Тілдік қарым-қатынсқа түсушілер өз ойларын айтуға сезімдерін білдіруге, тәжірибелермен бөлісуге мүмкіндік береді.
Р. Атаханованың пайымдауынша, тіл қарым-қатынас құралы болуы қажет және жоба технологиясы тілді жетік меңгеру мақсатында қолдануға үлкен мүмкіндіктер ашады. (19)
Тілдік қатынасқа түсушілер топта, ұжымда бірігіп жұмыс жасайды. Ұжыммен жұмыс жасау тілдік қатынасқа қатысушыларға үлкен рухани күш береді, олар өзара ойларымен бөлісіп, бір-біріне көмектеседі. Жоба технологиясы коммуникативті дағды мен іскерлікті кеңінен қолдану көзі болып табылады. Бұл дегенің қатысушының әр саладан алған білімін тереңдетіп және өз өмірінде маңызды мәселелер туралы өз ойларын білдіруге септігін тигізеді.