2. Ақсүйек ойынында жеңіске жететін топ
A)
жоғары көтергені
B) өнер
көрсеткені
C) ұсталып қалғаны
D) іздеп тапқаны
E) мәреге жеткізгені
5.2-мәтін
1. Табиғаттағы әр жаратылыстың өзіне тән ерекшелігі, ешкімге ұқсамас даралығы
бар. Балықтар осыдан 450
миллион жыл бұрын, тіпті динозаврлардан бұрын пайда
болған делінеді. Ғалымдардың айтуы бойынша, әлемде 250
мыңға жуық балық
бар. Оның 15 мыңға таяуы әлі зерттелмеген. Сүтқоректілердің, бауырымен
жорғалаушылардың, суда да, құрлықта да тіршілік ететін қосмекенділердің санын
қоссаңыз, балықтардың санына жетпейді екен.
2. Әлемдегі ең үлкен балық кит акуласы. Оның ұзындығы 20 метр, салмағы 34
тоннаға тең. Акуланың қаңқасы тұтастай шеміршектен тұрады. Алып акуланың 4
мыңға жуық тісі болады.
Балықтар да адамдар секілді, құстар секілді ауруды
сезіне алады.
3. Ең жылдам балық қылышбалық. Оның жылдамдығы сағатына 130-140 км. Теңіз
атбалықтары басқа балықтардан көлденең жүзетіндігімен ерекшеленеді.
Олар өте
баяу жүзеді. Шамамен есептегенде, 1 сағатта 1,5 метрге ғана жылжиды екен.
Қорқынышты әрі тұңғиық тереңде жүзетін балықтар ешқашан жарықты көрмейді.
Олар әлемдегі ең терең Мариана шұңғымасында тіршілік етеді.
4. Жапонияда фугу балығының еті ерекше, алайда
өте қауіпті тағам боп
есептеледі. Ол өлімге әкеп соқтыратын тетродотоксин уын бөледі. Соған
қарамастан, фугу - өте дәмді тағам. Балықтың дәмділігі
сонша - оны жапон
аспаздары тәуекелге бел буып, дайындайды. Жапон аспазы мұндай тағамды
дайындау үшін улы балықтардан тағам
дайындау мектебінен сабақ алып, арнайы
сертификат иеленуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: