нақты бөлігі ретінде қарастырды. Философиялық бағыт ретінде пифагореизм философиялық математика шеңберінен шығады, бірақ математикалық білім мәнін анық талқылау оның орталығында орналасады.
Математика бастамасы көне заманнан (Мысыр мен Вавилоннан) басталады. Бірақ, ғылымның көптеген тарихшылары математиканың теориялық пән ретінде пайда болуын кейінгі, оның дамуының грек кезеңіне жатқызады, себебі, мысырлық және вавилондық математикада күрделі және нақты нәтижелердің
көп болуына қарамастан, математикалық, дедуктивті талқылау орын алмаған.
Грек математикасының қосқан маңызды үлесі дәлелдеуде немесе дедуктивті қорытындылауда болып табылады. Гректер арифметикалық амалдардың анықтылығын, шартты қажеттілігін, парасатқа мәжбүрлілігін байқаған және осы жағдайды сандардың ақиқатқа қатынастарының ерекше көрінісі ретінде анықтаған. Пифагорлықтарда философия сандар мен геометриялық
пішіндер мистикасына айналды, кандай да бір дүние туралы тұжырымдаманың ақиқатына жету, оны сандық гармонияға келтіру арқылы орындаған.
Ертедегі пифагорлықтар математикалық заңдылықтың табиғатына, оның анық ақиқатының негізі бар екендігін ойланбаған. Бірақ Платоннның осыған байланысты кейбір теориясын табамыз. Платон үшін математикалық ақиқат туа біткен, рухтың жетілген дүниедегі, өз бетімен алған ақиқаттың әсері.
Сондықтан, математикалық таным тек еске түсіру, оған тәжірибе мен табиғатты байқау қажет емес, оған ақылмен көру ғана қажет.
Математикалық атомизм пифагорлық философиямен қатар болған. Ол Левкипп пен Демокрит атомизмінен келе жатқан нақты математикалық философия. Демокрит бостықта геометриялық құрылғылардың мүмкіндігін жоққа шығарған: ол үшін геометриялық пішіндер атомдардан құралатын материалдық денелер болды. Математикалық атомизм жалпы математика табиғатына ерекше көзқарас ретінде емес, геометриядағы ерекше эвристикалық ой ретінде пайда болған. Бірақ, оның мазмұнында пифагореизмге айқын емес белгілі бір антитеза болған. Пифагорлықтар үшін математикалық объектілер (сандар) онтологиялық мағынадағы дүниенің негізін және оны түсіну негізін құрған болса, атомистік эвристикада математикалық заңдылықтар атомдарға қатынасы бойынша екінші ретті болады. Бұнда
физикалық логикалық тұрғыдан