I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Ғалым-биолог Қ.Ысмағұлов сөзінің түйіні



Pdf көрінісі
бет81/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

8.Ғалым-биолог Қ.Ысмағұлов сөзінің түйіні 
A)Жабайы алма табиғи сұрыпталып, дамып жетілген, таралған 
B)Ертеден келе жатқан апорт алмасы басқа елге қазақ жерінен барған 
C)Біздің ғалымдар апорттың тарихын әлемдік деңгейде дәлелдеп берген 
D)Апорттың біздің аймақта өсе бастағанына 50 млн жыл 
E)Өз топырағын тапқан нағыз апорт – Алматының апорты 
 
4.9-мәтін 
I.– Біз бүгін кешке қарай Жамбыл қарттың ауылына барып келейік. Жәкеңнің 
алдын көріп, сәлем беріп қайтқаның орынды болады, – деді Сәбит. 
Сол күні кешке Ұзынағашқа бардық. Жамбылдың үйіне кіріп, бір бөлмесінде 
жантайып жатқан жұдырықтай ақсақалға сәлем бердік. 
– Тәте, баяғы Ғазіреті Ғали сияқты, майданда жауды жайпап жүрген Бауыржан 
деген батыр балаңыз осы, – деді Сәбит Жамбылдың құлағына дауыстап. – Талай 
немісті қырып салған нағыз ердің ері. Соғыстан келіп еді, енді соғысына қайта 
кеткелі жатыр. Сізге сәлем беріп, батаңызды алып кетемін деп келді. 
II.Жамбыл менің бетіме сығырая қарады. Оның сынап отырғанын байқап, мен де 
қабағымды түйіп, оған ежірейе қалдым. Содан соң Жамбыл Сәбитке қарай мойнын 
бұрды да: 
80


– Мына қызынды... түсі тым суық екен, батыр болса болар! – деді. 
Сәбит оған қарық болып күліп жатыр. Менде үн жоқ. Жамбыл күлместен маған 
қайта қарады. 
– Батыр болсаң, сен Өтеген мен Сұраншыдан күштімісің, соны айтшы? - деді. 
Мен ойланбастан жауап бердім: 
– Өтеген қаптап келе жатқан өрт сияқты да, Сұраншы сарқырап аққан су сияқты 
батыр болатын. Дүниеде от пен судан күшті жоқ. Мен ол екеуінің ешқайсысына да 
пар келе алмаймын. Мен – оттың ұшқыны, судың тамшысы ғанамын, Жәке, – 
дедім. 
Жәкеңнің өлеңінде өзі айтатын «борға малған» сақалы шошаң-шошаң етіп қалды. 
Ол атамыздың күлгені екен. Енді көзі шырадай жанып, жылы ұшқын шашып тағы 
да Сәбитке қарады. 
– Әй, Балуан, мынауыңның түрінде ғана емес, тілінде де бірдеңе бар екен, 
қоныңдар, – деді. Жәкең Сәбитті мол денесіне байланысты ылғи осылай «Балуан 
Шолақ» деп атайды екен. Жамбыл «Балуан Шолақ» десе, Сәбит «Ау, тәте» деп 
жауап береді. 
III.Біз жайғаса бастадық. Сырт киімдерімізді шешініп жатқанымызда шалдың 
сақалы, су бетіне секірген аққайрандай болып, бір жарқ ете қалған еді. Енді 
жайланып отыра бергенімізде, ай мүйізді ақ қошқардың үстіне салт мінген біреу, 
шабуылға шығатын кавалеристей екпіндетіп келіп, табалдырық алдына тоқтай 
қалды да: 
– Әумин, – деп алақанын жайды. 
Малдас құрып отырған Жәкең мойнын бұрды да: 
– Әй, Балуан Шолақ, өзің жасаушы ма едің, әлде батырың беруші ме еді батаны? – 
деді. 
– Ойбай, тәте, өзіңіз жасаңыз, – деді Сәбит. Жамбыл алақанын жайды да: 
Батырдың жолы болсын! 
Самсаған қолы болсын! 
Түсі де суық екен, 
Ісі де долы болсын, аллаәкпар! – деп бетін сипады. 
IV.Ауыл адамдары жиналып, әңгімелесіп, Жәкеңнің соғыс, майдан жайындағы әр 
түрлі сұрақтарына жауап беріп, ұзақ отырдық. Түннің бір кезінде алдымызға ет 
келді. 
– Ал Балуан, ал Батыр, сыбағаларыңа қол созыңдар, – деді Жамбыл табақты 
нұсқап. 
Сәбит пен Ғали етті шеңгелдеп асай бастады. Мен табаққа қол созбай отырып 
қалдым. 
– Делбе болған жылқыдай мына қызталағың неғып отыр ет жемей? – деді Жамбыл 
Сәбитке сақалын шошаң еткізе мені иегімен нұсқап. 
– Әй, Бауыржан, неге жемейсің, бөгіп қалғанбысың! – деп Сәбит табаққа қайтадан 
қол соза бастады. 
– Жемеймін! – дедім мен қатаң үнмен. 
Сәбит табақтан қолын тартып алып, менің бетіме қарады. 
– Әй, Бауыржан, саған не болды? – деді ол үні одан сайын қарлыға шығып. 
– Мен мұнда сыбаға жеу үшін келгенім жоқ, – дедім Сәбитке дауысымды қаттырақ 
шығарып. – Сыбағаны немістерді жеңгеннен кейін жеймін. Ал мұнда ұлы 
Жамбылдың, соғыстағы бар солдаттың ұлы әкесінің сарқытын ішуге келдім... 
Сөйтіп, Жәкеңнің жүзін көріп, қолынан дәм татып, төрінде жатып, қонақ болып 
аттандым. Ертеңінде поезға мініп, майданға қарай бет түзедім. 
Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»
81




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет