І. Жалпыға бірдей міндетті білім берумен қамту жұмысының орындалуы


Оқушылардың тегін оқулықпен қамтылуы



бет3/9
Дата26.09.2024
өлшемі70,09 Kb.
#205182
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Талдау

1.3. Оқушылардың тегін оқулықпен қамтылуы
1-11 сынып оқушыларына 100 пайыз оқулықпент қамтылды. Алдымен жағдайы төмен, аз қамтылған, жартылай жетім, мүгедек балаларға берілді. Жетіспейтін оқулықтарды басқа мектептермен байланыса отырып акт бойынша қамтамасыз етілді.
1.4.Білім сапасын бақылау
Білім сапасы – бұл құзыреттіліктің, кәсіптік сананың сатылы және іс жүзінде тиімді қалыптасуын анықтайтын білім беру үдерісі .
Білім сапасын анықтауға 5-11 сыныптардан 620 білім алушы алынды. Мектептің жалпы білім сапасы үздік және екпінді оқушылар қатарымен анықталады.
ІV тоқсанның қорытындысында үздіктер саны- 81 білім алушы, екпінділер саны- 237 білім алушы болып, жалпы білім сапа 51%-ды құрады
І.негізгі білім саласы бойынша: бала саны-508 білім сапасы- 49%
ІІ.Жоғарғы білім саласы бойынша: бала саны-117 білім сапасы- 58%

Сынып

5

6

7

8

9

10

11

5-11

Пайызы

Білім алушылар саны

101

111

95

103

98

69

48

625




Үздік

15

21

9

9

9

13

5

81




Екпінді

43

39

33

39

33

27

23

237




Орташа

43

51

53

55

56

29

20

307




%

57.4%

54.05%

44.2%

46.6%

42.9%

58%

58.3




51%

Ең жоғарғы білім сапасы:74% ,65%,59% ,57% сыныбы- 10 «А»,11 «А»,5 «А»,6«Ә»
Ең төменгі білім сапасы 33,3 % ,33,3%,39% сыныбы- 9 «А», 7 «В»,8 «В»



сыныбы

саны

қызы

үздігі

%

екпіндісі

%

IV

1

5 «А»

27

14

4




12




59

2

5 «Ә»

24

12

3




12




63

3

5 «Б»

25

13

3




10




52

4

5 «В»

25

14

5




9




56

5

6 «А»

25

14

7




7




52

6

6 «Ә»

20

10

4




7




57

7

6 «Б»

23

11

5




9




56,5

8

6 «В»

19

10

2




9




58

9

6 «Г»

22

12

3




7




45

10

7 «А»

24

14

2




10




50

11

7 «Ә»

24

10

2




10




50

12

7 «Б»

22

11

4




6




45

13

7 «В»

25

8

1




7




33.3

14

8 «А»

27

11

3




8




40

15

8 «Ә»

27

12

1




14




56

16

8 «Б»

26

11

2




11




50

17

8 «В»

24

11

3




6




39

18

9«А»

24

9







8




33.3

19

9 «Ә»

24

10







10




42

20

9 «Б»

25

15

4




9




52

21

9 «В»

25

13

5




6




44

22

10 «А»

23

12

7




10




74

23

10 «Ә»

22

16

2




10




58

24

10 «Б»

24

12

4




7




46

25

11 «А»

23

17

2




13




65

26

11 «Ә»

25

14

3




10




52

барлығы

625




81

%

237

%

51



Пәндер бойынша білім сапасын анықтау





Пәннің аты

Бала саны

Білім сапасы
ІІ тоқсан%

1

Қазақ тілі (5-11)

580

58

2

Қазақ әдебиеті (5-11)

625

59

3

Орыс тілі (5-11)

625

66

4

Шетел тілі

920

63,5

5

Математика

212

58

7

Алгебра

413

54

8

Геометрия

413

55

10

Қаз тарихы 5-11сын

629

63,1

11

Д/жүзі тарихы

630

63,1

12

АҚҚ

214

62,6

13

География

415

64.8

14

жаратылыстану

214

74

15

Биология

341

60

16

Химия

247

55

17

Физика

340

60.53

18

Информатика

629

89



Сараптама бойынша пікір:
Жалпы білім сапасы: 53 %. Үлгерім сапасы: 100% . Мақсатқа қойылған 65 пайыздық индикатормен салыстырсақ, кейбір пәндер білім сапасы ( 41-46%) төмен екені көрініп тұр.
1.5. Функционалдық сауаттылық
Функционалды сауаттылық оқушының мектептегі алған орта білімінің күнделікті өмірінде және болашақтағы көп қырлы қызметінде кездесетін тұрмыстық қоғамдық, әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешуде табысты қолдана алуын қамтамасыз етеді. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді.
РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:
1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
2) оқыту нысандары мен әдістері;
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Амангелді атындағы орта мектептің 2022 жылғы 1 қыркүйекте №180 бұйрығына сәйкес мектептер үшін PISA халықаралық зерттеуге дайындық жұмыстары зерделенді. Зерделеу барысында 15 жастағы білім алушыларынан математика, жаратылыстану сауаттылығы бойынша жұмыстар алынды. Білім алушылардың жұмыстары талданды. Мектептер үшін PISA Халықаралық бағдарламасы білім алушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шешу біліктіліктерін бағалауға бағытталған. Зерттеу құралдары, білім алушылардың өмірде кездесуі мүмкін проблемаларды шешуде жалпы оқыту дағдыларының қалыптасқандығын және жаңа қоғамда тиімді қызмет етуін бағалау мақсатын көздейді. Зерттеу объектісі болып 15 жастағы білім алушылардың білім жетістіктері. Көптеген елдерде жасөспірімдер 15 жаста негізгі білім беру сатысын аяқтап, ересек өмірге дайындалады, осыған сәйкес зерттеудің негізгі міндеті он бес жастағы білім алушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім, білік, дағдыларын анықтау болып табылады.
Амангелді атындағы орта мектептің 9,10 сынып білім алушыларынан оқу, математика және жаратылыстану сауаттылығы бойынша жұмыстар алынды. Білім алушылардың жұмыстары пән мұғалімдері тарапынан талданды.
Мектептер үшін PISA халықаралық зерттеуінің математика сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары білім алушының жеке ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Математикалық сауаттылық деген ұғымға білім алушылардың келесі қабілеттері жатады:

  • қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын;

  • маселелерді тани білу;

  • бұл мәселелерді математика тілінде құрастыру;

  • бұл мәселерді айғақтар мен әдістерді қолдана отырып шешу;

  • шешімдерде қолданылған әдістерді талдау;

  • қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсіндіру;

  • шешімдердің нәтижелерін құрастырып жазу.

Зерттеуде 3 математикалық құзыреттіліктің деңгейлері қарастырылады:

Мектептер үшін PISA халықаралық зерттеуінің жаратылыстану сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары оқушының жеке ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Жаратылыстану сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабілеттері жатады. Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын төрт аймаққа бөлуге болады:

  • ғылым мен технологияға сүйенетін өмірлік жағдайларды танып білуі (контекст);

  • қоршаған орта мен ғылым туралы білімдерден тұратын ғылыми білімдердің негізінде техниканы қоса қоршаған әлемді түсінуі (білім);

  • ғылыми сұрақтарды ажырата білуі, ғылыми жаратылыстану құбылыстарын түсіндіруі, айқын нақтылықтар мен дәлелдемелердің негізінде қорытындылар жасауы үшін ғылыми білімдерді қолданудан тұратын құзыреттіліктерді көрсетуі (құзіреттіліктер);

  • ғылыми жаратылыстану біліміне деген қызығушылығы.

Химия, биология пәндеріне байланысты тапсырманы орындауда модельді елестете отырып өмірмен байланыс орната отырып шешімін тапты.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. 
Амангелді атындағы орта мектепте оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес қараша айында 9,10 сынып білім алушылардан математикалық, жаратылыстану сауаттылықтарының даму деңгейін анықтау мақсатында сынама жұмыстар алынып, талданды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет