І. Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі


Арифметикалық амалдар мен олардың қасиеттерін меңгерудегі көрнекі құралдар



бет13/23
Дата09.05.2020
өлшемі103,72 Kb.
#66852
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
МАТЕМАТИКА

2.3. Арифметикалық амалдар мен олардың қасиеттерін меңгерудегі көрнекі құралдар

Бастауыш буында математика курсын оқытудың негізгі мақсаты — арифметикалық амалдардың кестелік жағдайларын оқушылардың саналы және берік игеруіне ықпал жасау, қамтамасыз ету. Бір таңбалы сандарды қосу мен көбейту кестесін және азайту мен бөлудің сәйкес жағдайларын жатқа білу — осы талаптардың құрамдас бөлігі.

Қ О С У К Е С Т Е С I . 10 көлемінде қосу кестесін пайдалана отырып балалар бірінші ондық көлемінде қосуға берілген барлық мысалдарды шығара алатын болады.


3+2=5







3+3=6

3+3=6




3+4=7

4+3=7




3+5=8

5+3=8

4+4=8

3+6=9

6+3=9

5+4=9

3+7=10

7+3=10

6+4=10
2+2=4

Кестені қарап шығып тек осы жағдайлар ғана еніп, неліктен басқа жағдайлары енбегендерін балалар өздері түсіндіре алады. Кестеден санның қандай қосылғыштардан құралғанын игереді, әрбәр санды қосылғыштардың қосындысымен алмастыруға, сол сандарды көрсетілген санға дейін толықгыруға (мысалы, 10-ға немесе 9-ға дейін толықтырып жаз), монеттерді лайықтап тандап алуға тапсырмалар беріліп, орындалып отырады.



Мұғалім мысалды немесе есепті айтып, ауызша есептеу жұмысын жүргізгенде, оқушылардың тек есту сезімі ғана дамитын болады. Бұл жұмысты әр түрлі етіп өткізу үшін және көргенінесте қалдыру сезімін дамыту үшін оқытушы мезгіл-мезгіл ауызша есептерді балалар үндемей ішінен орындайтын етіп өткізу керек, бұл үшін мысалыға есепті айқын түрде тақтаға жазу керек болады. Балалар ауызша есептеп жауабын айтады. Тақтаға жазу көп уақытты алады, сондықтан естігенді есте қалдыру мен көргенді есте қалдыру кезектеліп отыру үшін көп пайда келтіретін кестелер мен сан фигураларды қолдану керек.

Көбейту кестесі (Пифагор кестесі). Балаларға кестені дүрыс пайдалануды үйрету керек.

6*7 — нің қанша болатынын табу үшін, саусақгы алты түрған жолмен жылжытып отырып, жоғарыдағы 7 цифрының тік жолымен қиылысатын жерге дейін келеміз. Қаылысатын жердегі сан сол екі санның көбейтіндісін береді. Жеке оқушылар көлемі кіші кестені пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет