I. Негізгі бөлім Құстардың шығу тегі және үйге үйрету


Әтешпен тауық айдарының пішіні: а-әтеш жапырақ тәрізді, б,в-тауықтарда солай, г-бұршақ қынды, д-райхан гүлі тәрізді, е-білік тәрізді



бет3/3
Дата15.09.2017
өлшемі5,16 Mb.
#33740
1   2   3

Әтешпен тауық айдарының пішіні: а-әтеш жапырақ тәрізді, б,в-тауықтарда солай, г-бұршақ қынды, д-райхан гүлі тәрізді, е-білік тәрізді.

Етті тұқымның көкірегі жұмыртқа беретін тұқымға қарағанда әлдеқайда жақсы дамыған. Етті тұқымға кең апайтөс, тік төс, күшті дамыған твс бұлшық еттері тән болады; жұмыртқалайтын тұқымның төсі шағын келеді. Барлық тұқымды құстардың жауырыны мен өнімділік бағьптары тік және тегіс болуы тиіс. Әр түрлі құстардың жауырьтыйъщ ұзындығы мен кеңдігі бірдей болмайды. Жұмыртқа беретін тукымдікі жіңішке, етті тұқымдікі кеңдеу. Жауырыны ширақ болуы тиіс.Қанаттардың ұзындығы мен орналасуы тұқымдык ерекшеліктері болып табылады. Жұмыртқа беретін тұқымды тауықтың құйрығы етті немесе етті-жұмыртқалы тұқымды тауық құйрығынан ұзын келеді. Суда жұзетін құстың құйрығы біршама кысқа қазда бурым болмайды, ата үйректің бұрымы жетілмеген (шамалы ғана бұйрасы болады). Негізінде төс сүйегінде болзтын кеуденің төменгі бөлігін хлуп, ал төс сүйегінің артқы ұшы мен құйрыктың аралығына орналасқан артқы бөлігін кочен деп атайды.

Барлық құстың аяктары ширақ және тік болуъі тиіс. Табан сүйектері жалаңаш немесе қауырсынды болады, әдетте онъщ түсі тұмсығыныц түсіндей болады. Әтештің табан сүйектерінің төменгі бөлігінде оскен сүйегі-тепкісі бар. Қаз бен үйрек саусактарының аралығында жарғағы болады.

Экстерьерді бағалау кезінде кез - келген тұқымға тән сыртқы бүкіл белгілері,сондай-ақ интерьеріне, дене қурылысының тегіне және құстың физиологиялык жағдайына байланысты белгілер кешені ескеріледі. Жұмыртқа беретін тұқымды тауықтар біршама кішкене келеді,кеудесі ұзынша, басында үлкен айдары, сырғалары бар. Мойыны жіңішке, ұзындау, жауырыны ұзындау, іші көлемді болады. Жүні тығыз, жарқырап тұрады. етті немесе етті-жұмыртқа тұқымға карағанда құйрығы анағұрлым ұзындау. Жұмыртқалайтын туқынды құстың сүйегі нәзік.терісі тығыз, әрі нәзік болады.

Етті тұқымды құс тірілей үлкен салмақтылығымен.комақты басымен, терең де кең кеудесімен, томпақ та тым керілген тосімен, кең, бірақ салыстырмалы турде қысқа жауырынымен, алшаң орналасқан аяктарымен, аяқтың табан сүйектерімен, мамық та, борпылдақ қауырсындарымен, қысқа құйрығымен ерекше көзге түседі.

Етті жұмыртқа тұқымды құстын басы орташа шамада, тұмсығы қысқа, көздері үлкен әрі томпақ,айдары орташа, сүйектері нығыз, бірақ көлемі шағын, аяқтары тік, біршама толықтау алшақ орналасқан, мамық жүні тығыз немесе шамалы борпылдак келеді.

Құс экстерьерін жете талдай үйрену үшін оның дамуын сипаттайтын өлшемдерді алады. Тұрқының ұзындығын тұтасқанның алдыңғы ұшынан құйымшақ сүйектің артқы жоғарғы ұшына дейін лентамен өлшейді. Төстің терендігі кішкентай кронциркульмен соңғы мойын омыртқа мен кеуде клеткасындағы кильдің алдыңғы ұшы аралығы өлшенеді. Кеуде кеңдігін буындарының бүйір нүктелері аралығын кішкентай кронциркульмен өлшейді. Кеуде орамын лентамен анықтайды. Онымен қырлы тестін алдыңғы ушы мен соңғы мойын омыртқасы аркылы қанаттарының үстімен құсты байлайды. Қырлы тестің ұзындығы оның алдыңғы ушы мен соңғы ұшына дейін лентамен, ал төс бұрышын арнаулы құралмен - бұрыш өлшегішпен (градус) өлшейді. Оны төс етіне перпендикуляр турде тес сұйектегі кырлы төстің алдыңғы ұшынан Ісм қашыктыкка қояды. Саннын, сирақтың, табан сүйектерінің ұзындығын лентамен немесе кронциркульмен сәйкес сүйектердің шеткі нүктелерінен елшейді.

Бұл өлшемдер бағалау немесе арнайы тексеру, сондай-ақ ғылыни-зерттеу жұмыстары кезінде кұс денесіндегі жекелеген бөліктердің дамуын неғұрлым объективті түрде бағалауға көмектеседі. Экстерьерді бағалау кезінде, сондай-ақ экстерьерлік профиль пайдаланылады, оны сызып, алуан түрлі және тұқымды құс қүрылысының ерекшеліктерін салыстыруға болады.



Құс жынысын анықтау. Сақа құстардың жыныстык айырмашылықтары бірден аңғарыладыхркегі ұрғашысынан едәуір салмақтырак, денелі келеді, басы үлкендеу, апайтөс, бөксесі жүдеу болады. Әтештер мен күрке тауықтың еркегі мекнендер мен ұрғашы тауықтармен салыстырғанда аяқтары анағүрлым. биіктеу. Қауырсыны түрлі түсті еркектері ұрғашыларынан гөрі


Тәуліктік үйрек балапандарының жынысын анықтау: А-көмейінің кеңеюі.



Тауық балапанның жынысын анықтағанда қолда ұстау әдісі.
айқын бояулы келеді. Әтештің құйрығында бұрымы, желкесінде жая, ал ұрғашыларында мұндай болмайды. Күрке тауықтың еркегі ұрғашысынан ірілеу, оның төсінде қауырсын шудасы және тұмсығының үстіне өскен терісі болады.

Үйректердің еркек, ұрғашыларын дауысынанақ айыруға болады,ата үйрек шыжылдайды, ал ұрғашы үйректер барындайды. Қаздарды катпаршағын көрген кезде айны қатесіз анықтайды. Бақылаушы қазды сол жақ тізесіне құйрық жағы салбырап түратындай етіп шалқасынан жатқызады. Қаздың мойнын сол жақ қолтығына тығып,құйрығын томен қарай сәл қайьфады, ал екі колдың бас бармақтарымен және сүқ саусақтарымен қатпаршақты ашады:еркек қаздың жынысы бірден көрінеді,ал ұрғашысының қатпаршағы енді ғана қалыптаса бастайды. Қатпаршағын бірден ашудың сәті туспеген қазды отырғызады, шамалы уақыттан кейін оны кайтадан байқайды.

Құс балапанының жынысын бірқатар белгілері бойынша анықтайды. Қаздарды белгілері бойынша аныңтайды. Қаздардың жынысын қатпаршақтың құрылымы бойынша үш айлығында, ал үйректердің жынысын көмей құрылымы бойынша алғашқы тәулікте-ақ анықтайды. Еркегінде көмейінің төменгі бөлігі кеңдеу және қолмен оңай үстап көруге болады, ал ұрғашысында мұндай кеңею жок. Жынысты анықтау үшін үйрек балапанын басын алдына қаратып, оң алақамға үстайды, сол жақ қолымен оның түмсығын үстап, мойнын соза тартады, ал оң жақ колының сұқ саусағымен желкесінен басады. Еркек балапанның дәл осы тұсында үш бүдыр білінеді: төс сүйектің алдыңғы ұшына бүғананың жалғасқан жерінде оң жағында да,сол жагында да, осы бұдырлардың аралығындағы орталықта етегінде көлемі бұршақтай ғана ойнамалы бүдыр байқалады - осының езі көмейінің керілуі.

Қатпаршақты байқаған кезде балапан жынысын жұмыргқадан шыққан сон 10-12 сағатған кейін-ақ анықтауға болады. Балапанды сол жақ алақанға бынай үстайды, аяқтарын сұқ саусақпен ортаңғы саусақтың арасына қыстырып кояды,ал мойиын аты жоқ және шынашақ арасына қыстырады (16-сурст), Сол қолдың бас бармағымен еппен катпаршақты ашады. Еркегінде рудиментгі көпіршік пен тарамданған екі қабат кішкентай белдеулер көрінеді. Қатпаршақты тексерген кезде балапандардың жынысын анықтау үшін арнайы стол, үш жәшіктің (ұрғашы, еркек балапандар мен жарамсыз үшін) және жарықпен жақсы қамтамасыз ету қажет. Тәжірибелі маман бір сағатта 900-1000 балапанды байқаудан өткізе алады.

Жұмыртқадан шыққанына бір тәулік болған балапандардың

жынысын Чиктестер құралы көмегімен айырады. Оның бір жағында окуляр, екінші жағына-ұшы үшкір емес шыны ине орналастырылған тубусы бар. Тубустың ішінде электр лампасы мен линзалар және электр жарықты инеге бағыштайтын айнасы болады. Инені балапанның қатпаршағына кіргізеді: окуляр арқылы балапанның жынысына байланысты аналық немесе аталық бездері айкын көрінеді.Бір сағатта 600-800 балапанды қарайды.

Ет бағытындағы да жұмыртқа бағытындағы да асыл тұқымды шаруашылықтар мен құс фабрикаларында балапан әтештер мен тауықтарды алғашқы кұннен бөлек өсіру үшін балапандарды бір теулігінде сүрыптаудың өте мәні зор.

Құстың жасын анықтау. Құстың жасын жұмыртқадан шыққан кунінің жазылуымен, аяк сақиналарындағы немесе қанат белгілерімен белгіяейді, және шамамен интерьері бойынша, мысалы топшының ұзындығы бойынша аныктайды.Шапшаң жетілетін тұқымды әтештердің топшысы алты айлығында шамалы шодырайып шығып тұрады, ал бір жаска толғанда топшының ұзындығы I см-ге жетеді;бір жылда ол құстың тукымдық ерекшеліктеріне байланысты 1-2 см-ге ұзарады. Жас гауықтарды жылтыраған тығыз мамық жүні мен нәзік терісі бойынша сақа тауықтардан жеңіл ажыратып алуға болады. Сақа қаздардың кейбір тұқымдарын (холмогорлык және басқалар) жастарынан 6-8 айлығыда қалыптасып, одан әрі біртівдеп өсіп отыратын маңдайындағы томпағы (маңдай сүйегінің дөні) бойынша ажыратуға болады.

Балапандардың жасын мамық жүнінің жетілуі бойынша анықтайды. Тез жетіяегін тушмдары 8-күндігінде қанатының қауырсындары құйрығына дейін жетеді. Төртінші аптасының соңы мен бесінші аптасының бас кезінде ювенальды түлеу басталады. Ескі жүнінің түсіп, жаңа жүнінің өсуі біртіндеп өтеді. Қанатының сыртқы ең шеткі қауырсыны бірінші болып түседі, келесі қауырсындары әрбір 7-8 күннен кейін түседі. Кеш жетілегін тұқымды балапандардың түлеуі кешірек басталып, ұзаққа созылады, алғашқы қауырсыны 6-апталығында түседі, келесілері кезекпен әрбір 10-12 күннен түседі.

Құстың өнімділігі. Ол құстың түріне, тұқымына, жынысына,

жасына, сондай -ақ азықтандыру мен күтім жағдайларына, сақа құстарды пайдалану және балапан өсіруді жеделдетуге байланысты.

Жұмыртқа енімділігі. Жұмыртқалау құстың ең маңызды өнімділік сапасы, ол оның физиологиялық жағдайын және көбею орғандары жүйесі кызметін бейнелейді.

Құстың жеделдете жұмыртқалауы ұрғашысының жыныс жолдарында жұмыртқа тұзілуге қажетті уақытқа байланысты. Жұмыртқа қалыптастыруға уақытты неғұрлым көбірек шығындаса, беліілі бір кезевде құс жұмыртқаны соғүрлын азырақ табады. Егер жұмыртқа 24 сағатта немесе одан да қысқалау мерзімде қалыптасса онда тауық күнде жұмыртқалайды; егер жұмыртқа т\'зуге уақыт көбірек жүмсалса, онда жұмыртқа салуда ұзіліс байқалады. Мысалы, 24 сағатта жұмыртқасы қалыптасатын тауық одан кейінгі күндерде 8, 12, 16 сағаттардан кейін жұмыртқалайды да, одан кейін ұзіліс жасайды. Бір немесе 2-күндік ұзілістен кейін тауық қайтадан бірнеше күн қатарынан жұмыртқкалай бастайды. Құстың қатарынан ұзіліссіз белгілі бір санды жұмыртқа тапқан кезеңін жұмыртқалау цикді деп атайды. Цикл ұзақ

болуы да (10-15 күн және одан да ұзағырақ) қыска болуы да (2-4 күн)

ықтимал. Құс жұмыртқаламаған циклдер аралығындағы күндерді

интервалдар деп атайды.

Жақсы мекиендер жұмыртқалаудың ұзағырак циклмен, ал нашарлары - қысқа циклмен және ұзағырақ интервалдармен сипатгалады. Жұмыртқалау циклдарының қайталануын ырғақтылық деп атайды. Ол да құсты азықтандыру мен күту жағдайларына байланысты. Азықтандыру деңгейі төмендегенде немесе стрестік факторлар пайда болғанда ыргақтылықтаң бұрмалануы да мүмкін.

Циклдан басқа жұмыртқалаудың биологаялық кезеңі де болады. Ол балапандарда алғашқы жұмыртқалаудан түлеу мен жұмыртқалауды тоқтатуға дейін созылады, ал жұмыртқалап жүрген тауықтан түлеуден кейін жұмыртқалай бастаудан ол тоқтағанға дейін созылады. Жұмыртқалаудың биологаялық кезеңіне көптеген факторлар: құстың тұқымы, дербес ерекшеліктері, ауаның температурасы, сәулелендірудің ұзақтығы мен жеделдігі, азықтандыру мен күтім жағдайлары әсер етеді. Биологиялық кезен ертерек немесе кештеу басталуы мүмкін, бірақ әдетге тауықтарда 10-12 айға созынады. Үйректерде, күрке тауықтар мен қаздарда ол тауықтарға қарағанда едәуір қысқа болып, ұзақ маусымдынығымен сипатталады. Жұмыртқалаудың ұзак мерзімді биологаялық кезеңі тұрақты ырғақты жұмыртқалайтын жоғары өнімді құсқа тән келеді.

Балапан құстарда жұмыртқалаудың биологаялық кезеңнің басталуы оның жынысының жетілуіне тұспа-тус келеді. Жыныстың жегілуі-тукым қуалайтын белгі. Ол алғашкы жұмыртқалау уақьпына дейінгі құстың жасымен анықталады. Тауықтар жыныстық жетілуге 120-180 күндігінде, күрке тауық тар 180- 250, үйректер мен қаздар 200-300 күндігінде жетеді. Бүкіл құс тобының жыныстық жетілуі құстың жұмыртқадан шыққан уақытынан бастап,жұмыртқалаудың 50 пайызына дейін жеткен күндердегі, күніне 100 тауықтан 50 жұмыртқа алатын кезге жеткендегі жасынан білінеді.

Құстың түріне, өнімділік бағыты мен тұқымына байланысты жыныстың жетіле бастауында белгілі бір заңдылық болады, мәселен жұмыртқалағыш тұқымды тауықтар еіті жане етті жұмыртқалағыш тұқымды тауықтармен салыстырғанда ергерек жұмыртқалай бастайды. Жыныс жетілуін, сәулелендіру ұзақтығын, азықтандыру деңгейін және басқадай факторларды өзгерте отырып реттеуге болады.


2.3. Құс шаруашылығын дамытуда пайдаланнатын асыранды құстар қолтұқымдарының сан алуандығы

Үй құстары — құс шаруашылығының негізі. Адамзатқа маңызды азық-түліктік өнімдері — ет және жұмыртқа, қауырсын және мамық беретін асыранды құстар үй құстары деп аталады. Үй құстары да үй хайуанаттарына жатады. Осындай жоғары сапалы өнім беретін тауық, үйрек, қаз, күркетауық тәрізді елімізде кең тараған құстарды өсіретін шаруашылықтар, мал шаруашылығының бірінен саналатын құс шаруашылығы болып табылады. Өз қажетіне қарай адам үй құстарын сапасы бойынша қолтұқымдарға бөледі. Қолтұқым дегеніміз — белгілі бір асыранды жануардан сапасы мүлде басқа жаңа тұқым алу, яғни сұрыптау арқылы алынған асыранды.

Халықты үй құстарынан алынатын тағамдық өнімдермен ұздіксіз қамтамасыз етуде құсшаруашылық өндірісі үй құстары қолтұқымының сан алуані түрлерін пайдаланады 4Р- Қазір республикамызда құс шаруа-' шылығы жүйесінде 28 құс фабрикасы мен совхоздары, 6 ет өндіре-тін құс фабрикасы, 6 қолтұқым өсіретін кәсіпорын, 2 үйрек өсіретін фабрика, күркетауық өсіретін 2 кәсіпорын және 16 инкубатор станциялары, жиыны 60 кәсіпорын жұмыс істейді. Қолтұқым шығаратын тәжірибе фабрикалары мен ғылыми институттар үй құстарының жаңа қолтүқымын шығарып, жетілдірумен шұғылданады.

Тағамдық азық-түлікте тауық жұмыртқасы жоғары бағаланатыны мәлім. Аулада «қыт-қыттап», аяғымен жер тарпып, жемін іздейтін асыранды тауықтың арғы тегі — жабайы банкив тауығы екенін бұдан бұрын баяндалды. Жабайы тауықты адамның қолға үйреткеніне де 4 жарым мыңнан астам жыл өтті, қазір тауықтар бастапқы тегінен мүлде өзгеріп, көп жұмыртқалайды, салмағы да ауыр, мінез-қылығында, түр-түсінде де өзгерістер өте көп. Адам-дар қолдан сұрыптау арқылы тауықтардың сан алуан қолтұқым-дарын шығарды. Мысалы орыстың ақ тауығы және летторн тауығы бір жылда 200—240 жұмыртқа береді, тіпті 300 жұмыртқа сый-лайтын да кездері болады. Ал ?кохинхин деп аталатын қолтұқым-ның қоразы 5 кг, мекнені 4,5 кг тартады, бұл — етті тауықтар қол-тұқымы, жылына 130—150 жұмыртқадан артуқ бере алмайды. Нью-гемпшир, род-айланд, орловтық тауықтардың қоразы 4,5 кг, мекнені 3 кг тартады да бір жылда 160—200 жұмыртқа береді (етті-жұмыртқалы қолтұқым).

Тауықтардың сәндік үшін өсірілетін (феникс), сондай-ақ тө-белескіш (тапалтақ төбелескіш) қолтұқымдары да бар. Сөйтіп, та-уық қолтұқымдары жұмыртқалағыш, етті, етті-жұмыртқалы, тө-белескіш, сәндік үшін өсірілетін қолтұқымдарға жіктеледі.

Тауықтәрізділерге жататын күркетауық — асыранды құстардың ең үлкені. Оның аппақ балғын еті кімді болса да тұшындырмай қоймайды. Асыранды күркетауықтың арғы тегі — солтүстік америкалық жабайы күркетауық. Бізде мөскеулік ақ күркетауық пен қолареңді күркетауықтардың қолтұқымдары тараған, олардың кораздарының салмағы 10—16 кг, мекнені — 6—8 кг тартады. Күркетауықтардың басы мен мойын бөлігінде қауырсын жок, сондықтан бұдыр-бұдырлы қатпарланған терісі кезге оғаш көрінеді. Тұмсығының үстіңгі жағынан етті өсінді салбырап тұрады, ол аталығында едәуір ұзын болады. Мекнені кәп жұмыртқа бермегенмен (жылына 30—50 жұмыртқа), тауық пен үйректің жұмыртқасын басып, балапандарын өрбітуге жәрдемін тигізеді, яғни жүмыртқа басатын күрік ретінде пайдалануға болады.

Үйрек те — пайдалы құстардың бірі. Жұмыртқасы онша дәмді болмағанымен еті, қауырсыны мен мамығы шаруашылыққа көп пайда келтіреді. Асыранды үйректің арғы тегі — жабайы барыл-дауық үйрек. Үйректің аталығы кежек деп аталады. Жабайы үй-ректің аналығы ұя жасағанда өз төсінен мамық жұлып төсейді де, жұмыртқа басқан кезде, өзі ұядан кеткенде жұмыртқаларды ма-мықпен орайды, сөйтіп жұмыртқа жылуын сақтап қалады. Асы-ранды үйректің барлық қолтұқымдары жабайы барылдауық үйрек-тен шығарылды. Ең көп таралған үйрек қолтұқымы — пекиндік үйрек. Ол тез семіріп, шапшаң өседі, кежегінің тірілей салмағы — 4 кг, аналығы — 3—3,5 кг болады.

Қаз — үйрек тәрізді суда жұзетін құс. Адамдар асыранды қазды ежелден бері жабайы сұр қаздан қолға үйретіп, өсіріп келеді. Қаздардың қолдан сұрыптау арқылы алынған қолтұқымдары өте көп. Қаздың аталығы атақаз деп аталады. Кең тараған холмогорлық қаздың тірілей орташа салмағы 7,5—8 кг, кейде 9—12 килограмға да жетеді, ал жылына 20—25 жүмыртқа туады. Қазды семірту оңай, оның еті мол болады.Каздың балапанын мамыр деп атады.

Құс шаруашылығы — мал шаруашылығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы дегеніміз — орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен желдету жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасы мен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу, куту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температура мен ылғалдылық сақталатын құрылғылардан — инкубаторлардан шығады.

Құс шаруашылағындағы қол тұқымдар.
Техникалық қауіпсіздік

Құс шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғанысын орындау керек. Дегенмен құстарды биологиялық ерекшеліктерімен олардың өнімдерін өңдейтін техникалық құрылыстар, еңбекшілер денсаулығына аса үлкен зиян келтірмейді. Құс фабрикаларында техника қауіпсіздігі міндеті инженерлерге жүктеледі. Ал, цехтарда , учаскілер де техника қауіпсіздігімен жауапты етіп цех басшыларын бригадирлерін немесе бас мамандарды тағайындайды. Инкубация цехтарына инкубатор құрылысымен жұмыс істеу құрылысымен танысқан қауіпсіздігін оқыған адам ғана кіреді.

Жұмыс істеу барысында жұмыс орындарын жиып, тазалау кезінде электрлік құрылғы мен электрлік приборларға тисуге болмайды. Оларды су тиюден, кіші электрлік ақаулардан қорғау қажет.

Ветеринарлық, санитариялық іс-шараларды жүргізетін барлық мүшелер техникалық қауіпсіздігін яғни, жою дәрі-дәрмектермен, дезинфекция жасайтын машиналар мен құрылғыларды қалай пайдалану керектігін білу керек. Ветеринариялық – санитариялық техника қауіпсіздігін міндетті түрде сақтау орындау ережелері мыналар:



  • профилактикалық – дезинфекциялық дәрі-дәрмектермен улану

  • профилактикалық – травматикалық механикалық аппараттармен жұмыс жасау, электр тогының үлкен ағымдарымен жарақаттану

  • дезифекциялық өртке қарсы шаралар.

Бактерияларда өсіретін балапан цехтарын меңгеру және қауіпсіздік ережелерімен талаптарын орындау

Әр жұмысшының міндеті, жұмысты бастамас бұрын жұмысшылар арнайы киімдерін киіп, жұмыс орындарын дайындап, жұмыс құрылғысының дұрыстығы тексеріліп, барлық ережелерге сай келгенде ғана жұмыс бастауға рұқсат етіледі.



Қорытынды

Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінін субелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, өрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.

Келешекте жұмырқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан-жақты көрсеткіштерін құстың тұқымдык ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты - құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа ет, мамық) пайдалану.

Келешекте құс шаруашылығының үдемелі дамуы, өте жотары мамандандырылған әрі шағылыстырғанда мол енімді будан алынатын құс тұқымдары мен тізбектері болса ғана үдемелі дамытуға болады.

Болашақта диірмен, сүт, ет және тері — терсек өңдеу шаруашылықтарының қалдықтарын құстарға азық ретінде қолдану кеңінен жол табады, сондай-ақ әлі кунге дейін бұл бағытта колданылмаған азықтың қосымша қорының бірі - құс сою цехтарындағы қалдықтардан дайындалатын азыктық ұн болып табылады.

Инкубацияның бокстық технологиясын, оның жаңа дезинфекциялық заттармен қоса қолдану әдістерін, инкубациялық жұмыртқаларды сақтау мерзімін уқарту жолдарын, тұқымдық және тағамдық жұмыртқаларын өндейтін құралдар мен препараттар, оларды өндіріскс енгізудің ғылыми және тәжірибелік маңыздары өте зор.

Өндірістік құс шаруашынығында жаңа ғылыми әдістерді, жетістіктерді шытарып, оларды шаруашылықта пайдалануды тездету компьютерлік технологияны кеңінен қолдануға байланысты. Казіргі таңда құс щаруашылығының негізгі даму бағытын жобалап, ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру, басқару, еңбек өнімділігін арттырудың қосымша жолдарын табу, құс шаруашылығы өнімдерінін өзіндік құнын төмендету мәселелері компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану жолымен ғана дұрыс шешілуде.

Құс шаруашылығы өнімдерінен, яғни етінен, меланж, жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде. Ғалымдар мен мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тутынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы багытта кус сою цехтарында, оған дейін де ұстау, тиеу, түсіру,тасымалдау жұмыстары да еттің сапасына осерін тигізетіидігін айта кетуіміз қажет.



Міне, осы айтылған кептеген мәселелерді дер кезінде орындап, оларды жегілдіру жұмыстарының мерзімдерін қысқарту құс шаруашылықтарының тиімділігін бұрынғыдан да арттыра түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер.


  1. А.Б. Таңатаров, Ш.Ә.Әлпейісов, С.Т.Дабжанова: «Құс шаруашылығы». Алматы 2005

  2. Б. Мұқанов, М.Шаймарданқызы: «Құстардың шығу тегі». Алматы 2001.

  3. Р. Сәтімбекұлы: «Құстар туралы мағлұмат». //Жалын. Алматы 2002.

  4. В. Абакумов «Үй құсын өсіру».Алматы 2000 – 7б.

  5. Махамбетов Нұрсағат Әбжанұлы «Құс шаруашылығы». Алматы 2006 – 46.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет