І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


Қазақстанда агрохимия ғылымының қалыптасуы мен дамуы



бет3/4
Дата25.04.2020
өлшемі36,51 Kb.
#64694
1   2   3   4
Байланысты:
агрохимия

2.2. Қазақстанда агрохимия ғылымының қалыптасуы мен дамуы

1926 жылы Қазақстанда жер шаруашылығы комиссиараты жанынан топырақты зерттеу бюросы ұйымдастырылды. Бұл бюро кейінірек Қазақтың жер тыңайту және агротопырақтану институты, одан соң 1935 жылдан бастап В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік институты болып аталды. Осы уақыттан бастап біздің республикамызда ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми жүйелері қалыптаса бастады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарына минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін зерттеу жөніндегі алғашқы тәжірибелер, Қазақстанда 1929 жылы жүргізіле бастады. Бұл тәжірбиелердің нәтижелері Н.П. Корбут, И.И. Синягин, Н.Е. Крутиков, Г.М. Лобанов, К.И. Иманғазиев еңбектерінде жинақталып‚ қорытынды жасалды.

И.И.Синягин Оңтүстік Қазақстанның топырағындағы фосфордың органикалық және минералдық түрлеріне сипаттама беріп, түрлі фосфор тыңайтқыштарының ауыл шаруашылығы дақылдарына әсерін тексерген. Оның жетекшілік етуімен Қазақстанда тұңғыш рет 1934 жылы тыңайтқыштарды қолдану жөнінде анықтамалық жарық көрді.

Қазақстанда агрохимия ғылымының қалыптасуы мен дамуына үлкен еңбек сіңірген К.И.Иманғазиев болды. К.И.Иманғазиев Қазақтың В.Р. Вильямс атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институтының агрохимия бөлімін 30 жылдан астам уақыт басқарды. Оның көп жылдар бойы жүргізген ғылыми жұмыстары, Қазақстанның оңтүстік аймағында минералдық және органикалық тыңайтқыштарды дұрыс қолданылса, суармалы боз және қара қоңыр топырақтардың құнарлылығын жақсартатынын, одан қант қызылшасы, күздік бидай, жоңышқа, мақта, күріш сияқты дақылдардың түсімінің күрт артатынын дәлелдеді. Оның “Қазақстанда тыңайтқыш қолдану жүйесі” атты еңбегі кәзірде тыңайтқыш қолдануда бірден-бір құнды нұсқау болып саналады. Ол Қазақстанда тұңғыш рет агрохимияның ғылыми мектебін құрды.

Кейінгі жылдары агрохимия саласында Д.К.Мәденов, А.Т.Пономарева, Б.С.Бәсібеков, тағы басқа көптеген ғалымдар өсіп жетілді.

Д.К.Мәденовтің жетекшілік етуімен Алматы және Қызылорда облыстарында қант қызылшасы, жүгері, күріш, қарбыз, жүзім, күздік бидай дақылдарына сұйық азот тыңайтқыштары мен карбамиформ, мочевина, Қаратау фосфориті негізінде алынған күрделі және метафосфаттар мен полифосфаттар сыналды.

Б.С.Бәсібековтің ғылыми жұмыстары негізінен күздік бидай және қант қызылшасы ауыспалы егісіндегі дақылдарға тыңайтқыш әсерін зерттеуге арналды. Сонымен қатар Б.С.Бәсібеков тыңайтқыштың ауыл шаруашылығы дақылдары өнімінің сапасына әсерін де зерттеді.

Қазақстанда агрохимия ғылымы саласындағы оқымыстылардың тәжірибелері мен зерттеулері республикамыздың түрлі топырақ-климат аймақтарында өсірілетін дақылдарға қолданылатын тыңайтқыштардың мөлшерін, мерзімін, тәсілін анықтауда рөлі үлкен. Мұның өзі ауыл шаруашылығы дақылдарынан сапасы жоғары мол өнім алуға жағдай жасайды және Қазақстанда агрохимия ғылымының дамуына едәуір әсер етеді.

Агрохимия өсімдіктің, топырақтың және тыңайтқыштардың өзара қатынасын, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттырып, сапасын жақсарту үшін, топырақ құнарлылығын ұдайы жоғарылатуды зерттейтін ғылым. Агрохимия әрі биологиялық, әрі химиялық ілім болып саналады. Өсімдік шаруашылығын дамытуда және жетілдіруде тыңайтқыш қолдану ең тиімді әдістің бірі болып есептелетіндіктен, агрохимияның агрономия ілімдерінің ішіндегі алатын орны үлкен. Агрономиялық химияның мақсаты - өсімдіктің қоректенуіне қолайлы жағдай жасау, тыңайтқыштардың жеке түрлері мен формаларының топырақпен әрекеттесуін зерттеу және оларды қолданудың тиімді әдістерін анықтау.



Агрохимия ілімі егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі болып саналады. Өйткені мұнда, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды қолданудың мерзімі, мөлшері, әдістері сияқты мәселелер жан-жақты қарастырылады.

Орыстың ұлы ғалымы, академик Д.Н.Прянишников, тыңайтқышты тиімді қолдану топырақ химиясымен, өсімдіктер физиологиясымен тығыз байланыстыру арқасында ғана мүмкін болатындығын көрсетті. Ол сонымен қатар өсімдік, топырақ, тыңайтқыштар арасындағы өзара әсерін зерттеуде климат және тағы басқа факторлардың да тигізетін әсерін ескерту қажет деген. Д.Н.Прянишников осы объектілер арасындағы өзара байланысты қарапайым үшбұрыш түрінде өрнектеді.

Агрохимияда теориялық, практикалық мәселелерді шешу үшін әр түрлі зерттеу тәсілдері қолданылады:

1. Биологиялық тәсілдер. Бұған тыңайтқыштармен жүргізілетін егістік, вегетациялық тәжірибелер мен лизиметриялық зерттеулер жатады. Биологиялық тәсілдермен өсімдіктің қоректенуіне жеке элементтердің рөлін, мөлшерін, қоректік заттарды сіңіру механизмі сияқты мәселелер зерттеледі.

2. Лабораториялық тәсілдер арқылы өсімдікке, топыраққа және тыңайтқыштарға сандық, сапалық талдаулар жасалады.

3. Математикалық тәсілдерге тәжірибелер нәтижелерін статистикалық өңдеу және процестерді математикалық жолмен модельдеу жатады.

4. Биофизикалық және микробиологиялық тәсілдер.

Агрохимия өсімдіктер физиологиясы, топырақтану, биохимия, микробиология, егіншіліктану, өсімдік шаруашылығы, агрометеорология, химия, физика, математика, биология ғылымдарымен тығыз байланысты.

Агрохимия ғылымының жетістіктерін талдай отырып, қазіргі кезеңде оның алдында шешуді қажет ететін мынадай басты міндеттер анықталды:

1. Өсімдіктің қоректенуі мен оның өсу кезеңдерінде жүретін органикалық және минералдық заттардың алмасу құбылысын зерттеу. Физиологиялық - биохимиялық процестерді, қоректік элементтердің рөлін тереңірек талдау. Сөйтіп өсімдіктің қоректенуінің минералдық теориясын жетілдіру.

2. Егіншілікте қоректік заттардың айналымы мен балансын зерттеу.

3. Тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың қасиеті мен құнарлылығының өзгеруін зерттеу. Топырақ құнарлылығын арттыру жолдарын белгілеу.

4. Өсірілетін дақылдардың биологиялық ерекшіліктеріне сәйкес әрбір аймақтың топырағының ғылыми тұрғыдан айқындалған, қоректік элементтердің жылжымалы түрлерімен қамтамасыз етілуі деңгейін жасау.

5. Тыңайтқыштың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін төмендету жолдарын іздестіру.

6. Өсімдік өнімінің сандық және сапалық көрсеткіштерінің мөлшерін қалыптастыру.

7. Топырақ пен өсімдік құрамындағы макро-микроэлементтердің мөлшерінің шекті деңгейін белгілеу.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін, топырақта оларға қажетті минералдық және органикалық заттар жеткілікті мөлшерде болуы керек, ал, топырақтағы қоректік заттардың мөлшері шексіз емес, олар жыл сайын өсімдіктің өніміне қарай жұмсалып белгілі бір шамасы кемиді. Сондықтан егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін ол жерлерге қосымша тыңайтқыш енгізу агротехникалық маңызды шара болып саналады.

Дүниежүзілік егіншілік тәжірибесі көрсеткендей, өнім деңгейі қолданылатын тыңайтқыштың мөлшеріне тәуелді.

Мамандардың есептеуі бойынша, өнімнің өсуінің 50 проценті тыңайтқыш үлесіне, ал қалған 50 проценті агротехника, сорт‚ мелиорация т.б. шаралардың үлесіне тиеді. Д.Н.Прянишников ауыл шаруашылығы дақылдарына минералдық тыңайтқыштарды қолдануды және олардың түсімді арттыруға тигізетін әсерін егіншілікте “жаңа континенттердің ашылуы” деп бағалады. Дақыл өнімін арттыруда органикалық тыңайтқыштарды қолдану да маңызды рөл атқарады.

Тыңайтқыштарды қолдану дақылдың өнімін арттырып қана қоймай, оның сапасына да елеулі әсер етеді. Мысалы, фосфор мен калий тыңайтқыштары қант қызылшасының тамырындағы қант мөлшерін шамамен 0,5 проценттен 1,2 процентке дейін арттырады. Азот тыңайтқышы бидай дәнінің құрамындағы белокты көбейтеді.

Қазақстанда 2005 жылғы мәлімет бойынша бір гектар егістік жерге орта есеппен 1,5-2,0 кг минералдық (әсерлі зат бойынша) және 0,05 т органикалық тыңайтқыш енгізілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет