2 мәтін
1.Кең-байтақ қазақ даласы табиғи байлыққа, алуан түрлі өсімдіктерге аса
бай. Соның бірі — даланың сәні, көктемнің белгісіндей болып шығатын
қызғалдақ. Біздің жерімізде қызғалдақ гүлінің отыз екі түрі кездеседі. Оның он
екі түрі тек қазақ жерінде ғана өсетін қызғалдақ болып саналады. Сондықтан
Қазақстан «Қызғалдақтың Отаны» деп аталады.
2.Осы уақытқа деиін қызғалдақтың Отаны - Голландия болып саналатын.
2001 жылы Алматы қаласында «Қызғалдақ және адам» атты халықаралық
фестиваль еткізілді. Осы фестивальда: «Қызғалдақтың бірінші Отаны -
Қазақстан, ал екінші Отаны - Голландия»,- деп хабарланды. Нидерланд елінің
ханшайымы Елбасымызбен кездесуде: «Ұлы Жібек жолы Еуропа меи Азияны
жалғастырса, қызғалдақ Қазақстан мен Голландияны және басқа да елдерді
жалғастырды. Қызғалдақтың сіздің елде кездеспейтін жері жоқ екеніне көзіміз
жетті. Ұлы Жібек жолы арқылы қызғалдақтың әлем елдеріне таралғаны
дәлелденіп отыр. Сондықтан қызғалдақтың Отаны — Қазақстан екенін әлем
мойындап отыр», - деген болатын.
3.Қызғалдақ - лалагүлділер тұқымдасына жататын өсімдік. Қазақстандағы
қызғалдақтар табиғи таза, көпжылдық өсімдік болып саналады. Сондықтан
олар хош иісті, айналасына ерекше жұпар шашып тұрады. Олардың биіктігі 30-
35 см болады. Қызғалдақтың қызыл, сары, қызғылт, қызғылт сары түсті түрлері
кең таралған, олардың ішінде көп кездесетіні - қызыл мен сары түстілері.
4.Біздің жерімізде өсетін қызғалдақтардың он сегіз түрінің саны жылдан-
жылға азайып, «Қызыл кітапқа» енген. Сондықтан кең-байтақ қазақ даласының
сәні - қызғалдақты көздің қарашығындай қорғау керек.
Достарыңызбен бөлісу: