табиғи апат кезіндегі
қауіпсіздік шараларын
үйренесіңдер.
ТІрек сездер:
апат;
табиғи апат;
құтқару жұмысы.
ақылға сыйымсыз, қауіпті әрекеттер жасайды және өзін-өзі қүтқару
мен өзара көмек шараларын саналы түрде үйымдастырып, жасай алмайды. Үрей әсіресе адамдар шоғырланған жерлерде: ұйымдарда, кәсіпорындарда, оқу орындары мен бала-бақшаларда, жатақханаларда, ортақ пайдаланылатын орындарда ерекше қауіпті.
Жер бетіндегі топырақ қабаты тербелісінің қарқындылығы бойынша жер сілкіністерін жіктеу 5-кестеде үсынылған.
Адамдардың жарақаттануы мен опат болуы, негізінен, кираған
ғимараттардан, құрылыстардың сынықтарынан және қүлаған заттар- дан, сондай-ақ үйінділердің астында қалу мен өз уақытында көмек көрсетілмеуден орын алады.
Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан туындайтын екінші реттік фак- торлардан (өрт, өнеркәсіп және көлік апаты, зақымданған инженерлік және энергетикалык желілер) да зардап шегуі мүмкін.
Есте сақта!
Құлаған заттар мен сынықтардан қор-ғайтын мықты, берік үстелдер мен кереуеттердің асты да паналайтын орындар қызметін атқарады. Ересектер болмаған кездегі күшті дүмпулерде балаларды аталмыш жерлерге тығылуға үйрету қажет.
Қатты жер алкінген кездегі оңтайлы шешім - бұл ғимаратты тастап шығу. Сондықтан ең күшті тербелістер мен дүмпулерге дейінгі 15-20 с есебімен қозғалыс жолын алдын ала белгілеп алу қажет.
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
Жер сілкінісі түнде де болуы мүмкін. Адамдар жер сілкінісі кезінде көбінесе есіктер арқылы сыртқа шығуға тырысады. Ал бұл ғимараттан жылдам әрі тез шығуға кедергі келтіреді Мұндай жағдайда эвакуация 1-қабаттағы терезе ойықтары арқылы да жүзеге асырылады.
Сейсмикалық ауданда мүмкін болатын зілзаланың жақындап келе жатқанын жер сілкінісінің хабаршылары білдіруі мүмкін. Бұл жануар- лар мен құстардың әдеттен тыс мазасыз мінез-қүлык оқиғаларынан не- месе аталмыш ауданға жасалған қысқа мерзімдік болжамнан алынады.