І-кл технологиялық дайындық



бет57/131
Дата24.10.2023
өлшемі4,29 Mb.
#188032
түріУчебники
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   131
Байланысты:
АӘжәнеТД 10кл 1-бөлім қаз

Тұйыктаушы - лекте соңғы келе жаткан әскери қызметші (бөлімше, машина).


Алдын ала және орындауга берілетін командалар


Есте сақта!


Сапты басқару (машинада) командалармен жүзеге асырылады, оны командир да- уыстап, белгілермен және жеке өзі көрсете отырып, сондай-ақ техникалық байланыс құралдары арқылы беруі мүмкін.
Командалар лек бойынша бөлімшелер командирлері (машиналар жетекшілері) және тағайындалған қадағалаушылар арқылы берілуі мүмкін.


Сапта аға командир, оған команда беруге ыңғайлы жерде болады. Қалған командирлер Жарғымен немесе аға командирмен белгіленген орындарда бола отырып, командаларды береді.
Команда алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; командалар тек орындалатын болуы мүмкін.


Есте сақта!


Алдын ала берілетін команда әскери қызметшілердің назарын күшейту және ко- манданы орындауға дайындалу үшін сапта тұрғандар командирдің олардан қандай іс- қимылдарды талап етіп тұрғанын түсіну үшін нық, дауыстап және созылмалы беріледі.
Орындалатын команда (осы оқулықта ірі әріптермен басылған) үзілістен кейін, да­уыстап, буындалып және нық беріледі Орындалатын команда бойынша оны шұғыл және нақты орындау жүргізіледі.


Командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде және алдын ала берілетін команда бойынша саптағы орнында түрған әскери кызметшілер саптык қалыпты қабылдайды, ал қозғалыста саптық адымға көшеді. Бастык саптан тыс әскери қызметшіге назар аудар- 88


‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^


ған кезде ол бастыққа қарай бұрылады және саптық қалыпты қа- былдайды.
Алдын ала берілетін командада қарумен тәсілдерді орындаған кезде қажет болған к езде қарудың атауы аталады.
Мысалы: «Автоматтарды кеуде-ГЕ».
Бөлімшенің немесе жекелеген әскери қызметшінің назарын ауда- ру мақсатында қажет болған кезде алдын ала берілетін командада бөлімшенің атауы немесе өскери кызметшінін, атағы мен тегі аталады.
Мысалы: «Взвод (3-ші взвод), ТОҚТА». «Қатардағы жауынгер, Әлімов, Артқа БҮРЫЛ».
Тәсілді болдырмау немесе тоқтату үшін «ТОҚТАТ» командасы беріледі. Осы команда бойынша тәсілді орындауға дейін болған қалып қабылданады.
Үйрету кезінде Жарғыда көрсетілген саптық тәсілдер мен қозға- лыстарды бөлінулер бойынша, сондай-ақ дайындық жаттығуларыньщ көмегімен орындауға жол беріледі.
Мысалы: «Автоматты кеудеге, бөліну бойынша: жаса - БІР, жаса - ЕКІ, жаса - ҮШ». «Оңға, бөліну бойынша: жаса - БІР, жаса - ЕКІ».
Бөлімшелерді сапқа түрғызу «САПКА ТҮР» командасы бойынша жүргізіледі, оның алдында саігқа түрғызу тәртібі көрсетіледі.
Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға САПКА ТҮР».
Осы команда бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына жедел түруы, белгіленген аралық пен арақашыктықты сақтауы, саптык калыпты қабылдауы тиіс.


Сапқа түрғанға дейінгі және саптағы
сарбаздың міндеттері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет