Білім және ғылым министрлігі. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Сорбонна-Казахстан институты.
СӨЖ
Орындаған: Оразбаева Д.А
Тексерген: Маткаримова Л.К.
Алматы 2020
Жоспар:
I Кіріспе
Қаржы механизмнің мәні, ұғымы
II .Негізгі бөлім
Қаржы механизмнің құрылымы, элементтері, буындары.
Нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржы механизмі
Қазақстан Республикасының қаржы механизмнің қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың ерекшеліктері
III.Қорытынды.
Пайдаланылған Әдебиеттер Тізімі
I.Кіріспе
Өзіндік жұмысымның мақсаты – нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржы механизмінің мәнін, элементтері мен буындарын зерттеу. Мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікгі орғандарының қаржы механизмі деп бөлуге болады. Жұмыстың міндеттері. Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру;
в) нарықтық қатынастардағы қаржы механизмінің мәнін, элементтерін қарастыру т.б.
Өзіндік жұмысымның құрылымы. Кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1.Қаржы механизмнің мәні, ұғымы.
Әрбір экономикалық категория экономикалық қатынастардың түрлері, нысандары мен әдістеріне сәйкес өзінше ерекшеленеді. Осындай- қатынастардың түрі, нысандары және әдістері түсінігі- экономикалық өмірде сәйкес үрдістерді басқару құралы ретінде жүзеге асырылады. «Механизм» түсінігі экономикалық түсінікте белгілі бір қызметке өзгеріс әкелетіндей әрекет пен құрал мағынасын береді. Осыған сәйкес бұл түсінік қаржы саясатының міндеттерін атқарушы құрал ретінде қалыптасады. Қаржы механизмі толығымен шаруашылық механизмі ретінде жүзеге асырылады. Қаржы механизмі жүйелілік талдау, блок, элемент тәрізді буындардан тұрады. Қаржы механизмінің ішкі жүйесі дегеніміз қаржы механизмінің – қаржылық жоспарлау, қаржылық тетіктер мен күштер, қаржы механизмінің ұйымдық құрылымы мен құқықтық режимі, басқаруды ұйымдастыру сияқты ішкі күштерін құрайды.
II .Негізгі бөлім
1.Қаржы механизмнің құрылымы, элементтері, буындары.
Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге — қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнынын құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірнуіне айналдырып, іске асырады. Ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизмі құрамды және ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.
Қаржы механизмі — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кірігіреді.
Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікгі орғандарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.
Жалпы шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі құрлымы бар және ол айтарлықтай күрделі. Қаржылық өзара байланыстардын, көптігі қаржыны ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін алдын ала анықтайды. Қаржы механизмінің құрлымы қаржы қатынастарын топтастыру тұрғысынан қаржы жүйесін қамтып көрсетеді.
Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталаңдырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру.
Қаржы механизмінің блогы (буыны) — бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы.
Қаржы механизмінің элементі — бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өңдіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.
Әрбір элемент біріңғай қаржы механизмінің құрамды бөлігі болып табылады, бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.
Қаржы механизмі элементтерінің — қаржы қатынастарын ұйым-дастырудың нысандарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі "қаржы механизмінің конструкциясын" құрайды, ол механизмнің әрбір элементінің сандық параметрлерін бслгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын, қорлардың көлемін, шығындардың деңгейін және басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі. Сандық параметрлер мен оларды анықтаудың сан алуан өдістері қаржы механизмінің ең шамдағай бөлігі болып табылады. Олар түзетулерге жиі ұшыранды, өндіріс жағдайлары мен қоғам алдында тұрған міндеттердің өзгерісін сергек сезіп отырады. Мысалы, табысты (пайданы) бөлудің әдістері және кәсіпорын мен мемлекет арасында онын бөлінуінің ара қатысы әлденеше рет өзгереді, салықтардың мөлшерлемелері түзетіледі және т.б
2.2 Нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржы механизм.
Шаруашылық және қаржы механизмдерінде қаржы-экономикалық нормативтер мен лимиттер пайдаланылады. Нормативтер — шығындардың немесе ресурстарды бөлудің есептік түрде негізделген мөлшерлері, лимиттер —ресурстарды пайдаланудың шекті мөлшерлері (көлемдері) қаржылық жоспарлауда пайдаланылады. Олардың көмегімен жалпы мемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделердің бөлгішік қатынастарыңдағы оңгайлы ұштастыру, экономикалық және әлеуметтік дамудың перспективалық және ағымдағы жоспарларының тапсырмаларын іске асыру үшін мемлекеттің, аймақтың, басқарудың салалық және ведомстволық органдарының, шаруашылық құрлымдарының ресурстарға деген қажеттіліктері қамтамасыз етіледі.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қалыпты ағыны экономикалық саясат пен механизмнің құрамды белігі ретіндегі қаржы саясаты мен қаржы механизміне байланысты. Дұрыс тұжырымдалған қаржы саясаты, анық етіп қалыптастырылған, синхронды жұмыс істейтін қаржы механизмі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдеседі. Кері тенденция да болады: егер қаржы саясаты экономикалық заңдардың іс-әрекетін толық ескерілмесе нсмесе олармен қарама-қайшылықта болса, онда тиісті қаржы механизмі ұлттық шаруашылықтың, саланың, аймақтың және т.б. өндірістің мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайды немесе пайдалануға оның халі жоқ; мұндай жағдайда қоғамның экономикалық дамуы тежелінеді (тежеуіштелінеді), жағымсыз құбылыстар қордаланылады, қоғамға қарсы процестер пайда болады. Мұндай жағдай объективті экономикалық заңдардың талаптарын елемейтін басқарудың әкімшіл-ерікшіл, тым орталықтандырылған әдістерін қолданғанда қалыптасады.
Қаржы механизмінің әрбір сферасы мен жеке буыны бірыңғай бүтіннің құрамды бөлігі болып табылады. Олар өзара байланысты және өзара тәуелді. Сонымен бірге салалар мен буындар біршама дербес іс-әрекет етеді. Бұл жағдай қаржы механизмі құрамдастарының үнемі қиысуын қажет етеді. Қаржы механизмінің құрамды (құрылымдық және функциялық) буындарының іштей үйлесуі оның ұтымдылығының (әрекеттілігінің) маңызды шарты болып табылады.
Қаржы механизмінің сфералары мен буындары жеке элементтердің күрделілігімен және тарамданушылық дәрежесімен ерекшеленеді. Мысалы, бюджет механизмі салықтардың коп түрінен түратын жүйе, оған қаржыны пайдаланудың сан алуан бағыттары мен қаржылаңдыру әдістерінің болуы тән. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде қорланымдардың жеке нысандары арасындағы қарым-қатынас анықталады, табыс (пайда) бөлініске түседі, қорлар құрылып, пайдаланылады. Сақтық ұйымдарында резервтік қор жүйесі кең дамыған.
Қаржы механизмінің маңызды құрамды бөлігі қаржы ынта-тандырмалары — іс-әрекеті шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық мүдделсрімен байланысты болатын экономикалық түтқалар болып табылады. Үдайы өндірістің сапалық жағын ынталандыру кезінде қаржы экономикалық мүдделерді, ынталандырмаларды қамтамасыз ету бағытында пайдаланылады. Бұл орайда экономиканы сапалық ынталандыру басым болады.
Қаржының өзара байланыстарының көптігі қаржыны ұйымдастырудың түрлі нысаңдары мен әдістерін алдын ала анықтайды. Қаржы саясатын орындауға арналған қаржы механизмін жасаудың үлкен маңызы бар. Қаржы саясатын жүргізу процесінде шарттарды есепке алу әлеуметтік қамсыздандырумен, салықтарды реттеумен, ғылыми-техникалық процесті дамытумен, ондіріс процесінің проблемаларын шешумен, мақсатты бағдарламаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен, барлық аймақтардың шаруашылығын дамытумен байланысты қойылған міндеттерді іске асыру үшін қажет тиісті тәсілдер мен әдістерді айқындауды талап етеді. Мемлекет объективті заңдардың негізінде жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлудің нысандары мен әдістерін анықтайды. Мемлекет салықтарды, қаржы ресурстарын пайдаланудың қағидаттары мен бағыттарын, амортизация саясатын белгілейді. Мемлекет қаржы қатынастарын ұйымдастырудың амалдарын нормативті түрде ресімдей отырып, жоспарлау мен болжауды жүзеге асырады. Бұл орайда бақылаудың маңызы зор.
Қаржы ынталандырмаларының мынадай топтарын бөліп көрсетуге болады;
1. Қоғамдық өндіріске ресурстарды инвестициялаудың неғұрлым тиімді бағыттарын таңдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын қаржы ынталандырмалары. Осыған байланысты мақсатты бағдарламаларды дұрыс әзірлеу мен оларды жергілікті ресурстармен (бюджеттің көмегімен) қамтамасыз ету маңызды.
Каражаттарды инвестициялаудың негізгі бағыттарын таңдау кезіңде қаржы сиымдылығы мен қаржы қайтарымы көрсеткіштеріне үлкен көңіл бөлінеді. Қаржы сиымдылығы — бағдарламаны орындауға талап етілетін қаржы ресурстарының саны. Қаржы қайтарымы — салынған ресурстарға алынатын қаржы қаражаттарының саны.
Қаржы сиымдылығын төмендету және қоғамдық өндірісте қаржы қайтарымын арттыру негізгі мәселе болып табылады. Бұл орайда қаржы ресурстарын өсірудің маңызды резерві қоғамдық өнім құнының жақсартылған ұдайы өндірістік құрылымы болатындығын есте ұстау қажет. Қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі көзі болып табылатындықтан, қоғамдық өнім құнында табыстың (пайданың) үлесі неғұрлым жоғары болса, қаржы ресурстарын өсіру резервтері соғұрлым жоғары болады.
2. Арнаулы көтермелеу қорларын пайдалану.
3. Өндірісті интенсивтеңдірудің бюджеттік әдістерімен байланысты қаржы ынталандырмалары.
Белсенді қаржы саясатын жүргізе отырып, өңдірісті көтермелеу үшін мемлекет бюджеттің кірістері мен шығыстарын пайдалана алады. Бюджеттің кірістері бюджеттің ынталандырмаларына айналуы үшін төлемнің әрбір түрі тек фискалдық фукцияны ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы функцияны да орындауы қажет. Қаржы механизмі мен қаржы саясаты қаржы қүқығымен тығыз байланысты. Заңды нормалардың болуы бүкіл қаржы жүйесіндс бірыңғай талаптар белғілеуге жағдай жасайды.
Қаржы құқұғы қаржы саясатын қалыптастыру мен жүргізудің тетігі болып табылады жәнс экономикалық саясатқа әсер етеді.
Бұл байланыстарды дәйекті түрде былай көрсетуге болады:
1. Қаржыны бұл категорияның мүмкіндіктерін танып білу арқылы пайдалану.
2. Қаржы саясатын құқықтық ресімдеу.
3. Есептерді шешудің тәсілдері мен әдістерін дамыту және іске асыру.
4. Қаржы құқығы қаржы қатынастарын регламенттеуді жүзеге асырады.
Қоғам дамуының белгілі бір кезеңінің ұсынылатын және шешілетін міндеттеріне, оның шаруашылықтың сферасын, саласын дамытумен байланысты бұл қатынастардың бөлігіне сәйкес қаржы механизмінің, оның буындарының, тұтқаларының, элементерінің күрделі жүйесі ән бойы өзгерісте, озара іс-қимылда болады.
Қаржы механизмін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады.
Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты қаржы механизмі қайта құрылуда. Қаржы механизмін қайта құрудың мақсаты — нарықтық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету. Қаржы механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықта қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа козқарас қойылған, ол жұмыстың түпкілікті нәтижелері үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың, аймақтардың шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамасыз етеді.
Экономика дамуының қазіргі кезеңде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді сндірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр.
Сонымен, менің пікірімше қаржы механизмінің негізгі мақсаты — нарықтық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту үшін және қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін қажет.
2.3 Қазақстан Республикасының қаржы механизмнің қалыптасуы
Қазіргі уақытта қаржы саясатының еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын тежеп отырған кемшіліктері өте айқын көріне бастады. Оларға мыналар жатады: қаржы саясатының догматикалық (үзінді-кесілді, шығармашылық емес) сипаты, оның мемлекетіміздің дамуының өзгеріп отырған жағдайына тез құлақ асуға, толғағы жеткен міндеттерді шешу үшін керекті әдістерді табуға қабілетсіздігі, стратегиялық концептуалды талдамалардың жоқтығы; болмашы пайдаға бағытталған жарым-жартылай, жеткіліксіз негізделген тактикалық шараларды жүргізу; қаржы саясатының ұлттық шаруашылықтағы істің нақтылы жағдайынан қол үзуі; қаржы шаруашылығын дұрыс жүргізудің маңызды талабының — қаржыға қарай өмір сүру талабының бұзылуы; азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандырудың қаржы базасын анықтаудағы әлі күнге дейін орын алып келе жатқан қалдықты тәсілдеме
Қаржы саясаты экономикалық саясаттың нысаны бола отырып, оған тән өзгеше тәсілдермен және әдістермен мақсатқа жетуге және экономикалық саясат қойған міндеттерді орындауға көмектеседі.
Жаңа қаржы стратегиясы меншіктің әр түрлі нысандарын, нарықтық қатынастардың дамуын, тауар рыногінің толық құқықты жұмыс істеуін, жұмыс күшін, капиталдарды ескере отырып жасалуы тиіс. Қоғам өмірінің экономикалық және әлеуметтік салаларына қаржымен ықпал жасаудың негізгі әдістері мыналар: салық салу, қаржы ресурстарын шебер пайдалану, қаржыландыру, қаржы рыногі және басқалары. Дүниежүзілік тәжірибе мұндай шаралардың икемділігі мен тиімділігін дәлелдеп отыр.
Қағидалы жаңа қаржы саясатын ұйымдастырудың негізіне ең алдымен экономикалық жүйе шеңберіндегі ақша (қаржы) қатынастарына деген әр түрлі көзқарасты өзгерту жатуы тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материалдық-заттық, ақша ағымдарының күнделікті әрі перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді — мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен мемлекеттік борыштың мөлшерін, инфляцияның қарқынын төмендету және т.т. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айла-шарғы (манипуляция) жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.
Қаржы саясатын нақты тарихи жағдайларға байланыстыра отырып жасау қажет. Олар қоғам дамуының әрбір кезеңінің өзгешелігін, ішкі, сол сияқты халықаралық жағдайдың да ерекшеліктерін, мемлекеттің нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескеруі тиіс. Қаржы ресурстарының көлеміне белгіленген және жұмсалған шығындардың тікелей тәуелділігі жай ғана қаржы саналылығының айғағы болып табылады және шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қолдап отырылуы тиіс. Бұл маңызды талапты сақтамау бюджет талшылығының мемлекеттік борыштың пайда болып, көбеюіне, инфляциялық процестерге ұрындырады.
Кезең ерекшелігін есепке алу оның алдыңғы шаруашылық және қаржы құрылысының тәжірбиесін, жаңа тенденциялар мен прогрессивті құбылыстарды, дүниежүзілік тәжірибені мұқият зерделеуді де қажет етеді. Ағымдағы кезеңнің ерекшеліктерін, экономикалық дамудың толғағы жеткен қажеттіліктерін есепке алу негізінде қаржы саясатын дер кезінде өзгертіп отыру алдыда тұрған мәселелерді неғұрлым қысқа уақытта және ең аз шығындармен шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясатына қойылатын маңызды талап қаржы саясатын жүргізгенде, яғни дамудың белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ экономикалық саясаттың құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға белгілеу, жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржы саясатының мақсаты — қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жаңдандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында каржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Адамдардың экономикалық мүдделеріне, тауар-ақша қатынастарының әрбір қызметкердің бастамасының және шығармашылығының ең жоғары жиынтығын пайдалана отырып, олардың белсенділігін ынталандыруға бағытталған саясат пен оны іске асырудың механизмі жоғары нәтижелер беретінін тарих көрсетіп отыр.
Жалпы алғанда бұл өндіргіш күштердің едәуір бүлінуіне, құрылымдық үйлесімсіздіктің тереңдеуіне, экономика мен қоғамның ұзақ дағдарысына, халықтың негізгі массасының тұрмыстық деңгейінің құрт төмендеуіне апарды. Қоғамның эволюциялық дамуының критерийлерін бұзудың бағасы осындай, мұндағы едәуір үлес экономикалық және қаржы саясатының негізгі қағидаттарын сақтамаумен байланысты болған еді.
Сондықтан Қазақстан жағдайындағы қаржы саясатының міндеті экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін онтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жаңдандыру, әлеуметтік багдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.
2.4 Қаржылық бақылаудың ұғымы, міндеттері және функциялары
Қаржылық бақылау функциялары халықтың экономикалық шаруашылық қызметінің барлық саласына таралады.
Қазақстан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру түрлеріне байланысты: жалпымемлекеттік, муниципалдық (жергілікті), ведомствалық, қоғамдық, тәуелсіз (аудиторлық) және меншіік иесінің бақылауы болып бөлінеді (қосымша А).
Жалпымемлекттік бақылауды мемлекттік органдар мен биліктегі органдар атқарады, олар:
Президент, Президенттің қарамағындағы Есеп комитеті, Президент аппараты;
ә) Екі палаталы (Сенат және Мәжіліс) Парламент және оның комиссиясы;
б) Үкімет және оның орталық органдары;
в) Жергілікті (өкілеттік) органдар (маслихаттар);
г) Жергілікті әкімшілік органдар (әкімшіліктер).
1. Қазақстан Республикасының Президенті қаржы жүйесі басқаруда өте үлкен құқыққа ие және оның бақылау функциялары оның аппараты арқылы жүзеге асады. Қазақстан Республикасының Президентінің нұсқауларын, қаулыларын және бұйрықтарын іске асыруды бақылау үшін, арттыру үшін Президент аппаратында ұйымдастырушы – бақылау бөлімі бар. Жалпы президент органдардың қызметіне бақылау жасайды.
2. Президент қасындағы негізгі мемлекеттік органдардың бірі – Есеп комитеті. Оның төрағасын Президент тағайындайды. Бұл комитет бюджет орындалуының мониторингісін және аудитін қамтамасыз етеді. Есеп комитеті тура Қазақстан Республикасының Президентіне бағынады және оған есеп береді. Ресей, Белоруссия, Украина және басқа да ТМД елдерінде бюджет-қаржы бақылауы есеп палаталарына, мемлекеттік салық ведомсваларына, қазынашыларға, бақылау-есептеу, жоспарлық және бюджеттік қаржы полицияларына, орталық халық банкілерінің қаржылық бақылауына, мемлекеттік мүліктік қорларға, статистикалық және антиммонополиялық агенттіктерге жүктелген
3. Қазақстан Республикасының Сенат және Мәжілістен тұратын екі палаталы Парламенті Үкімет құраған заң актілерінің жобаларын талқылайды, оларға өзгерістер енгізеді және бюджетті бекітеді. Бақылау жүйесінде үлкен құқықтары бар Парламенттің жұмыс органдары Сенат және Мәжілістің тұрақты Комитеттері, оның ішінде экономика және қаржылық бюджет комитеттері, бұларда мемлекттік маңызы бар нормативтік-құқықтық актілердің жобалары өте қатаң қаралады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің қаржы органдары арқылы экономикалық аса маңызды жергілікті атқару органдарының міндеттілігіне кіретін, әкімшілік-территориялық және шаруашалық құрылымдардың бақылауын жүргізеді. (Президент, Парламент қабылдаған және өздерінің қаулылары мен тапсырмаларын) Үкімет органдары олардың заңдарды, үкімдерді және басқа да құқықтық-нормативтік актілердегі жүйесіне бақылау жасайды. Үкімет талдау, қарау және индикативті жоспарларды бекіту, әр түрлі сфералар мен салаларындағы, аймақтардағы экономиканың және басқарудың алдын ала және өткен салаларына бақылау жүргізеді.
5. Үкіметтің мемлекеттік қаржы бақылауын орындайтын орталық органдары: Қаржы Министрлігі, Қаржы полициясының Агенттігі, Халық Банкі, Экономика және бюджетті жоспарлау Министрлігі, Қазынашылық, қаржы бақылау комитеттері, Салық комитеттері және басқа республикалық ведомсволар. Олар шаруашылық, мәдениет және әлеуметтік-экономикалық салалардағы субъектілердің қызметін тексеруге өздеріне бекітілген құқықтары бар. Бұл органдар жоспар, смета және қаржы тәртібін сақтау, дұрыс есептелу, толық және уақытында салық төлемдерінің бюджетке түсуін, мемлекеттік қаржының дұрыс және заңды түрде жұмсалуын, бухгалтерлік есептің, статистикалық және салықтық есептің, қаржы есебінің дұрыс толтырылуын және де басқалардың дұрыстығын бақылайды.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің орталық аппаратына Бюджет департаментін, Салық саясаты департаментін, Қазынашылық, Қаржы бақылау комитетін, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментін, бухгалтерлік есеп пен аудит әдісеамалық басқармасы кіреді.
6.1. Бюджет департаменті мемлекеттік бюджеттің жобасын жасауды ұйымдастырады, бюджеттік қаржыландыруға талдау жасайды, бюджетке есеп жүргізеді.
6.2. Салық саясаты департаменті салық турады заң жобаларын дайындауды, дұрыс есептеу, толық және уақытында бюджетке барлық төлемдердің түсуіне бақылау жасайды.
6.3. Қазынашылық бюджеттің кассалық орындалуын бақылайды.
6.4. Мемлекттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік мүлікке ие болады және ол мүліктің басқа мүлік түрлеріне ауысуын орындайды.
6.5. Әдіснамалық бухгалтерлік есеп пен аудит басқармасы Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен аудитті қарайды.
7. Мекемелерді қайта ұйымдастыру және тарату Агенттігі төлемсіз және банкроттықты болдырмау туралы мемлекеттік саясатты жүргізеді, сол сияқты шаруашылық субъектілерін басқаша құру және төлеуге шамасыкелмейтіндерді тарату процестерін, олардың қаржылық жағдайын және төлей алмайтын мүмкіншіліктерін бағалайды, банкроттыққа байланысты нормативтік және методологиялық базаларын жасау жұмыстарын ұйымдастырады.
8. Кедендік бақылау Агентігі Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесін шет экономикалық қызметі барысында қорғайды, кеден саясатын жүргізуде мемлекеттің қаржы ресурсының ауқымды бөлігі болатын кедендік салымдар жинау қызметін атқарады.
9. Президенттің №536 2001 жылдың 22 қаңтарындағы Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметін жетілдіру шаралары туралы жарлығына сәйкес Үкімет құрамына кірмейтін, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы Агенттігі құрылды. Бұл Агенттікке таратылған салық полициясы Комитеті мен Салық полициясы Академиясының функциялары мен құқықтары беріледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы Агенттігінің алдына экономика және қаржы қызметі саласындағы қылмыстарды болдырмау, анықтау және табу міндеті қойылды.
10. Мемлекеттік қаржыны басқару және бақылау саласында шетелдік инвестиция Агенттігі, инвестиция бойынша Комиссия, бағалы қағаздар бойынша Комиссия, бәсекелестік қорғау және монополияны реттеу туралы Агенттік, Қазақстан Республикасының Халық Банкі және басқалар да елеулі қызмет атқарады.
11. Арнайы бақылау органдары:
- Заттардың сапасын стандарттау, метрология және сертификаттау мемлекеттік комитеті.
Мемлекеттік санитарлық инспекциясы.
Жол полициясы Департаменті.
Мемлекеттік өрттен сақтау инспекциясы.
Төтенше жағдай Агенттігі.
12. Муниципалды бақылауды жүргізетін әкімшіліктер, мәслихаттар және басқа да тиісті билік органдарының барлық тібектері және олардың қызметтері, олар қаржы бақылауын бюджетті қарағанда және оны бекіткенде, олардың орындалуы туралы есепті қарағанда, ревизия және инспекторлық тексерулер жүргізгенде өздеріне берілген құқықтарға байланысты жүргізеді.
13. Ешкімге бағынышсыз бақылауды санаттық куәліктері мен лицензиялары бар аудиторлық фирмалар және жеке аудиторлар жүргізеді.
14. Меншік иесінің бақылауы – ол өз ішіндегі, корпоративтік, жеке, ішкі шаруашылық бақылауы және қаржы қорытындысының аудиті, бухгалтерлік есеп пен есептің жағдайы, маркетинг, менеджмент заңдылықтарының сақталуы, қаржыны, еңбек және материалдық ресурстарды басқарудың дұрыс шешімі мен оның тиімділігі.
Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасында қалыптасқан нарықтық қатынастардағы қаржылық бақылау жүйесінің даму кезеңіне мыналар қажет:
Бақылаушылық-ревизиялық жұмыстардың әдіснамалық орталықтары негізінде Есептік комитет пен Қаржы Министрлігінің ролін күшейту. Осы органдардың бақылау қызметінің негізгі назарын тексеру кезіңде әдіснамалық басшылықтың, өндірістердің бюджеттен бөлінген қаражаттандырудың және басқалардың дұрыс қолдануын, әдіснамалық басшылықты күшейту.
Жалпымемлекеттік ведомстволық және тәуелсіз аудиторлық жалпы қаржы бақылауының экономикалық бақылау органдарының принциптерін енгізетін, ол бақылау келісімшарт негізінде, ақылы және қарым-қатынас арқылы тексерушілер, аудиторлар және тексерілетін өндірістер арасындағы қатынастар арқылы желі құру.
Ведомствалық бақылаудың кемшіліктеріне қарамастан оны сақтау керек, өйткені, ведомствалық бақылау бір басқару саласының бөлігі болып табылады, ол салада өте тәжірибелі, өз технологиясы және саласын терең меңгерген жоғары санатты мамандар қызмет атқарады.
Қаржы органдарының қызметін жиі және уақытында мемлекеттік бюджеттің жасалуын және орындалуын, облыстық, аудандық, селолық және ауылдық әкімшіліктің бюджеттерін, сол сияқты барлық саладағы аса қиын бақылау ревизиялық ведомсвалық тексеру жүргізетін, сол сияқты шетелдік, бірлескен және мемлекеттер арасындағы корпоративтік қатынастарды тексеретін Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Комитетінің бақылау саласын кеңейтіп және қосымша құқықтар беру қажет.
Қаржы органдарының бақылау-ревизиялық аппараттары мен ведомствалық бақылаудың арнайы бақылау қызметін Салық комитеті және кеден бақылауы да біршама қосымша атқарады. Бұл жоғарыда көрсетілген органдардың арасында олардың қызметтерінің нақ бөлінбегенін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының “Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындаоуына бақылау жасау”, “Шаруышылық субъектілер туралы”, “Мемлекеттік кәсіпорын”, “Акционерлік қоғамдар туралы” Заңдарға және басқа сәйкес бақылауды ұйымдастыру меншік иесі ретінде мемлекетке, меншік иелері мен акционерлерге жүктелген. Сол сияқты әрбір адамның және адамдар топтарының меншік иесі, төлеушілер қоғам мүддесі жалпы бюджеттің шығыс және кірісі мемлекеттің қаржылық бақылауды сақтауды және оны нығайтуды талап етеді.Нарықтық қатынастардың өсуіне байланысты тәуелсіз аудиттің де өсуі және оны қолдану көбейеді, ол мемлекеттік және ведомствалық бақылаудың қысқаруына әкеледі.
Аудиторлық тексерулерді сапалы жүргізу жалпы әртүрлі тексерулер мен оларды жүргізетін Экономика Министрлігі, Қаржы Миинистрлігі, Статистикалық Агенттік, Монополияны шектеу және бәсекелестікті қорғауды реттеу Агенттігі мамандарының қысқаруына әкеледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің кеңейтілген коллегияларында тоқсан сайын Қаржы бақылау комитетінің жұмысы қаралады, жалпы мемлекет бойынша және аймақтарға қаржы жағдайы туралы баға беріледі. Бюджеттің кіріс бөлігінің өсу траекториясы Қазақстандағы жағдайдың шет елдің минералды ресурстар мен жағармай бағасының жақсы көрсеткіштеріне ғана емес, сол сияқты Халық Банкісімен біріккен орта көрсеткіштегі бюджет саясатын жоспарлау, бюджеттік-қаржылық бақылауды халықтың экономиканы басқаруда күшейтуде болып отыр.
Бюджетті орта және тез жоспарлау тек мемлекет деңгейінде емес, аймақтық деңгейде де қолданылуы керек. Ол шығыс сметасының жоғарылуына жол бермейді, қарыз міндеттемелерінің уақытын қысқартады, бюджеттің және басқалардың тура жұмсалуына бақылауды күшейтеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мәліметіне сай, мемлекеттегі қаржы-экономикалық жағдай 3-ші мыңжылдықтың басында қолайлы болып тұр. 2000-2003жж. шығыс пен кредит бекітілген бюджетке сәйкес қауіпсіздікке, Отан қорғау, білім, мәдениет, спорт, қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту, жаңалық жүйелерін дамыту, зейнетақы төлеу және басқалары толық орындалған.
Сол сияқты кемшіліктер де бар, ол мемлекеттік қызметтің келісімшарт талаптарын жылдық сметаны тағайындаудан және Қазынашылық органдарда тағайындалмай тіркеуге тұру, акциздік бензин және жағармай жинау, импорттық баж салығы және басқалары туралы жоспарды толық орындамау.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінде бюджеттік құрылымдарды мақсатсыз жұмсау өте бір ерекше мәселе ретінде ылғи да қаралады. Осы жағдайлардаға байланысты Қазынашылық Комитеттің республика территориясындағы барлыұ өндірістер туралы мәліметтерді толық және нақтылы жинауды талап ететін қазынашылық сметаны жетілдіру жүргізеді. Жаңалықтарды бір сметаға келтіру мемлекетке сол уақытында және нақты мемлекет территориясындағы әрбір тұлғаның қаржы жағдайын және ақша айналымын анық біліп отыруға жеткізеді. Қаржы бақылау Клмитеті жалпы жағдай туралы мониторингтік бақылау жүргізеді.
Мысалы, 2000-2003 жж. қаржылық бақылау қызметкерлері 17,8 млрд. теңге қаржы тобын бұзушылықты анықтап отырған. Бақылау-ревизиялық шараларды жүргізу барысында республикалық бюджетке 2,4 млрд. теңге қайтарылды.
Қазақстан Республикасының “Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын бақылау” туралы Заңының қабылдануына сәйкес бақылаудың принципі өзгерді, өйткені ркспубликалық бақылау органдары тек қана тексерілетін мекемелердегі кемшіліктерді анықтаумен ғана емес, көп жағдайларда оны болдырмауға күш жұмсайды.
Осыған сәйкес мемлекеттік қаржы бақылауы сметасында, бюджеттік басқару саласындағы кемшіліктер мен қылмыстарды бюджетті мемлекеттік және басқа қаржы экономикалық мемлекеттің ресурстарын пайдалану саласындағы кемшіліктер мен қылмыстарды болдырмау үшін үлкен алдын алу жұмыс жүргізу қажет.
III. Қорытынды.
Жалпы алғанда менің түсінігім қаржылық бақылау дегеніміз,қаржы жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды құру, бөлу, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызметі. Қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды жүргізуге, қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржылық бақылаудың құн катигориясын пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше саласы ретінде мақсаты және белгілі бір қолдану аясы бар. Қаржылық бақылаудың объектісі болып қаржы ресурстарын, оның оның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық звенолары мен деңгейлерінің ақша қаражаттары қоры нысанында, құру және пайдалану барысындағы ақшалай, бөлу үдерістері танылады. Қаржылық бақылау мынадай тексерулерді қамтиды: экономикалық заңдардың талаптарын сақтау; жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің оңтайлы пропорциясы; бюджетті құру және орындау (бюджеттік бақылау);шаруашылық жүргізуші субъектілердің, бюджеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа да заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мен еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану; салықтық бақылау.
Ал біздің еліміздің экономикасына келетін болсақ,әліде даму үстіндеміз және де экономикамызды дамыту үшін тек бір ғана емес бірнеше әдістер қолданылады,дамуымызға ат салысып көмектесіп келе жатқан білікті де білімді мамандарымыз жетерлік.Теория жағынан келетін болсақ мен барлық терминдермен өзгерістерді бездің жағдайымызды өзімнің жұмысымда жазып көрсетіп кеттім.Соның әсерінен жақсы жағынан ой қалыптасты деп үміттенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит:теориясы, әдісанамасы, тәжірибесі/Д. О. Абленов//оқу құралы//2007
2. Қаржы//оқу құралы/Алматы 2007//С. Құлпыбаев//
3. Қазақстан қаржы нарығы//оқу құралы//О. Баймұратов/2007/
4. Г.С. Сейткасымов Ақша, Несие, Банктер. // Алматы, Экономика 2005ж.
Достарыңызбен бөлісу: |