I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Корольдік кітапхананың бір ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет119/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1. Корольдік кітапхананың бір ерекшелігі 
A) 
Әлем ғұламаларының еңбектері сақталған 
B) Құрылыс жұмыстарының ұзақ жүргізілуі 
C) Данияда басылған соңғы кітап өңделген 
D) Данияда басылған тұңғыш кітап сақталған 
E) Басылымдардың үлкен қоры аударылған 
2. Стокгольм кітапханасының тұрғызылған уақыты 
A) 
XVIII ғасыр 
B) XXI ғасыр 
C) XX ғасыр 
D) XIX ғасыр 
E) XVII ғасыр 
5.14-мәтін 
Менің қолымдағы шағын ғана қызыл қоңыр домбыра отыз төрт жылдан бері 
сақталып келеді. 
Домбыраның оқиғасы мынадай: 
1938 жылдың қаңтарында қазақтың кәсіби музыкасының ардагер ағасы, 
ұйымдастырушысы Ахмет Жұбанов осы қызыл қоңыр домбыраны маған сыйға 
берді. 
Сол жылдың күзінде Алматыда бір үлкен өнер жиыны болып, оған Жамбыл 
бастаған көптеген халық таланттары келді. Жәкең - бізге аталас, жақын кісі. Өнер 
жиыны өтіп жатқан тұста әкем Тілендінің туған інісі Тілегеннің әйелі қыз туып, 
шілдехана қуанышына құтты болсын айтуға қасына бір топ өнерпаз ақындар 
Кенен, Иса, Үмбетәлі, ІІІашубайды ертіп, Жамбыл ата біздің үйге келді. 
Үлкендер енді бір кезекте маған күй тартқызып, қызықтады. Мен әу баста сәл 
қысылып, абдырап қалдым да, жұрттың «ұялма, сал барыңды» деген кеу-кеуімен 
122


Жәкеңнің Бекболат батыр көтерілісі туралы шығарған дауылды «Ұран» күйін 
соқтыра жөнелдім. Бәрі сілтідей тынып, тыңдай қалыпты, күй біте «ау, бәрекелді, 
тағы да тарт» десті. Енді Тәттімбет, Құрманғазы күйлерін, Жәкеңнің «Ой, дүние-
ай» күйін тартып бердім. Ұйып тыңдаған ұлы ақын мен күйді тартып болғанда, 
үнсіз ғана қолын созып, домбыраны маған бер дегендей ишара қылды. Домбыраны 
Жәкең қолына алып, айналдырып, аударып-төңкеріп, әрі-бері қарап отырып: 
«Домбыраң шешен екен» деп жай ғана шегін қағып байқады, бірақ күй тартпады. 
Ақын домбыраны маған қайта ұсынып: «Жарығым, домбыраңды сақта!» Қазақтың 
қара домбырасының бойына халықтың бар өмірі мен тарихы, қуанышы мен мұң-
зары сыйып кеткен. Соны ыждағатпен, ұқыпты үйрене берсең, осы домбыра 
халқыңа көп нәрсе айтып берер»,- деп еңкейіп, қасында отырған менің 
маңдайымнан сүйіп, бата берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет