І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет1/4
Дата25.04.2020
өлшемі36,51 Kb.
#64694
  1   2   3   4
Байланысты:
агрохимия


І. Кіріспе ........................................................................................................... 2

ІІ. Негізгі бөлім............................................................................................... 3

2.1. Агрохимия ғылымының даму тарихы............................................... 2

2.2. Қазақстанда агрохимия ғылымының қалыптасуы мен дамуы.... 6

ІІІ. Қорытынды ............................................................................................ 11

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................. 12

Кіріспе

Әлемде химия өнеркәсібіне арқа сүйеп дамуға тиісті екі мемлекет болса - бірі, біреуі болса соның өзі - біздің Қазақстан. Олай дейтін себебіміз елдің өндірістік және экспорттық әлеуетінен-ақ байқалады. Айталық, біздің өндіретініміз де, экспорттайтынымыз да негізінен, шикізат. Оның ішінде тіпті алғашқы өңдеуден өтпеген күйінде шетелдер асып кете баратындары қаншама. Мәселен, мұнай сол күйінде, металл кен топырақ қалпында миллиондаған тонналап болмашы тиын-тебенге кетіп жатыр, 2010-2020 жылдарға арналған индустриялы-инновациялық даму бағдарламасында Елбасымыз өңдеу ұқсату салаларына басымдық бере отырып, қосымша құны мол тауарлы өндіріс құру туралы ойын күн тәртібіне шығарды. Орынды-ақ! Мінеки, осындай тамаша бағдарлама тек қана өндіріске химия ғылымының тікелей араласуы арқылы оң нәтиже бере алады. Сондықтан біз еліміздегі химия ғылымы мен химия өнеркәсібінің жағдайы кеше қалай еді, бүгін не істеп жатырмыз, ертеңнен қандай үміт күтеміз деген сұрақтар мазалайды.Әлқисса, отандық химия өнеркәсібі уақыттың, халық шаруашылығының талабына орай біршама жақсы дамыды дей аламыз. Айтқандай, жерімізде тікелей химиялық шикізат қорының көптеп табылуы да Одақтық басшылықты Қазақстанда химия өнеркәсібін дамытуға итермеледі деу керек секілді. 1932 жылдың өзінде сол себептен де елімізде КСРО Ғылым академиясының сараптау лабораториясы құрылған еді. Сол сарапшы лабораторияда Қазақстан жерінде фосфорит, борат, натрий, калий сульфаты, магнезия тұздары бар екені және олардың қоры көп мөлшерде екені анықталады. Осы тұста ұлттық ғылым қайта өрлеу дәуірінің негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бастаған кен барлаушылар тобы Орталық Қазақстан өңірінде әуелі мыстың, сонан соң басқа да металдардың мол қоры бар екенін анықтайды. Шығыс Қазақстанның кен байлығы жайлы Ресей Ғылым академиясында көп мәлімет бар еді. Сондай-ақ кезінде Гурьев деп аталған бүгінгі Атырау аймағында бұдан әлдеқайда бұрын ағылшындардың мұнай өндіргені де Мәскеуге белгілі. Демек, Қазақстанда химия ғылымын дамыту қажет еді. Сол үшін де ең әуелі Қазақ мемлекеттік университеті құрылып, онда химия факультеті ашылды. Факультетте жұмыс істеген алғашқы кафедралар физикалық химия, органикалық химия, органикалық емес заттар химиясы, сараптаушы химия және катализдер деп аталды. Қарағандыда Химия металлургия институты жұмыс істей бастады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет