Зерттеуге негіз болған материалдар: архив материалдары, туризм орталығы мен экология орталығының материалдары, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет жүйесі, кітаптар, газет – журналдар.
І.Кіріспе
«Ғарышқа бастаған қадам»
Адам баласы атам заманнан бері армандаған арманы, ғасырлар бойы бос қиял саналып келген ойлары бүгінде батыл жүзеге асуда. Ғылым мен техниканың жете дамыған заманында көптеген жетістіктерге қол жетіп, жаңалықтар жасалды. Жұмыр басты пенденің ежелден басты бір арманы ғарышқа көтерілуі еді. Осы жолды талмай іздену нәтижесінде 19 ғасырда ұшақ жасап, аспанды бағындырады. Одан әрі көтерілуді ойлағанымен, сол кездегі ғылым саласындағы жетістіктер әлі де болса тиісті дәрежесіне жетпеген еді. Дегенмен, 20 ғасырдың екінші жартысында бұл мақсатта орындалды. АҚШ, КСРО, Франция және Қытай елдеріне ғарыш айлақтары салынды. КСРО – ның даңқын әлемге әйгілеген Байқоңырдың қазақ жерінде орналасқанын орынды мақтаныш етеміз. Сол Байқоңырдан адамзаттың алғашқы өкілінің ғарышқа жол тартқанына 60 жыл болды.
Ұлытау тауының сілемінде, Қызылорда облысындағы Төре Там қаласының маңында 6700 шаршы шақырым аумақты алып жатқан әлемдегі ең ірі ғарыш айлақтарының бірі – Байқоңыр орналасқан.
Ғарыш алаңының қазақ жеріне салыну себептері
1) Жердің елді мекендерден қашық болуы
2) Экватор жазықтығына жақындығы
3) Қолайлы қону айлағы
4) Зымыран ұшыру қауіпсіздігі.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.“Қазақтың арманын ғарышқа жалғаған...”
Тоқтар Әубәкіров
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы
27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
1-ші Май ауылында дүниеге келді.
Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті
уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен
шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан
кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз
аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып,
Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы ерте дүние салды.
Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба,
Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.
1962-65жж. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды.1976ж. Мәскеу авиация институтын бітірген 1979ж.. Мәскеудегі А.И.Микоян атындағы Тәжірибелік-конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшы.Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қазір зейнеткер, сәйгүлік баптап, саят құрып жүрген жайы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |