І. Жансүгіров атындағы жетісу



бет3/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
pue rk 2003, СИЛЛАБУС ТСЗИ (1), Ybraiym Akan Sik-21-1 (1)
ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫНЫҢ

НЕГІЗГІ БЕЛЕСТЕРІ

І ТАРАУ. ТАРИХИ ИДЕЯЛАРЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ МЕН ҒЫЛЫМ






    1. Аристотельдің жіктеуіндегі метафизика мен физика

Әйгілі ойшыл, антика философы Аристотельдің шығармашылығында фило-

софия тұрғысынан алғашқы рет ғылым туралы ой толық сипатталынған, яғни философия ғылымының негізі мен оның нақты мүмкіндіктері берілген болатын.
Адам ойының эволюциясына үлкен ықпалды ғылыми біліммен, ғылыми пәндер жіктемесі тигізген. Логикалық әдістің түрі ретінде жіктеме ғылыми зерттеудің типология амалының негізгі элементі болып табылады. Ол ғылыми білімді ұйымдастырудың логикалық-әдістемелік амалы ретінде қолданылады, бірақ оның эвристикалық мүмкіндіктері шектеулі болып келеді. Аристотель классификациясының маңызды қағидалары ол: бөлшектеп тұтастық сәйкестігін анықтау; жалпыламаның артықшылығы; жіктеме элементтері арасында байланысты орнату кезінде теориялық құрамдас бөліктеріне көбірек назар бөлу.
Итальян философтары Дж.Реале мен Д.Антисери Платон мен Аристотельдің шығармашылықтарын салыстыра отырып, келесідей қорытынды жасады: «Аристотельдің ғылыми рухы мен ойшылдығы ... оны органикалық синтезбен жүйелілікке, олардың табиғатына байланысты тақырыптар мен мәселелерді дамытуға, әр түрлі мәселелерді шешетін әдістердің дифференциясына қарай жетеледі. Өзіне барлық мәселелерді тартатын платондық иірілген спиралінің орнына бір тұрақты жүйелендіру келуі тиіс еді ...»
Аристотель классификациясында барлық ғылымдар келесідей бөлінеді: теориялық (математика, физика, психология, метафизика); тәжірибелік (этика, саясат, экономика); продуктивті (шығармашылық, техника, эстетика, риторика). Аристотельдің классификациясының негізі логика мен метафизика болып табылады, олар философиялық-логикалық алғы шарт қызметін атқарады.
Осының барлығы «Аристотель корпусы» атты трактатталарында сипатталған. Бірінші циклі – ол логикалық: «Аналитиктер» 1-ші және 2- ші, «Талқылау туралы», «Топика», «Софистикалық жалғандықты әшкерелеу туралы», «Риторика» және «Категориялар» жалғастырады. Екінші цикл – физикалық-космологиялық: «Физика», «Аспан туралы»,
«Пайда болу мен жою туралы», «Метеорологика». Үшінші цикл–
«алғашқы философия туралы» трактат – «Метафизика» (14 кітап). Төртінші цикл – биология-психологиялық: «Жан туралы», «Жануарлар тарихы», «Жануарлардың бөлшектері туралы», «Жануарлардың

қозғалысы туралы». Бесінші цикл – этикалық жұмыстар: «Никомахова этикасы», «Үлкен этика», «Эвдемова этикасы». Алтыншы цикл - әлеуметтік-саяси және тарихи жұмыстар: «Саясат», «Афиналық полития», «Поэтика» атты эстетикалық жұмыс.
Ұлы ұстаз Платон сияқты Аристотель де ғылым мен білімнің институционализациясының негізін салған. Платон Академияны, ал Аристотель Ликейді (перипатетикалық мектеп) құрғаны бәрімізге мәлім. Компаративистикалық талдау олардың ортақтылықтары мен ерекшеліктерін сипаттайды.
Академия мен Ликейде білім мен ғылымның дифференцированиесі мен интегрированиесі әртүрлі әдістер арқылы іске асырылды. Платон Академиясы мен Аристотельдің Ликейі (2005) ІV Ресейлік философия конгресінде ғылыми-білім институттарының екі типі және философиялық мектептер ретінде қарастырылды.
Дәл осында ғылыми қоғамдастықтар мен мектептердің негізі қаланған болатын, олар ғылыми білімнің қабылдануын қамтамасыз етіп, дамуына жағдай жасап және жеке тұлғалық оқу мен зерттеудің (ұстаз- шәкірт) формальды бағдарламалары мен әдістемелерін өзара байланыстырды деуге болады. Платон Академиясының құрылымдық қызметінің негізіне «көпшіліктің біреуге» бағыну қағидасы алынған болатын. Ол зерттеліп отырған пәндер көптігінен емес, керісінше олардың сапалылығының тереңірек қабылдануында болды (гимназияда оқығандығы, философтар мен ғалымдардың академиялық сабақтар өткізу процесінде жоғары білім алуы, философ-пікірлестер арасында ғылыми білімін ары қарай жетілдіруі).
Ликейдің ғылыми-білімділік қызметі Аристотельдің классификациялық принципіне cәйкес келді. Ол энциклопедиялық және табиғат туралы білімді кеңейтумен ерекшеленеді. Сол жұмысқа танымал ғалымдар тартылды: Теофраст, Эвдем және т.б. Аристотельдің шәкірті Теофрастің кезінде Ликей үлкен кітапханасы, минералдар жинақтамасы, гербарий, грек халықтарының конституция жинағы бар ірі ғылыми орталыққа айналған.
Стагириттің шығармашылығына оралайық. Жоғарыда айтылғандай Аристотель теориялық пәндер қатарына метафизиканы, математиканы және физиканы кіргізген болатын, яғни олардың өзара байланысын алға тарта отырып, олар ойды қажет ететін ғылымдар болатын.
Метафизика мұнда анықтаушы теориялық және логикалық ықпалды анықтайды. Аристотель оны «алғашқы философия» деп атаған болатын. Көптеген зерттеушілер бұл атаудың шартты екенін ескерген болатын, себебі оны «ta meta ta physika» (физикадан кейінгі) емес керісінше «pro to ta physika» (физикаға дейін) деп атаған дұрыс деген тұжырымдарға келген болатын.
«Алғашқы философия» (метафизика) қозғалыста емес және өздігінен өмір сүретінді зерттейді. «Алғашқы философия өздігінен өмір сүретін, бірақ қозғалыссыз нәрсені зерттейді ... Бірақ, егер қозғалмайтын нәрсе болса, онда оны зерттеу алғашқы философияны құрайды және жалпыға ортақ болып келеді. Алғашқы философия нәрсенің, заттың заттылығын зерттеумен айналысады, себебі ол барлығына тән болып келеді» [1. 181-182бб].
«Екінші философия» - табиғатты оқу туралы «алғашқы философиямен» байланысты болып келеді. Бұл философия қозғалыстағы нәрселерді зерттеумен айналысады «Табиғатты зерттеу нәрсені зерттеуге ұқсас келеді, яғни мұнда қозғалыста бола алатын негіз қарастырылады. Ал, шынайылығында табиғат туралы зерттеу еркін өмір сүретін, бірақ қозғалмайтын заттар туралы зерттеу болып келеді» [1. 180- 181бб].
Аристотель бойынша математика пәні қозғалыста бола алмайтын зат. Ол материалдан тыс ойландырады және субстракт ретінде қалыптасады. Мұнда біріншісі математикалық ғылымдарға тиесілі, ал екіншісі математика бөліктеріне тән болып келеді. «Жалпы қарағанда тұтас математика бар және математиканың құрамдас бөліктері бар (мысалы, геометрия). Кейбір математикалық ғылымдар өз пәндерін қозғалыссыз және жеке дара ретінде қарастырады... ал кейбір математика бөліктерін материяға қатысты, тұтастықтың бөлшегі ретінде қарастырады» [1. 181б.].
Сонымен, теориялық ғылымдар бастауға негіз болып отыр. Бірақ, дәлелдеменің негізгі бастауы «алғашқы философия» ретінде қарастырылады, ал математика мен табиғат туралы ғылымдар
«даналықтың» негізі деп танылады. «Математика жалпы тәртіптерге бағынғанымен, оның бастауы алғашқы философия құрамында жатыр». Математика өз пәнінің бөлімдері мен сандық қатынастарын зерттейді, бірақ ол тұтастық ретінде қарастырылмайды, керісінше, ол «екі, үш өлшемдегі зат ретінде қарастырылады». Табиғат туралы оқытулар да заттардың басталуын қарастырады, себебі ол «қозғалыстағының негізі» болып табылады. Бастау себептерге байланысты.
Бастау түрлерінің жіктемесін келтіре отырып Аристотель
«метафизиканың» бесінші кітабында себептердің де түрлерін қарастырып кеткен. Негізгі бастаулар мен себептер заттың түрін сипаттайтын түсініктердің көмегімен анықталады: мүмкіндік және шынайылық.
«Бастау» мәселесі «Физикада» дәлірек айтсақ «Физика дәрістерінде» орын алған, ол сегіз кітапты қамтыған болатын. Аристотель кітаптарының бірінші бөлігін «Табиғат туралы», екіншісін
«Қозғалыс туралы» деп атаған болатын.
«Физикадағы» бастаулар мен себептер білім сипатынан, ғылыми негіздемеден және зерттеулерден туындаған болатын. «Ғылыми негіз себепті анықтаудың білімі мен зерттеулеріне негізделген: білім, зерттеу нәтижесінде анықталатын бастауға, себептерге, элементтерге сәйкес келеді» [2. 61б.].
Аристотель бастаманы басқа түсініктермен байланыстыра отырып қарастырды: дара және көпшіл, сан және сапа, шектілік және шексіздік. Алдағы зерттеушілердің жағдайын бағалай отырып, ол дара мен көпшіліктің мүмкіндік және шынайлылықпен сәйкестігін қарастырған.
«Мұнда олар тығырыққа тіреліп, дараның көпшілік екендігі мен келісе бастады, бірақ дара жеке де бола алады және көптің де құрамына да жатқызылатындығын ұмытпағанымыз дұрыс» [3. 64б.].
Аристотель табиғат түсінігін қарастырған болатын.
«Метафизикада» ол табиғаттың алты түрлі түсінікте емесін келтірген және келесідей қорытындыға келген, «өзінше жеке дара қозғалысы орын алатын зат материя болып табылады; себебі ол барлығының негізін қабылдауға қабылетті, ал әртүрлінің, сондай- ақ бойдың пайда болуы табиғилық болып келеді, себебі ол негіздің қозғалысынан туындаған зат болып табылады. Табиғи заттарының қозғалыс бастауы – негіздің өзі болып табылады, өйткені ол не мүмкіндік, не шынайылық болып келеді. Сонымен, табиғат өзіндік қозғалыстың ішкі қозғалысын сипаттайды [1. 150б.].
«Физикада» табиғат шынайылық ретінде сипатталынады. Табиғат материяға да, формаға да тиесілі, өйткені форма қозғалыстың нәтижесі болып табылады. Негізіде форма – табиғаттың өзі. Физика табиғатты форма және материя ретінде тануы тиіс.
Аристотельде қозғалыс мәселелері бастама мен себептерге байланысты келеді. «Метафизикада» қозғалыс екі қайшылықтың сәйкестігі мен сипатынан туындайды. Осыдан құбылыстардың жіктелуі түрлері анықталады. «Егер құбылыс түрлері төртеу болса, яғни негізгі сапасы, саны, қатынасы, онда құбылыстың өзгеруі осы төрт түрдің сипатының өзгеруіне алып келеді, бұл құбылыс қайшы жаққа өтуін сипаттайды» [1. 301б.].
Аристотель айтқандай, қозғалыс мәселелері «Физиканың» екінші бөлімінде қарастырылған. Мұнда өзгеріс пен қозғалыстың әртүрлі амалдары қарастырылады, бірақ нәтижесінде олар келесідегі дихотомияға келіп тіреледі:

  • қайшылық қағидасы бойынша өзгеру (пайда болу және жойылу);

  • екі жақты қарым-қатынас қағидасы бойынша өзгеру (қозғалыс, сапалы өзгеріс, сандық өзгеріс-өсім және шығын; орын бойынша өзгеру

– орын алмастыру).
Қозғалыс тұтастығының мәселесі маңызды болып табылады, олар
«қозғалыс тасымалдаушысының жоқтығы» деген ұғымға ие болады. Жалпысында, қозғалысты зерттейтін физика басқа да Аристотельдің жалпы ғылыми трактаттарларының теориялық кіріспесі болып табылады. Мысалы, «Аспан туралы» трактатын алсақ, мұнда аспан дегеніміз қозғалыссыз жұлдыздар және жермен қоршалған сфераны қарастырады.
Осыдан, Ғарыштың тұтастығы қарастырылады, яғни «ай үстіндегі» дүниенің ерекшелігі, біздің «ай астындағы» дүние заңдылықтары, олардың дәстүрлі элементтері: жеңіл (от, ауа), ауыр (жер, су), олардың байланысы, қасиеттері, іс-әрекеттері. «Элементтер арасындағы айырмашылық конфигурациямен анықталмайды. Себебі, әрбір элементтің өзіндік қасиеттері болғандықтан, оларды басқаларынан ерекше қарастырғанымыз дұрыс болып табылады».
Сонымен, Аристотельдің ғылыми классификациясы метафизика мен физиканың теориялы-логикалық өзара байланысын нақтылап өзектейді, яғни ол ғылыми феноменнің философиялық талдауының негізі болып табылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет