Лекция 15. Халықаралық құқық негіздері
1.1. Қазіргі кезеңдегі халықаралық құқықтың жалпы сипаттамасы мен ұғымы.
1.2. Халықаралық бұқаралық құқық бөлімдері.
Халықаралық бұқаралық құқықтың анықтамасы және пәні ретінде
Халықаралық бұқаралық құқықтың даму тарихы.
Халықаралық жеке құқық пен халықаралық жария құқығының арақатнасы.
1.1. Халықаралық бұқаралық құқық пәнінің ұғымы
Әлемдегі шаруашылық өмір интернационалды сипатқа ие болып келуде. Бұған көптеген бірлескен кәсіпорындар, бірлескен кәсіпкерлік, бірлескен ғылыми зерттеулер мысал бола алады.
Ғылыми техникалық прогресс коммуникациялар салаларында халықтар мен континенттерді жақындастырып, әртүрлі елдер өкілдерінің қарым-қатынастарының туындауына әкеп соқты.
Соғыстар мен конфликттердің салдарынан миграция күшейіп жұмысқа орналастыру, білім беру ісінде халықаралық құқықтық проблемалар туғызып отыр. Аталған факторларға байланысты жеке, заңды тұлғалардың, өз шекараларынан тыс жерлердегі, азаматтық құқықтық қатнастарын реттеуші халықаралық жеке құқықтың ролі өсіп келуде. Осыған сәйкес халықаралық аренадағы жеке қатнастардың әртүрлі жағтарын реттейтін халықаралық конвенциялар да ролі өсуде.
Халықаралық бұхаралық құқық - заңды және жеке тұлғалардың жеке құқықтық қатнастарын реттейтін құқық жүйесі болып табылады. Халықаралық бұқаралық құқықтың бұлай аталу себебі бір мемлекеттің шегінен шыға отырып, өзінің құрылымында шет ел элементі болатын азаматтық құқықтың, еңбек, қаржы құқықтық қатнастарды реттеушісі болып табылатындығынан.
Халықаралық жеке құқық жеке және заңды тұлғаның жеке құқықтық қатынастарын реттейтін құқық жүйесі. Халықаралық жеке құқығы бір мемлекеттің шегінен тыс және шетелдік элементі бар азаматтық құқық, еңбек, қаржылық құқықтық қатынастарды реттейді.
Қазақстан егемендік алғаннан соң халықаралық жеке құқық мәселесін жүйелі түрде зерттей бастады. Халықаралық жеке құқық ерекше түрдегі халықаралық қатынастарды реттейді. Оларға жеке және заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі, шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан мүлкіне жеке меншік құқығы, сонымен қатар шетелде орналасқан қазақстанның және оның азаматтарының мүлкіне жеке меншік құқығы, ішкі сауда мәселесін жасау тәртібі мен шарттары, шетелдің интелектуалды меншікке құқығын қорғау, қазақстан азаматының шетелдегі өнертабысын қорғау, шет ел азаматымен некеге тұрудың тәртібінің құқықтық түрлері және еңбек қатынастары және оларды шетелде жүзеге асыру жатады.
Қазақстанның ішкі саудасында, ішкі сауда, тауар айналымы, төлем бойынша мемлекетаралық шарттар мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың шетелдік ішкі сауда ұйымымен, жеке фирмалармен ішкі сауда мәмлемелерімен тығыз байланысты.
Сауда шарты - бұл субъектінің қызметіндегі ішкі сауда мәмлері, мәмлемелерді орындау мерзімі және осы мәмлемелер арасындағы болуы мүмкін дауларды шешу бойынша мәмлелер арасындағы шарт. Басқа да сауда шарты жария құқық сипатындағы шарт, халықаралық жеке құқық акті. Егер сауда шартын орындамауға немесе тиісті дәрежеде орындамауға байланысты дау туса, дауласушы мемлекеттер бір-біріне дипломатиялық жолдармен әсер етеді, мемлекетаралық дауды шешудің белгілі халықаралық жария құқықтық малына жүгінеді. Егер ішкі сауда мәмлесіне қатысқанда даулы мәселелер туындаса, олар отандық және шетелдік соттарға, халықаралық коммерциялық арбитраждық соттарға жүгінеді. Бұл шетел элементі бар азаматтардың құқық қабілеттілік қатынастарындағы құқық бұзушылық пен мүдденің бұзылуына байланысты тұйындайтын халықаралық жеке құқықпен реттеледі.
Бұл қатынастардың барлығына шетел элемент тән және оларды үшке бөлуге болады:
Құқықтық қатынасқа қатысушы шетелдік жеке және заңды тұлға;
Құқықтық қатынас объектісі Қазақстанның шегінен тыс және мемлекеттерде орналасады;
Халықаралық жеке құқықпен реттелетін қатынастың негізі - не шетелде орын алған нақты заңсыздық.
Осы элементтердің біреуі - болуы бұл құқықтық қатынастарды халықаралық құқық аясына жатқызуға болады.
Халықаралық сауда - экономикалық және мәдени байланыстар шетелдік заңдарды қолдау негізінде пайда болатын субъективтік азаматтарды қорғауды әр мемлекет мойындайтын болса ғана нақты дами алады. Халықаралық байланыстың толық көлемде дамуын мақсат ететін мемлекеттер шетелдік немесе отандық құқықты қолдануды, оған мүмкіндік беретін коллизиялық нормаларды белгілейді. Осы коллизиялық нормалар халықаралық жеке құқықтың маңызын құрайды.
Шетел элементтерімен қатынастарды реттейтін ішкі материалдық нормалардың болуы коллизиялық нормалардың болуын болжайды. Ішкі сауданың сатып алу-сату бойынша нормаларының құқығы мен міндеттерін реттейтін ҚР ішкі мемлекеттік заңдары коллизиялық нормаларды алмастырып қана қоймады сонымен қатар осы заңдарға сілтеме жасай отырып, шетел заңын қолдануға жол бермейтін коллизиялық нормаларды жасайды.
Әр елде коллизиялық байлаулар әртүрлі болуы мүмкін. Германия мен Италияда мұрагерлікпен қтр мұрагер азаматы болатын елінің заңымен, АҚШ мен Англияда оның сонғы тұрғылықты жерінің заңымен реттеледі. Германияда ішкі саудағы байланысты жасалатын қатынастар орындау орны заң мен, басқа елдерде келісім-шарт қай елмен тығыз байланысты болса сол ел заңымен реттеледі.
Коллизиялық құқығындағы мұндай жағдай бірде құқық қорғау болып, бірде болмауына байланысты күрделі мәселелер туғызады. Бұл мәселелерді мүдделі мемлекеттер арасында қызығушы сұраулар бойынша екі жақты немесе көпжақты шарттар жасау арқылы шешуге болады. Мемлекет ретінде мұрагерлік коллизиялық нормалар біркелкі көрініс жапқан.
Осы мәселелерді шешудің тағы бір малы осы немесе басқа қатынастарды реттейтін материалдық нормаларды унификациялау (бір түрге келтіру, қалыптастыру) болып табылады. Унификациялауды жасаудың бір мысалы ретінде халықаралық сауда қатынастарындағы 11.04.1980 ж. қол қойылған халықаралық сатып алу-сату шарты туралы БҰН конвенциясын айтуға болады.
Әр елдің халықаралық жеке құқық құрамында шетел элементімен қатынастарды реттеуінде қай елдің заңын қолдану дұрыстығын анықтап коллизиялық нормалармен қтр халықаралық шарт жасау негізіндегі берілетін шарттық қатынастарына кіретін қалыптасқан материалдық нормаларда болады.
Сонымен коллизиялық мәселелерді шешудің екі амалын шетелдік элементтілгі бар азаматтардың құқықтық қатынастарды реттейтін екі әдіс бар деп айтсақ болады. Мұндай құқықтық қатынастарды реттейтін үшінші әдіс ретінде шетелдік элементі бар азаматтардың құқықтық қатынастарды құқықтық реттеуді жасаған мемлекетте арнай шығарылған ішкі заңның материалдық нормалары; заңдар, жарлықтар, жоғарғы билік органдарының қаулылары т.б. Оларды тікелей әрекет ететін нормалар деп те атайды. Мысалы, 27.12.1994 ж. "шетелдік инвесторлар туралы" ҚР Заңы, 19.06.1995 ж. "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" ҚР Президентінің жарлығы т.б.
Осылайша халықаралық жеке құқық мына нормалалрдан тұрады:
коллизиялық;
қалыптасқан материалдық нормалар;
Тікелей әрекет ететін нормалар.
Азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын қатынастар сот пен арбитражбен қорғалады. Шетел элементі бар азаматтардың істері халықаралық жеке құқықпен тығыз байланысты болатын халықаралық азаматтық іс жүргізу нормалары негізінде шешіледі. Сондай-ақ халықаралық азаматтық іс мәселелері халықаралық жеке құқық құрамына кіруі мүмкін.
Халықаралық жеке құқық азаматтық қатынастар және отбасы қатынасымен бірге шетел элементі бар еңбек қатынасында реттейді. Сонымен ішкі мемлекеттік еңбек құқығы мен халықаралық жеке еңбек құқығы арақатынасын анықтап алу керек. Бұл екі құқықтық жүйенің ұқсастығы, Қазақстан территориясындағы шетел немесе бірнеше кәсіпорындарда жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлердің мәртебесін қорғаудың еңбек қатынасы, халықаралық жеке құқықпен реттеледі, яғни шетелдік жеке және заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін коллизиялық нормалауға жатқызатын шетел элементі бар азаматтардың құқықтық қатынасы, отбасы, еңбек қатынасын реттейтін құқық саласы
Достарыңызбен бөлісу: |