І. Кіріспе «Ғарышқа бастаған қадам»



бет4/6
Дата05.06.2023
өлшемі22,07 Kb.
#178303
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
байконыр жоба

Юрий Алексеевич Гагарин
Ю.А.Гагарин 1934 жылы 9 наурызда қарапайым колхозшылардың отбасында дүниеге келген. Оның 1961 жылы 12 сәуірдегі алғашқы адам болып ғарышқа сапар шегуі оны батыр дәрежесіне жеткізеді. Ол атақ оған лайық еді. Неліктен? Себебі, ол ғарышқа ұшқанға дейін ғарышқа бес рет сынақ сапарлары жасалған болатын. Бірақ олардың барлығы бірдей сәтсіз аяқталды. Осындай нәтижелерге қарағанда Юрийдің жасаған тәуекелі өлім мен өмір арасында болған.
1968 жылы 28 наурызда Ю. А. Гагарин 34 Жасқа толған шағында реактивті ұшақты сынақтан өткізу кезінде қаза тапты, яғни ұшу кезінде.
2.2.“Байқоңыр ғарыш айлағы”
Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – «Байқоңыр».
«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы
көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр.
Аймақтың рельефі – тұзды
топырақты, жылжымалы құмды
төмпешіктен тұрады.
Өсімдік түрлері көп, бірақ
сирек орналасқан, негізінен
эфермелерден тұрады, шілде айының
ортасына дейін сақталып, сонан соң
күйіп кетеді. Бір жылдың үш жүз
күнінде жел соғып, оның 17-38
күнінде шаңды борандар тұрады.
Ғарыш айлағының пайдасы:
1) Космостан келетін ақпараттық хабарларды жеткізеді
2) Дамыған елдердің қатарындамыз.
3) Әлемге әйгілі «Байқоңыр»
4) Космоста жүріп аспан денелерін зерттеуге болады.
5) Аспан кеңістігінде жүріп, жерді зерттеуге болады.
6) Теңіздердің, көлдердің, мұхиттар түбіндегі құблыстарды зерттеуге болады.
 «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процесі. Сондықтан ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.
Ғарыш ұшу аппаратының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын (циклон) күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан – 16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жанармай қалдықтары құрамында химиялық токсидті қосылыстардың болуында.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:

  • ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;

  • атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарыман ластайды;

  • атмосфераның озон қабатын бұзады;

  • территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен зақымдайды;

  • қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;

  • ауқымды масштабта температураның жоғарлауына әсерін тигізеді.

Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.
Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шараларды орындау қажет:

  • қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету;

  • егінді жинау және бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;

  • токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;

  • аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу;

зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу т.б. жұмыстар атқарылуы қажет.
Қорыта айтқанда, атмосфералық ауаға «Байқоңыр» ғарыш аймағынан ұшырылатын зымырандардың жанармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқым келеді.
Сондықтан жалға берілген Қазақстан территориясындағы ғарыш айлағын бақылау, болжау, зерттеу жұмыстарын қарқынды жүргізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет