Абылайды ұлықтап, хан тағына отырғызды 
8.Автор мәтіндегі Абылайдың түсін Абылайдың қандай көңіл күйімен, 
сезімімен байланыстырады? 
A)Өкініш 
B)Қорқыныш 
C)Тағатсыздық 
D)Уайымшылдық 
E)Дегбірі қашу 
4.11-мәтін 
«Хиуаз – көрген адам ажарына көз тоқтатпай өте алмайтын, көңілді, аңғал, алғыр, 
қайсар да тентек, тәні де, жаны да сұлу қыз. Дала аруы». Хиуазды жауынгер 
құрбылары осылайша сипаттайды. Қандай табылған сөз! Алаштың дара еркесі ай 
маңдайлы ару Хиуаз Қадырқызы II Дүниежүзілік соғыста әйгілі 46-гвардиялық 
Тамань әуе полкінде жауға қырғидай тиген ұшқыш, нағыз қыран болатын. 
Фашисттер Хиуаз сұлуды неліктен «түн аждаһасы» деп атаған? Сонымен, Хиуаз 
кім? 
Ержүрек қыз Хиуаз Доспанова Атырау облысы Құрманғазы ауданы Зормата 
ауылында 1922 жылы мамыр айында өмірге келген. 
Хиуаз Доспанова Орал қаласындағы орта мектептің соңғы сыныбында оқып жүріп 
аэроклубқа қатысып, запастағы ұшқыш деген куәлік алды. Аспанға ғашық қыз 
арманының алғашқы қадамдары міне осылай басталды. 
Мектепті үздік бітірген бойжеткен бала күнгі арманын арқалап, Мәскеудегі 
Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына оқуға келеді. Алайда қазақ 
даласынан келген қыздың құжаттары қабылданбайды. Алғашқы сәтсіздігін 
елемеген ол Мәскеу медицина институтына тапсырып, емтихансыз қабылданады. 
Арада бір жыл өткеннен кейін 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады. Хиуаз 
ұшқыш Марина Раскованың қыз-келіншектерден жасақталған авиа-полкіне 
сұранып, командирге өжеттілігімен танылып, әскери құрамға қабылданады. 
Жедел дайындықтан өткен қыз-келіншектер жасағы 1942 жылдың мамыр айында 
84


майдан даласына енеді. Хиуаздың ең алғашқы ұрысы немістердің Майндорф 
бекетін бомбалаудан басталады. Әр ұшақтағы екі қыз бір сағатта 120 шақырымды 
бағындырулары тиіс. Әрбір қыз бір түнде 5-10 рет жау тылын шабуылдауға 
міндетті. Хиуаз апа естеліктерінде: «Біз мінген тек түнде ұшатын кішкентай У-2 
ұшағы фашистердің зәре-құтын қашыратын» деп жазады. Түн тыныштығын бұзған 
бұл қыран қыздарды немістер «түн аждаһалары» деп атайды. 
Хиуаз батыр 1943 жылдың көктемінде Кавказ үшін ұрыста аяғы сынып ауыр 
жарақат алады. Бас хирургтің «аяғымен жүре алмайды» деген қорытындысын 
елемей, майданға қайта беттейді. Майдандас құрбылары өздігінен жүріп-тұра 
алмайтын Хиуазды ұшаққа арқалап отырғызып жүреді. Қыздарға салмақ салмайын 
деп, ұшақ кабинасында қалатын сәттері жиі болған. Осылайша ұшқыш қыздар 
Кубань, Тамань, Белоруссия, Қырым, Польша елдерін түгел азат етті. Аңызға 
бергісіз қазақтың қайсар қызы Хиуаз сұлу 300-ден аса жауынгерлік операция 
орындап, аса маңызды жау бекеттерін талқандайды. Кавказ үшін арпалыста 
көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», «Кавказды азат еткені үшін» 
ордендерімен марапатталады. Ал Қырым шайқасындағы ерлік үшін «Екінші 
дәрежелі Отан соғысы» орденімен қоса аға лейтенант шені беріледі. Сондай-ақ 
«Бірінші дәрежелі Отан соғысы», «Варшаваны азат еткені үшін» және «Германия 
түбіндегі жеңіс» ордендері беріледі. 
Ұлы Отан соғысында айрықша ерлігі үшін Хиуаз Доспановаға 2004 жылы 82 
жасында «Халық қаһарманы» атағы берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет