Дулыға-бетперде мөлшерін қалай дүрыс таңдау керек?
Газтүмылдырық кнюдің ретін көрсетівдер.
Тыныс алу мүшелерін қорғаудың ең қарапайым қүралдарына нелер жа- тады?
«Тыныс алу мүшелерінің негізгі жеке қорғану қүралдары және оларды колдану ережелері» тақырыбында хабарлама дайыңдандар.
Ашық ақпарат көздерін қолданып, тыныс алу мүшелерін қорғайтын қүрал- дардың сипаттамасын дәптерлеріңе жазыңдар.
Атауы
Маркасы
Беттік бөлімі
Салмағы, кг
Үзындык мөлшері
§24. ТЕРШІ ҚОРҒАУДЫҢ ЖЕКЕ ҚҮРАЛДАРЫ
Теріні қорғауға арналған қарапайым құралдар, қосымша
герметизациялау және сіңдіру арқылы олардың
қорғаныс қасиеттерін арттыру
БугінгІ сабаңта: теріні қорғау құралдарын
білесіндер,
арнайы қор-ғаныс киімі-
нің тағайындалуымен
танысасындар.
Адам терісін корғаудын, ең қарапайым
түрлеріне арнаулы өндірістік киімдер жа-
тады: брезенттен, оттан қорғайтын матадан,
резеңкеленген матадан немесе қалың шүғадан
тігілген күртешелер мен шалбарлар, комбине-
зондар, күләпарасы (капюшоны) бар халаттар.
Мұндай киім адам терісіне радиобелсенді заттар мен бактериялық құралдардың түсуінен қорғап қана қоймайды, сондай-ақ біраз уақыт ішінде тамшы-сүйық уландырушы заттардан сақтандыруға да қабілетті. Брезенттен жасалған бүйымдар, мысалы, қыста тамшы-сүйық УЗ-дан 1 сағатқа дейін, жазда 30 минутқа дейін қорғайды.
Теріні қорғау үшін түрмыстық киімнен неғүрлым жарамдысы - хлорвинил үлдірмен жабылған, резеңкеленген матадан жасал-
155
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
ТІрек сөздер:
теріні қорғау құралдары;
жалпыәскери қортаныс
жинақталымы (ЖҚЖ);
жеңіл қорғаныс костюмі;
тұрмысгық киім заттары.
ған жамылғылар. Мүндай киім теріні ра-
диобелсенді заттар мен бактериялық қү-
ралдардың түсуінен сақтандырады. Ол
тамшылық - сұйық УЗ-дан жазғы уақытта
шамамен 10 минут қорғайды.
Сондай-ақ қыста УЗ-дан калың шүғадан
немесе драптан жасалған пальто да кор-
ғайды. Теріні тиісті дайындаудан кейін сырт-
киімнің басқа да түрлері (костюмдер, күртешелер, шалбарлар және т.б.)
қорғай алады. Теріні қорғау үшін спорттық киімдерді пайдалану да
орынды.
Бас пен мойынды қорғау және денені қымтау киімнің барлык түймелері, ілгектері мен батырмалары салынып, жағасы мен күләпара көтеріліп, мойынға орамалды орап, жеңі білезік үстінен ызбалармен байланған шалбар балағы етіктің сыртына шығарылып, төмен жағынан ызбалармен байлануы тиіс. Күртешенің, пиджак немесе көйлектің етегін шалбарға салғаны жөн.
Аяқты қорғау үшін өнеркәсіптік және түрмыстық мақсаттағы резеңке етіктермен кебістерді пайдалануға болады. Резеңке бұйымдар тамшы-сұйық УЗ-ды 3-6 сағатқа дейін өткізбейді.
Қолды қорғау үшін резеңке немесе былғары, бес саусақты қолғап- тарды пайдалану қажет. Зақымданған ауданнан шыққаннан кейін алдын ала сақтық шараларын сақтай отырып, киімді жылдам шешкен
дүрыс.
Күнделікті киімнің қорғаныстық қасиеттерін арттыруда кеудеше, маталық күләпара, шалбар мен жеңі үзын киімдер арқылы жеңілдетуге болады.
Күнделікті киім біраз уақыт бойы уландырушы заттардан қорғауы мүмкін. Ол үшін матадан жасалған киімге арнаулы ерітіндіні - май- лы-сабынды эмульсияны сіңдіреді.
Киім-кешектің бір жинақтамасын өңдеуде кажетті ерітіндіні да- йындау үшін 6 л суды 60-70 С-қа дейін жылыту керек. Бүдан кейін осы ерітіндіде 250-300 г үсақталған кір сабынды ерітіп, 0,5 л мине- ралды су немесе өсімдік майын қосып, ерітіндіні қайтадан жылыту керек.
Осыдан кейін киімді дайын ерітіндіде ылғалдау, ақырындап сығу және ашық ауада кептіру қажет. Осылайша ерітінді сіңірілген киім уландырушы заттармен закымданған ауданнан шығу кезінде қор- ғайды.
156
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217