Есте сақта
Қан кету ретінде зақымданған қан тамырлардан қанның сыртқа шығуын айтамыз. Қан кету егер тамырлар зақымданғаннан кейін бірден пайда болса, онда бастапқы, ал бірқатар уақыт өткеннен кейін пайда болса, онда екінші реттік қан кету болып есептеледі.
Зақымданған тамырлардың сипатына қарай қан кету артериялық, веналық, капиллярлық және паренхиматозды деп ажыратылады.
Неғүрлым қауіптісі артериялық қан кету, бұл кезде қысқа мерзімнің ішінде ағза айтарлықтай қан мөлшерін жоғалтуы мүмкін. Артериялық қан кетудің белгілері қанның алқызыл түсі, оның шапшып ағуы. Вена- лык қан кетудің артериялық қан кетуден айырмашылығы қанның айқын, шапшымай, үздіксіз ағуымен сипатталады. Бүл ретте қанның түсі неғүрлым күңгірт болады. Капиллярлық қан кету терінің үсақ та- мырлары, теріастылық жасуша мен бүлшық еттер зақымданған кезде туындайды. Капиллярлық қан кету кезінде қан жараның бүкіл бетіне жайылады. Ішкі органдар: өкпе, бауыр, бүйрек, көкбауыр зақымданған кезде туындайтын паренхиматозды қан кету адам өмірі үшін әрқашан кауіпті.
Жарақат алу қансыраған кезде көрсетілетін
алғашқы медициналық көмек
Қан кету ішкі және сыртқы деп жіктеледі. Сыртқы қан кету кезінде қан тері жабындары және көрінетін шырышты қабықшалар немесе қуыстар арқыры ағып шығады. Ішкі қан кету кезінде қан тіндерге, ііпкі органға немесе куысқа қүйылады, сондықтан қан күйылу деп аталады. Тінге қан қүйылу кезінде қан оларға сіңеді, ісінуге әкеледі, ол инфильтрат немесе қанталау деп аталады. Егер қан тіндерге біркелкі сіңбесе, оларды қозғаудың салдарынан қанмен толған шектеулі қуыс түзіледі, ол гематома деп аталады. 1-2 л қан жоғалту өлімге әкелуі мүмкін.
Жарақаттардьщ қауіпті асқынуларының бірі - өмірлік маңызды органдар қызметтерінің бүзылуымен бірге жүретін ауырсынып естен тану. Есеңгіреудің алдын алу үшін жараланған адамға шприц-тюбикпен ауырсынуға қарсы дәрі егеді, ол жоқ болған кезде» құрсақта өтпелі жарақат болмаса, ыстык шай, кофе береді.
Жараны өңдеуге кіріспес бұрын оны жалаңаштап алу керек. Бүл ретте сыртқы киімді жараньщ сипатына қарай шешеді немесе кесіп 182
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
алады. Алдымен киімді сау жағынан, одан кейін зақымданған жағынан шешеді. Жылдың суьгқ уақытында тоңып қалуға жол бермеу үшін, сондай-ақ жағдайы ауыр зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету кезіндегі төтенше жағдайларда жарақат айналасындағы киімді кесіп алады. Жараға жабысып қалған киімді жүлып алуға болмайды, оны абайлап қайшымен қырқып алады.
Қан кетуді тоқтату үшін жараланған жерден жоғары орналасқан тамырды сүйекке саусақпен басып (82-сурет), дененің зақымданған бөлігін жоғары көтеріп, қол-аяқ буындарын барынша бүгу, содан кейін жарақаттан сәл жоғары жерден қысатын таңғыш немесе бүрауыш тампон тарту керек.
Қан кеткен тамырды саусақпен сүйекке басу тәсілі бүрау немесе кысатын таңғыш дайындауға қажетті аз ғана уақытқа қолданылады.
Беттің төменгі бөлігіндегі тамырлардан қан кету жак артериясын (1), самай мен маңдайдағы жарадан қан кету құлақтың алдындағы артерия- ны (2), бас пен мойындағы ірі жарақаттан қан кету үйқы артериясын (3), білектегі жарақаттан қан кету иықтың ортасындағы артерияны (4), білезік пен қол саусақтарынан қан кету білезіктің төменгі 1/3 бөлігіндегі екі артерияны (5,6,7), аяқтардағы жарақаттардан қан кету сан артериясын (8,9), табандағы жарақаттан қан кету табанның сырт
82-сурет. Артерияларды саусакпен басу нүктелері
183
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
жағынан өтетін артерияны (10) көрсетілгендей сәйкес сүйекке басумен тоқтатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |