Асептика және антисептика туралы түсінік. Бүдан жүз жылдан астам уакыт бүрын француз ғалымы Пастер жаракаттардың асқынуы жарақатка микроскоппен ғана көрінетін өте ұсақ тірі ағзалардың, яғни ауру тудыратын микробтардың, немесе жиі айтылатындай, жұқпаның түсуі нәтижесінде болатынын дәлелдеді. Микробтар ауада және адам- 186
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
дарды қоршаған барлық заттарда болады. Адам орасан көп микробтар- мен үнемі жанасады. Тері мен шырышты қабықшалардан ең сан алуан микроағзаларды табуға болады. Ал айда олар ағзаға жараланулардьщ, соғып алулар, шаншылулар, күйіп қалулардың салдарынан терінің не- месе шырышты қабықшалардың бүтіндігі бұзылған кезде мүздау, жадны аурулар кезінде адам ағзасының әлсіреуі және жүдеуі кезінде тері мен шырышты кабықшалардың корғаныстык қасиеттері төмендеуінен ғана өтеді.
Ағза тіндеріне енген микробтар өткен жерінде жергілікті іріңдік- кабынушылық күбылыстарды (жарақаттың іріңдеуі, абсцестер, флег- мондар), ал неғүрлым ауыр жағдайларда қанға жүқпа бұзып өткен кезде - жалпы асқынуды (сепсис) туындатады. Іріңдеуді домалақша (стафилококктар, стрептококктар) және таяқша (ішек, көкшіл іріңдік және басқа) түріндегі микробтар неғүрлым жиі туындатады.
Хирургиялық манипуляциялардың көпшілігі (оталар, ине салулар, блокадалар, тамырішілік және теріастылық құюлар және т.б.) тері жабындары түтастығының қандай да бір бүзылуымен қатар жүреді, соның салдарынан жүқпаның ағзаға өтуі мүмкін болады.
Жарақаттардың жүқтыруынан сақтандыру мен жаракатқа түскен жүқпамен күрес «антисептика» және «асептика» деген атау алған іс- шаралар кешенінің көмегімен жүзеге асырылады.
Асептика - бұл оларды жарақатпен жанасқан барлық заттардан (хирургтің қолдарындағы, таңу матерпалындағы және басқа) физи- калық және химиялық қүралдармен жою жолымен, жарақатқа микроб- тардың түсуінен сактандыру тәсілі.
Жарақаттарға жүқтырудың екі: экзогенді және эндогенді жолдары ажыратылады.
Экзогенді жұқтыру жарақатқа микробтар сыртқы ортадан (ауадан, хирург, оньщ көмекшілерінің жүмыс процесінде ауыз қуысы мен тыныс алу жолдарынан, сөйлесу және жөтелу кезінде, жарақатта қалдырылған заттардан) келіп түскен кезде болады. Эндогенді жұқтыру микробтар жарақатка дененің ота жасалатын жеріндегі тіндеріндегі ошақтарынан тікелей жарақатқа келіп түскен кезде болады, жарақатқа қанмен (гематогенді жол) немесе лимфамен (лимфогенді жол), сондай-ақ ауру жануардың тері жабынынан, шырышты қабықшаларынан, ішегі мен тыныс алу жолдарынан енеді.
Антисептика - жарақаттағы микробтарды жоюға, жарақатта ми- кробтардың дамуы және олардың тіндерге тереңдей енуіне қолайсыз жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралардың кешені.
Антисептика механикалық, физикалық, химиялық және биология- лық тәсілдермен жүзеге асырылады. Механикалық антисептика жа- рақаттан өлген және мылжаланған тіндерді, үйыған қанды, жаттекті денелерді кетіру болып табылады. Механикалық антисептика мысал- дарының бірі жарақатты бастапқы хирургиялық өңдеу болып табылады, оны дәрігер хирургиялық стационарда орындайды. Физикалық
187
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
антисептика: жарақаттарды кварцтык сәулелевдіру, жарақатқа әртүрлі құрғатқыштар, тампондар мен іріңнің және жарақаттық сүйықтыктың сыртқа, таңғышқа ағып шығуын қамтамасыз ететін натрий хлоридінің гипертониялық ерітінділерімен ылғалданған турундты енгізу, бүл жарақаттағы жүқпаның дамуы үшін қолайсыз жағдайлар жасайды. Антисептиканың бұл тәсілі, негізінен, дәрігерлік көмек кезінде де колданылады. Алғашқы медициналық көмек көрсетуде химиялық және биологиялык антисептиканың, яғнп жаракатқа түскен микробтарды жоюды немесе олардың көбеюін баяулататын (бактерицидті заттар) әртүрлі заттарды қолданудың маңызы зор.