І. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері


Санның мәнін жиынның белгілі бір класының көрсеткіші ретінде түсінуге үйрету



бет45/56
Дата20.09.2022
өлшемі278,81 Kb.
#150145
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
Байланысты:
kazedu 201572

Санның мәнін жиынның белгілі бір класының көрсеткіші ретінде түсінуге үйрету.
Әр түрлі заттардың үш -төрт түрін, бірақ саны жөнінен бірдей етіп, алуды, заттарды бірінің астына бірін келтіріп, қатар-қатар тізіп қойғызып, сол теңдікті іс жүзінде көрсету.
Балалар ойыншықтарды саны жөнінен тең етіп, тізіп қояды: біруіне – алты-алтыдан, екіншісіне – сегіз -сегізден, үшіншісіне – он –оннан қойылғын ойыншықтар санын салғастырып, ойыншықтардың әр түріне, олардың сипатына байланыссыз, сегіз-сегіз деген қортындыға келеді. Осы жиындарды жинақтайтын сан нақтыланады: сегіз сәбіз, сегіз қоян, сегіз алма, сегіз пирамидка, сегіз тәрелке, сегіз құмыра, сегіз түлкі, т.с.с барлық ойыншықтар әр түрлі, бірақ бәрі де сегіз-сегізден.
Заттарды санына қарай жинақтау мен нақтылау бірлікте болады.
Осы жинақтау жиын туралы түсінікпен байланыстырылуы тиіс.
Мысалы: үстел үстінде ойыншықтар орналасқан. Осы үстел үстіндегі ойыншықтар жиыны туралы не айтуға болады? “Үстел үстінде әр түрлі көп ойыншықтар бар”. Тағы не айтуға болады? Ойыншықтар жиыны әр түрлі ойыншықтардан тұратын түрліше бөліктерден құралады. Әр қатарда сегіз ойыншықтан болса, не бәрі жеті бөлік, - әр түрлі ойыншықтар қатарларын бала санайды. Барлық бөліктер тең олардың әрқайсысында сегіз – сегізден ойыншық бар.


Бір бүтін жиын бірнеше бөліктен тұруы және барлық бөліктер санмен өрнектелуі мүмкін екендігін көруге болады.
Балаларға жеті -жетіден ойыншықтардың үш түрін, немесе алты -алтыдан алу ұсынылады.Балалар айтылған санды есіне сақтап тапсырма орындайды. Балалардың назарын жиын мен сан арасындағы байланыстарға бағыттап отыру керек.
Саны әр түрлі заттардың суреттері салынған карточкалар балаларға жинақтау үшін беріледі. Балалар тәрбиеші көтерген карточкадағы заттардың санына сәйкес карточкаларды тез тауып көрсетуді ұсынады.
Балалар карточкаларындағы белгігіленген заттардың саның атап мысалы: алты-алты заттан төрт карточкамыз (алты қияр, алты қызанақ,т.с.с) бар.
Балалар алдымен ойыншықтарды атап, олардың санын көрсетумен қанағаттанады, жинақтап қортындылауды тәрбиеші жасайды немесе жетекшеуші сұрақтар (Сенің барлық карточкаларыңның жиыны қандай бөліктерден тұрады және сенің жиынында неше бөлік бар? Әр карточкада неше зат бар? Осы барлық жиындар қатары туралы не айтуға болады?) қойып балаларға жасатады.
Сөйтіп, осындай тапсырма орындау арқылы балалар бірдей санмен өрнектелген жиындардың тең қуаттылығымен көрнек түрде танысады: бұл жиындарды жалпы бір жиынға біріктіреді, оның бөліктерінің санын есептейді.
Жаттығу процесінде балалар жиынды , сондай ақ жиынның белгілі бір класының қуаттылығының көрсеткіші ретіндегі санның мәнін тереңірек ұғынып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет