I мектептегі дене тәрбиесінің МӘні мен мағынасы



бет7/8
Дата28.04.2020
өлшемі66,88 Kb.
#64964
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Көбегенова Ш

ҚОРЫТЫНДЫ
Дене тәрбиесі – коғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес . Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Денсаулығы жақсы бала оқыту процесінің барлық түрлеріне қуана араласады, әрдайым жайдары, өмірсүйгіш қалпынан таңбай, құрбыларымен де еркін араласып, ұстаздарына да жылы қабақ танытады. Бұл тұлғаның барлық қырының танылуының негізгі шарты. Демек, баланың бойында денсаулық мәдениетінің қалыптасуына басты мән  беру керек. Бала кезінен денсаулықтың заңдылықтары мен қарапайым қағидаларын бойына сіңіріп өскен бала өскенде  де осы бағыттағы ізденісін жалғастыратына сөзсіз. Оларды денсаулыққа деген жауапкершілік көзқарасты, дене мәдениетін қалыптастыру, әр сабақта осы жайларды еске салып отыру, оқытушының бағытталған жұмысы – балада өзге адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыру, өз бетімен, өздігінен өмірлік процестерге жауап таба білу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.Бала қоғамның ең жоғарғы құндылығы, одан жоғары тұрған ештеңе болмауы керек.  Бала денсаулығын сақтау мектебіміздің негізгі принципі - әр баланың бойындағы өмір резервін, өмірге құштарлық пен бейімділікті бірте-бірте, өте сақтықпен оята білу. Ол құштарлық пен бейімділік, өмір резерві бала бойында дайын күйінде тұрған жоқ. Олар жаңа өсіп келе жатқан көшет тәріздес, тәрбие мен оқыту барысында пайда болады, қалыптасады, дамиды. Бала бойында рухани беріктікті нығайту үшін балаға сенімділікті, өзін бағалауды үйрету қажет.

Дене тәрбиесі сабағы тек жаттығуларды орындаумен шектелмейді. Аталған пән жас жеткіншіктерді еңбексүйгіштік пен қажырлылыққа, жігерлілікке және батылдық пен батырлыққа бағыттай алады. Бұл – дене тәрбиесі адамның тәніне ғана емес, сонымен бірге ішкі жан дүниесі мен рухына да өрелі өзгерістер әкеле алатын айрықша пән.

Бүгінде еліміздегі педагогика ғылымының белді өкіл­дері дене тәрбиесі жеке тұлғаның психофизиологиясын өзге­ртетіні әрі өзін-өзі реттеуге жол ашатыны жөніндегі тұ­жырымдарға көбірек ден қояды. Осы дәйекте шындық бар секілді. Түйіп айтқанда, дене қабілеті мен рухани құндылықтардың өзара үйлесімі ғана жеке тұлғаны қа­лыптастыруға жол аша алатыны аян.

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет