І. Кіріспе «Ғарышқа бастаған қадам»



бет5/6
Дата05.06.2023
өлшемі22,07 Kb.
#178303
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
байконыр жоба

2.3.Бүгінгі Байқоңыр
Қазіргі Байқоңыр космодромы 52 ұшырғыш қондырғысы бар, 9 старттық және 34 техникалық кешеннен тұрады. Ғарыштық аппараттарға арналған 3 жанармай бекеті мен 2 әуе жайы бар. 1994 жылы Ресей мен Қазақстан арасында жасалған келісім шарт бойынша Байқоңыр Ресейге 20 жылға жалға берілген болатын. Кейін 2005 жылыдан 2045 жылға дейінгі келісім шартқа қол қойылды. Бүгінде әлемде жалпы 10 космодром бар. Олардың бесеуі АҚШ, Франция, Жапония, Қытай, Ресей Федерациясында орналасқан, ал алтыншысы Тынық мұхитындағы жылжымалы халықаралық космодром.
Бүгінгі таңдағы Байқоңырда: Мәскеу авиация институтының филалы, байланыс техникумы, ірі есептеу орталығы, Электр техникалық колледжі, әскери аурухана, емхана, 6 мектеп, сауда, тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар, электр станциялары, нан, сыра заттары дүкені, түрлі мәдениет ошақтары, Королевтің ғарыш кемесінің макеті, Бас конструкторлар С.П.Королев, М.Г.Янгель ескерткіштері бар

ІІІ.Қорытынды.
Байқоңыр ғарыш айлағының біздің еліміз үшін рөлі ерекше. Дәл осы жерден ең маңызды адамзат өміріндегі жаңалық ашылды. Алайда бұл кешеннің пайдасымен қатар зияны да бар. Бұл зардаптар жыл сайын біздің экологиямызға әсерін тигізіп жатыр. Мұндай күрделі, әрі маңызды мәселелерді шешу үшін, әрине, мемлекет тарапынан көмек керек. Келтірілетін экологиялық мәселелерге көз жұмып қарауға болмайды. Зардаптардың шешу жолдарын таба алсақ, Байқоңыр бізге тек пайдасын алып келетін болады. Ал шешу жолы табылмаса, онда бұдан да қауіпті қатерлерге алып келеді.
Аңыздарға сүйенсек Қорқыт бабамыз жер жәннатын іздеп,дүниенің төрт бұрышын аралап, туған топырағы-Сыр өңіріне қайта келеді. Сонда «бұл жер-жердің кіндігі» депті. Тас алып, аспанға лақтырса, тас аспанда ұзақ айналып жүріпті. Жылдар өте ғалымдар «Байқоңырда жердің тартылыс күші аз, экваторға жақын, ғарышты ұшыруға ең қолайлы орын» деген қорытынды жасаған. Байқоңыр ғарыш айлағы қайта жаңғырса деген ізгі ниетпен жобамды аяқтасам.

Талап ауылының №14 жалпы білім беретін


мектебінің 10-сынып оқушысы
Мүсілімова Қымбаттың ғылыми жобасына

ПІКІР


Мүсілімлва Қымбат 10-сынып оқушысы. Ғылыми жұмыстарымен былтырдан бастап айналысып келеді. Жалпы Қымбат алғыр, еңбекқор, дарынды, өнерлі. Қымбат көп оқиды. Әсіресе тарихи тұлғалардың өмірі, ерлігі Қымбатты көп қызықтырады. Соған дәлел Қымбаттың бүгінгі таңдаған тақырыбы.

Бүгінгі ғылыми жобада Байқоңыр ғарыш айлағымен танысып, баршаға үлгі етіп,тарихи зерттеу жүргізу.

Негізгі бөлімінде зерттеу жұмысының мазмұны толықтай, жан-жақты баяндалып, ғылыми жобаның мазмұны тиісті дәрежеге жеткізілген.

Зерттеу жұмысына сипаттама талдау, жүйелеу әдістерін пайдаланған. Мән- мағынасын аша білген. Сондықтан да мен, осы жобаны жазу барысында оқушының еңбектеніп іздену нәтижесін ескере отырып, қорғауға лайықты деп ойлаймын.


Ғылыми жетекшісі: Баймағанбетова А.К.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет