Осы жарадан аққан іріңде бозғылт спирохета көбейіп, дене қызуы көтеріледі. Бұл кездегі ауру адамның басқаларға мерез ауруын тарату мүмкіндігі ерекше күшті болады. Біраз уақыттан кейін алгі белгілер өзінен-өзі жоғалып кетеді. Ауру өзін жазылдым деп санайды. Оны бездерден, қаннан ғана табуға болады. Егер ауру адам емделмесе мерездің екінші кезеңі үш-төрт жылға созылады және әлсін-әлсін жоғарыда айтылған белгілер қайталап отырады.

Осыдан соң мерез үшінші кезеңге өтеді. Бұл кезеңде сырқат организмы мүлде әлсіреп, ми мен жұлын жүйелерінің жұмысы бұзылады, адам сал болып қалады, көзі көрмейді, жүкті әйелдер бала тастайды, жүрек, өкпе, бауыр қызметтеры нашарлайды. Мұрын кеңсірігі опырылып, адам пұшық болып қалады.
Соз (лат. Gonorrhoea) — ең зиянды жұқпалы жыныс ауруларының бірі, жіңішке деп те атайды.
СОЗ, гонорея (gonorrhoea) — жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Создың қоздырғышы — Neіsserіe тобына жататын гонококк. Оны 1879 ж. неміс дерматолог-венерологы А.Нейссер (1855 — 1916) аурудан алған іріңнен тапқан. Ересек адамдарға ауру жыныстық қатынас кезінде, ал балаларға дерт ата-анасынан (мыс., босану кезінде) жұғады.