Сап - әскери қызметшілердің, бөлімпіелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы.
Қатар - әскери қызметшілердің бір сызық бойына бірі екіншісінің касына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.
Машиналар сызығы -машиналардың бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.
Қаптал - саптың оң (сол) жак шеті. Бұрылған кезде сап қаптал- дарының атаулары өзгермейді.
Мандайшеп -саптың әскери қызметшілер тіке қарап түрған жағы (машиналардың алдыңғы бөлігі).
86
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
Саптьщ тыл жағы- маңдайшепке қарама-қарсы жағы.
Аралық - маңдайшеп бойынша әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы кашықтық.
Арақашықтык - әскери кызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы түпкі жакка қарай қашықтық.
Саптың ені -қапталдар арасындағы қашықтық.
Сап терендігі - бірінші қатардан (алдында түрған әскери қызметшіден) соңғы қатарға (артқы жакта түрған әскери қызметшіге) дейінгі, ал машпналардағы іс-қимыл кезінде - машиналардың бірінші сызығынан (алдында түрған машинадан) машиналардың соңғы сызығына (артқы жақта түрған машинаға) дейінгі қашықтық.
Екі қатарлы сап- бір қатардағы әскери қызметшілер бір адым арақашықтыкта (қолын созып, алдында түрған әскери кызметшінің иығына алаканын салып) басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай орналастырылған сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бүрылған кезде қатардың атауы өзгермейді.
Қатар - екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында түрған екі әскери қызметші. Егер бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында екінші қатардағы әскери кызметші тұрмаса, онда ондай катар толық емес деп аталады; соңғы қатар үнемі толык болуы тиіс.