Саптық және жорықтык адыммен қозғалу
Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жа-
салады.
Адыммен қозғалыс жасау минутына 95-105
адым каркынымен жүзеге асырылады.
Адымның ұзындығы - 60-70 см (44, а-сурет).
Сапта жүгіре козғалыс жасау минутына
165-180 адым карқынымен жүзеге асырыла-
ды. Адымның үзындығы - 85-90 см.
Адым саптық және жорықтық болады.
ТІрек сездер:
Есте сақта!
саптық адым;
жорықтық адым;
команда;
өрістетілген сап;
бір қатарлы сап;
екі қатарлы сап.
Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен
өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған,
командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери
қызметші командирге (бастыққа) жақындаған және
одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және
сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық
бойынша сабақтарда қолданылады.
Жорыктық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау «Саптық адыммен БАС» командасы бойынша басталады.
Жорықтық адыммен қозғалыс «Адым БАС» командасы бойынша басталады, осы команда бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасайды, одан кейін жорықтық адымға көшеді.
Алдын ала берілетін команда бойынша дене біршама алға үсталады, орнықтылықты сақтай отырып, оның салмағын көбіне оң аяққа ауыс- тыру керек; орындалатын команда бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың үшын анағүрлым еркін, созбай, аяқты жерден 10-15 см биіктікке алға көтеру және та- банды нық басу керек (44, а-сурет).
Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға қарай - оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ кол білегінің деңгейінде болатындай етіп, еркін, шынтақтан бүгу; артқа карай - иық буынындгі 25-30 бұрышқа қатайтпай еркін жазу керек (бел ортасынан 15-20 см). Қолдардың саусактары жартылай бүгіліп, басты тік үстап, өзінің алдына қарау керек.
92
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
44-сурет. Қозғалыс адымдары:
а) бүйірінен көрініс; э) алдынан көрініс.
45-сурет. Орнында
түрып адым жасау
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың үшын созбай, еркін қозғау және оны жерге кәдімгі жүріс кезінде сияқты қою керек; дененің айналасында қолмен еркін қозғалыс жасау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасаған уақытта командир (бастык) бөлімшеге назар аударған кезде, сондай-ак «ТІК ЖҮР» командасы бойынша саптық адымға ауысу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде «ЕРКІН ЖҮР» командасы бойынша жорықтық адыммен жүру керек.
Орнында түрып адым жасау «Орнында адым БАС» (қозғалыста - «Орнында») командасы бойынша жасалады.
Осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бүл ретте аяқты жерден 10-15 см көтеру және оны ұшынан бас- тап табанға толық қою керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек (45-сурет). Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «ТУРА» командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бүл ретте алғашқы үш адым саптық болу керек.
Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА» командасы беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер, Әлімов, тоқта».
Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін орында- латын команда бойынша тағы бір адым жасау және аяқты жерге қоя отырып, саптық қалыпты қабылдау керек.
Қозғалыс жылдамдыгын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі: «КЕҢАДЫМ», «ҚЫСҚААДЫМ», «ЖИІАДЫМ», «СИРЕК АДЫМ», « ЖАРТЫ АДЫМ », « ТОЛ ЫҚ АДЫМ ».
Жеке әскери қызметшілердің орнын жанына бірнеше адымға ауысты- ру үшін команда беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер, Әлімбеков. Екі адым оңға (солға), адым БАС».
93
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
Бірінші Толық Толық емес Екініпі
катар қатар катар катар
46-сурет. а - екі қатарлы өрістетілген сап (1 әскери қызметші болмаған жағдаи)
а — бөлімшенің екі қатарлы өрістетілген сабы
аралық
я) Саптын ені
э)
47-сурет. а — бөлімшенің бір қатарлы өрістетілген сабы э - бөлімшенің бір қатарлы
өрістетілген сабы
Осы команда бойынша әр адымнан кейін аякты жерге коя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.
Бірнеше адымға алға немесе артқа ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Екі адым алға (артқа), адым БАС».
Осы команда бойынша екі адым алға (артқа) жасау және аяқты жерге кою керек.
Оңға, солға және артка ауыстырған кезде қолмен қозғалыс жасал- майды.
94
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және қайтадан
бір қатарлы сапқа туру
Бөлімшенің өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |