І. Ұйымдастыру кезеңі: Менің сөзім



бет5/5
Дата04.01.2022
өлшемі23,08 Kb.
#109417
1   2   3   4   5
Байланысты:
мамандық таңдау (1)

Интерьер дизайнері – үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.


Модератор-қолданушымен кең кері байланысты (форумдар, блог-платформалар, әлеуметтік желілер) жүзеге асыру үшін сайттар мен интернет-ресурстардың жұмысына жауап беретін заманауи маман. 

6. Талдау:
- Әр топтағы мамандықтарға ортақ не?
- Өзің туралы жаңа не білдің?
Балалар өз ойларымен бөлісіп, талқылау жүреді.

Мамандық таңдаудың 7 қадамы

1 қадам Байыппен бағдарлай біліңіз

Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандық  қызықтыруы мүмкін. Біреулер «туғаннан маңдайына жазылған» ата-анасының жолын қуады. Біреулер жоғары оқуорнына ең жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, аленді біреулер үйіне жақын оқу ғимаратына құжат тапсыруға асығады.

Мамандықтаң таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен былайша атүсті қарау жеңілтектіктің белгісі. Сондықтан бұл мәселенің шешімін мүмкіндігіңіз ше аса мәнберіп, байыппен қабылдаңыз.

2 қадам Дұрыс шешім өз қолыңызда

Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шығаалмай қалмаңыз, олар не айтсада, бұл– сіздің тағдырыңыз.



3 қадам Бейімділігіңізді ескеріңіз

Бастапқыда өз қалауыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Мектеп бағдарламасынан қай пән ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Сіздің бейміділігіңізге көп нәрсе байланысты.



4 қадам Өзіңізді сынақтан өткізіңіз

Бәрінен бұрын өзіңізді өз ой елегіңізден өткізіңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан  мен нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп нәрсе білуге тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерін іс барысында көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын мекемелерге экскурсияға шығыңыз. Программист болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана қанағат тұтпай, ең болмаса бір қарапайым бағдарлама жазып көріңіз. Дайындық курстарына жазылсаңыз тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл жазғы каникул кезінде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс-бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.



5 қадам Сұранысты да  назарда ұстаңыз

Болашақ мамандығыңыздың еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білуде пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған конкурстарда, интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандықтарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы бар. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызды қай жоғары оқу орнында қалай даярлайтынын анықтаңыз. Дегенімен, нарық қажеттілігі құбылмалы. 3-5 жылдан кейін мүлдем басқаша болуы мүмкін. Демек, жүрегіңіздің таңдауына жүгінгеніңіз абзал.



6 қадам Мамандар не дейді?

Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде мектеп психологы немесе психолог-кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы  психологиялық тесттер де бар.



7 қадам Қорытынды шешім

Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңіз ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екі бөлікке бөліп, плюс және минус жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтынын сызып тастаңыз. Тізімде 3 пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп – ең соңғы шешім қабылдаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет