Субьективтік (тұлғалар) құқық тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормаларының құқық нормалар тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Тұлғаның құқығын құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланыста болғандықтан екі жақта да міндеттер пайда болады.
Екіншіден, «құқық» дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл
обьективтік мағынадағы құқық, себебі іс- әрекеттің жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес.
Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық,
әкімшілік құқық, еңбек құқығы,
отбасы құқығы, азаматтық құқық,
қылмыстық құқық, қаржылық құқық т.б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, «құқық» термині тұлғалық құқық пен обьективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады.