I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Ақсұңқардың іс-әрекетіне жатпайтын қатар



Pdf көрінісі
бет181/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

7.Ақсұңқардың іс-әрекетіне жатпайтын қатар 
A.
Түйеқұстың ұясына тастау 
B.
Жұмыртқаны жару 
C.
Тасты ұяға дәл тигізу
D.
Тұмсығымен тас алу 
E.
Бұлақ суына жуыну 
8.Ғалымдар кішкентайлардың үлкендерден үйрену артықшылығы қандай 
жануарларға тән деп санаған? 
A.
Еркіндікте өмір сүретін жануарларға 
B.
Жеке-жеке өмір сүретін жануарларға 
C.
Жасанды саябақтарда, адамның қарауымен өмір сүретін жануарларға 
D.
Үйірімен өмір сүретін жануарларға
E.
Тек жұп болып өмір сүретін жануарларға 
9.Ақылды жануарлар іс-әрекеттерінің реттілігі 
1.Шимпанзенің таңбалар тілін үйренуі 
2.Сегізаяқтың шар ұстауы 
3.Макакалардың картоп жуып, тазалауы 
4.Кептерлердің жаңғақ шағуы 
A.
3,2,4,1 
B.
2,1,4,3 
C.
2,3,1,4 
D.
3,4,2,1 
E.
2,4,3,1 
10.Сегізаяқты заттарды қармап алуға үйреткен іс-әрекет 
A.
Мұхитта жүрмеу 
B.
Қорытынды жасау 
C.
Затты ұстау 
D.
Айнытпа қайталау 
E.
Жаттықтырушыдан үйрену 
11.Адамдардың көмегінсіз таңбалар тілін үйреніп алған тіршілік иесі 
A.
Сегізаяқ 
B.
Кептер 
C.
Түйеқұс 
D.
Маймыл 
E.
Ақсұңқар 
12.Мәтінге атау болатын нұсқа 
A.
Құстар - біздің досымыз 
B.
Fалмдар мен жануарлар 
C.
Ғалымдар болжамы 
D.
Тылсымы көп табиғат 
E.
Мұхит асты әлемі 
4 мәтін 
Алтай тауы
Алтай - Қазақстан, Моңғолстан, Қытай және Ресей мемлекеттерінің шекаралық 
түйіскен өңіріндегі тау жүйесі және таулы аймақ атауы. Тау мен өңірдің біздің 
елімізге қарасты бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Ресейдің 
Алтай өлкесінде де, Моңғол жерінде де, Қытайға қарасты Алтай аймағында да 
186


басқа ұлттармен бірге қазақтар да тұрады. Алтай - ертеде тұтастай түркі 
жұртының мекені болған өңір. Соның ішінде қазақтың да баба қонысы, 
атамекені. Халқымыздың біраз бөлігі Алтайды мекендеп келеді. Ертіс, Обь, 
Енесей сияқты үлкен өзендер Алтайдан бастау алады. Қаба, Қалжыр, Күршім, 
Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Қатын, Би, Абақан, Қобда, Ақбұлақ сияқты көптеген 
өзендері бар сулы, нулы өңір. Табиғаты сұлу, аң мен құсқа бай. Жетпістен аса 
сарқырамалар, үш жарым мындай үлкенді-кішілі көлдері бар. Үлкен көлдері - 
Зайсан, Алтынкөл, Қаражал, Қамысжал, Марқакөл. 
Алтай тауында тұщы су қорының көзі болып табылатын мыңнан астам 
мұздықтар бар. Мұнда еліміздің басқа өңірлерінде бола бермейтін терісаяқ, 
қоңыр аю, марал, солтүстік бұғысы, елік, күдір, сілеусін, барыс, бұлғын, 
құндыз, таутеке сияқты аңдар мен жануарлар, ұлар, құр, тоқылдақ, үнді қазы, 
шіл, үкі, байғыз сияқты қүстар мекендейді. Мұнда «Қазақстанның Қызыл 
кітабына» енген арқар да кездеседі. «Алтай ботаника бағы» деп аталатын 
ғылыми-зерттеу мекемесі бар. 
Алтайдың өсімдік әлемі өте бай - мұнда емдік болып саналатын жоғары 
сатыдағы төрт мыңдай өсімдік түрі өседі деседі. «Суы бал, көдесі май, жері 
майса, Ағызған сары алтынды тастан Алтай» деп әнде айтылғандай, Алтай - 
кенді өңір. Мұнда корғасын, мыс, мырыш, алтын, күміс, кадмий, селен, теллур, 
сүрме, индий, галлий тәрізді көптеген кен көздері бар. 
Алтай тауы - түркі тектес халықтардың түп мекені саналатындықтан, оған деген 
қүрмет ерекше. Алтай туралы аңыздар, ән мен жыр өте көп. Қазақтың көрнекті 
ақындары Мағжан Жұмабайұлының, Иса Байзақовтың өлендері мен 
поэмаларында Алтайдың тарихы мен табиғаты ерекше шабытпен жырланады. 
Алтай тауының ішінде орналасқан ғажайып көл - Марқакөлге жүзден астам 
өзендер мен бұлақтар келіп құяды да, бір ғана өзен - Қалжыр ағып шығады. 
Марқакөл Алтайдың інжу-маржаны десе де болады. Алтай тауын еске алғанда 
Марқакөл туралы айтпау мүмкін емес. Марқакөлдің суының мөлдірлігі сондай, 
тереңінде жүзіп жүрген балықтар анық көрінеді. Бұл көлдің атауына қатысты ел 
аузында көп аңыз бар. Сол аңыздың біреуі мынадай: 
Баяғыда осы көлдің жағасында бір бай өмір сүріпті. Байдың керемет сұлу қызы 
бар екен. Жылқышы жігіт сұлу қызды ұнатыпты. Қыз да жігітті ұнатыпты. 
Алайда бай қызын қарапайым жылқышы жігітке бергісі келмейді. Екі жас бір-
бірін ұнатып тұрған соң, амалсыз келіспек болады. Алайда жігітке бір шарт 
қояды. «Марқа қозының еті піскенше, көлді айнала шауып келуің керек. Сонда 
ғана келісім беремін», - дейді. Ал қызына: «Жігіт көлді айналып шауып 
келгенше, сен бір шекпен тігіп бітіруің керек», - депті. Жігіт Балжынкер деген 
жүйрік атына мініп, қазанға марқа қозының еті салынған сәтте шауып кетеді. 
Қыз шекпен тігуді бастайды. Марқаның еті пісті-ау дегенде жігіт те жетеді. Қыз 
да шекпеннің соңғы түймесін қадап біткен екен. Сөйтіп, екі жас мұратына 
жетеді. Көлдің аты осы кезден «Марқакөл» деп аталыпты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет