I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Қ.Сәтбаев мыс болуы мүмкін екенін болжаған жер



Pdf көрінісі
бет184/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

3.Қ.Сәтбаев мыс болуы мүмкін екенін болжаған жер  
A.
Көк тас 
B.
Мың шұқыр C.
Жыланды 
D.
Кара тас 
E.
Жезқазған 
4.Халық ұғымындағы темір атауы 
A.
Көк тас 
B.
Жезқазған 
C.
Жыланды 
D.
Алтын тапқан 
E.
Қара тас 
5.Мәтіннің 4-беліміне сәйкес тұжырым 
A.
Жер-су атауларынан ұрпақтар сабақтастығы айқын танылады. 
B.
Казақ халқы жерді анасындай қастерлеп кие тұтқан
C.
Азаматтық сезімдердің негізі ел-жер шежіресінен басталады. 
D.
Қ.Сәтбаев жер-су атауларын қойын дәптеріне жинақтаған. 
E.
Халқымыз ұлдарына қимаған жақсы аттарды жерге қойған. 
6. Қ.Сәтбаевтың жер-су атауларына ерекше ден қоюының себебі
A.
Әдеби шығармаларды жер атауымен сабақтастырды 
B.
Халық күнкөрісі жағдайын аңызбен байланыстырды 
C.
Жер тіліндегі халық тәжирбиесін ғылыммен ұштастырды 
D.
Адам есімдерін жер атауларымен қоса қарастырды 
E.
Табиғат сұлулығының алуан қырын зерттеді 
3 мәтін 
Тізебүккен. Арқада осылай аталатын бұлақ бар. 
...Сарыарқаның түйе өркеш шоқылары мен сиыр таңдай қырқалары оңтүстікті 
бетке алған сайын селдіреп, сирей береді. Содан соң Бетпақдала деп аталатын 
көз сүрінер бұдыры жоқ сұрқай дала басталады. Бұл даланың оңтүстік 
шалғайын Шу өңірі көмкеріп жатыр. 
Осы Шу өңірінен шығып, Бетпақдала арқылы «Арқа, қайдасың?» деп сапар 
шеккен жолаушы қу медиен даладан әбден зерігіп, титықтаған кезде қалың 
189


шаңыт, буалдыр сағым арасынан Азат, Жуантөбе, Ағашжайлау, Болат, 
Тайатқан, Шұнақ, Айғырұшқан деп аталатын таулардың сілемді сүлдерін көрер 
еді. Көрер еді де: «Беу, қайран, Сарыарқа-ай, көріндің бе, жоқ па?!» - деп, 
құлазып келе жатқан көңілін бір демдер еді. Расында да, бұл таулар Арқа мен 
Бетпақдала арасын бөліп тұрған белгі іспеттес. 
Жуантөбенің Бетпақдала жақ бөктерінде Тізебүккен атты ботаның көзіндей 
мөп-мөлдір бұлақ бар. Әрі өтіп, бері өтіп жүргенде «Не себепті Тізебүккен 
атанды екен?!» деп қайран қалушы едік. Бірде осы өңрдің көнекөз бір 
қариясынан бұлақтың не себепті Тізебүккен атанғанын сұрадық. Сонда қарт 
ойлы жүзін Бетпақтың меңіреу жазығына бұрып тұрып былай деді: 
- Қарашаның бұлтындай жалғаса шұбаған қалың көшті көз алдыңа келтір, 
шырағым. Көштің маңдайы Сарыарқаға қараған... Түн түнегі түріліп, шөже 
торғайдың әлсіз шырылы «таң келедіні» мәлімдеген шақта моншақтай тізілген 
түйе керуені тағы да жолға шығады. Алды-артында үміт болып елес берер 
бұдыры жоқ иесіз дала. Бетпақдала осынау тіршіліктің қамшысы айдап келе 
жатқан керуеншілерге қырыстанып, міз бақпастан сазара түседі. Керуеншілер 
тілін тістеген үнсіздікте зарыққан үмітпен дамыл-дамыл алға қарайды. Маңдай 
тіреп, тізгін тартар мекенді, тізе бүгер орынды сағынышпен еске түсіреді. 
Тағаты таусыла асығады, аңсайды... Бірақ өмірдің өзі сияқты мына жол, мынау 
дала жеткізер ме?! Тіршілік атаулының діңкесін құртып, тандырын кептіріп, 
қайратын сарқи түседі. Керуеншілердің емешесі құрып, ентелеп сонда да алға 
ұмтылады. Осылайша қажыған коңілді әлсіз үмітпен жұбатып, жылға бергісіз 
ұзын сары көктемнің бір күнін. Тағы да батырады. Мұндай сәтте діңкесі құрып 
титықтаған керуен жер бетінде ұмыт қалғандай құлазып, тағы да елсіз сары 
деланы түнек етеді. ¥зақ жүріп келіп дамыл алады. Түйелердің бұйдасын 
тартып, тізесін бүктіреді. Міне, шырағым, аттың жалы, түйенің қомында ғұмыр 
кешкен қазақ атаңның осындай бір тыныс алып, тізе бүккен жері болар бұл 
бұлақ, - деп қария сөзін аяқтады. 
Шынында да, бір тізе бүгетін жер осындай-ақ болар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет