Алгебражәне анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан бақылау жұмысы нысанында 8 маусым күні өткізілді.Емтихан материалдары қорытынды аттестаттау комиссиясының қатысуымен 1 сағат бұрын ашылды. 11-сынып оқушылары жаратылыстану-математикалық бағытында білім алғандықтан бақылау жұмысында берілген 6 тапсырма 5 астрономиялық сағатта орындап өткізілді.
А бөлімі бойынша 15 тест жұмысы берілген. Әр сұраққа бес жауап нұсқасы берілген: A, B, C, D және E. Дұрыс деген бір жауапты таңдап, тиісті ұяшыққа белгі қояды.
В бөлімі бойынша тапсырмаларды шешу жолын және жауабын талап етеді.
Мазмұндық талдау барысында білім алушылардың функция графигінің асимптоталарын табыңыз, вариациялық қатардың орташа квадраттық ауытқуын табыңыз, функциясының анықталу облысын табуда білім деңгейінің орташа екендігі анықталды. Жылдық қорытынды мен емтихан қорытындысында бойынша білім сапасында өзгеріс болған жоқ.