І. Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі



бет4/4
Дата05.07.2018
өлшемі457 Kb.
#47217
1   2   3   4

2.4. Көрнекілікті пайдалану бойынша математика сабағының үлгісі (2 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтарды қайталай, пысықтай отырып, балалардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру, өз беттерінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: Касса, сандар, ойыншыктар, плакаттар, үлестірмелі карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы: сабақты бастамас бұрын, оқушыларды ұйымдастырып, психологиялық дайындық жүргізіп, көңілдендіріп алдым. Яғни: Қане қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық, - шумағын баяу, шапшаңырақ, өте жылдам үш қайта айттық.

Арифметикалық диктант

I қосылғыш — 30 I қосылғыш - ?

II қосылғыш - ? II қосылғыш - 20
қосындының мәні — 60 қосындының мәні — 40

т.б. осы сияқгы мысалдарды оқыдым, балалар өз


беттерінше дәптерлеріне жазып отырды.
30 + 30 = 60 40 - 30 = 10 30 + 20 = 50

20 +20 - 40 60 - 50 = 10 30 - 20 = 10

Соңынан бірігіп дұрыстығын тексердік. Ауызша өткен сабақтарға шолу жүргізілді. Шамалар: ұзындық, масса, уақыт, өлшем бірліктеріне не жатады? 1 кг-да неше грамм? 1 сағатта-неше минут? 1 км-де — неше метр? т.б. және де:

7+6=13 9+2=11 8+4=П

6+7=13 2+9=11 □+□=□

түріндегі өз бетінше жұмыс.

Оқушыларға І-ші өрнектегі екі мысалдың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін аныктауды тапсырдым. Оқушылардың көмегімен қосылғыштардың орындарының ауысып түрғаны анықтады.Қосынды неге бірдей? — сұрағына жауап береді. Бүдан оқушылар қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосынды өзгермейді деген ережені өздері тауып, өздері қорытты. Ол түсінікті болу үшін, мына схема бойынша формуласын жазып тұжырымдадық.


a

a +

б

= с

к + т =

a




б +

a

= с

т + к =

a




с —

б

= a

П - П =

П

өз беттерінше

с —

a

= б

П - П =

п

жұмыс.

Оқулықтан 68-бет, №4 - есепті шығардық. Дүкеннен 9 қап картоп және одан 5 қабы кем сәбіз сатып алынды. Барлығы неше қап көкөніс сатып алынды?

-Есеп не жайыңда айтылған? (есеп көкөніс сатып алынған жайлы айтылған)

-Есепте не белгілі? (Дүкеннен 9 қап картоп және одан 5 қабы кем сәбіз сатып алынғаны ).

-Есепте небелгісіз? (қанша қап сәбіз және барлығы неше қап көкөніс сатып алынғаны)

Шартын тақтаға сызған соң оқушылар есепті шығарады.

1) 9-5=4 (қ)-сэбіз

2) 9+4=13(қ) - барлығы

5 кап кем у ? Жауабы: 13 қап


Бұдан кейін, балалар, біз қасқыр мен түлкі туралы көптеген ертегілер білеміз ғой. Бір күні ол екеуі бір себет балықты бөліп жемекші болды.Сонда қасқыр:

- Түлкі, сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықтарды сен бөлші"-депті. Сонда қу түлкі, қасқырдың аңқаулығын, есеп шығара алмайтындығын пайдаланып, былай бөліпті.

- Біреуі саған, екеуі маған, үшеуі саған, төртеуі маған, бесеуі саған, алтауы маған, жетеуі саған, сегізі маған, тоғызы саған, оны маған.

Сонда олардың әрқайсысына неше балықтан тиген? Оқушылар өз беттерінше шығарады.

Қасқырға тақ сандар 1+3+5+7+9 = 25 балық.

Түлкіге жүп сандар 2+4+6+8+10 = 30 балық.

Қайталай сабағы болғандықтан, балалардың өз беттерінше еңбектеніп, өз беттерінше қорытынды шығаруға байланыстықосымша материал есебінде Петерсон оқулығынан (2 — кл. I — бөл.) операциялар тақырыбын қарастырдық. Бұл тақырып, оқушыларға бұрыннан таныс болғандықтан қуана қарсы алды.

Апасы Сәуленің көйлегін жуды.

Бұл жерде көйлек жуу операциясы орындалады. Бұл операция кір көйлекті таза көйлекке айналдыру.




жуу




кір көйлек




таза көйлек




Операцияларды тек заттарға ғана емес, сандарға , сөздерге т.б. жүргізуге болады.




456

458

212

210

622

422

457

459

211

209

621

421

458

460

210

208

620

420

(Мен балаларды әдеттегіден ерекше, топ-топқа бөліп отырғыздым, парталарды дөңгелек пішінде қойып. Сыныпта — 30 бала, олар 5- ден 6 топқа бөлінеді). Әр топқа карточка сұрақтар үлестірдім.

1-топ. Тауық 1 аяқпен түрғанда 5 кг. Екі аяқпен неше кг?

2-топ. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жүмыртқа неше минутта піседі?

3-топ. Ергежейлі адам 10-шы қабатқа шығуы керек. Ол 5-ші қабатқа дейін лифтімен, ары қарай жаяу шығады екен. Here екенін түсіндір.

4-топ. Мына тендеулерді шығарындар.

1) х+ ала = бала 2) х +П 00 =uDQQ00

Тапсырма орындалып біткен соң, сабақты қорыту мақсатында мынадай сөзжұмбақ берілді.




1










2





















3


















5-топ. Сөзжұмбақгы шеш: Тігінен:
1. Азайтқыштың мәні(айырма)

2. Уақыт өлшеуіш (сағат)

Көлденеңінен:

1. 25 + 35 (алпыс)

Уақыт өлшеуші (минут)


6-топ. Жеті санына байланысты үлттық қандай ұғымдарды білесіңдер?

Қорыту: Балалардың сабаққа қатысулары бағаланды, үй тапсырмасы берілді.




Қорытынды

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркенниетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарын енгізіп жатырмыз.

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту процесін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Басты мақсаттардың бірі — баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, түлғалыққа бағыттау, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір зандылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру.

Бұл мақсаттарды шешуде көрнекілік үлкен роль атқаратындығына дау жоқ. Дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Заттарды (көрнекіліктерді) салыстыра отырып түсіну тек адамдарға ғана тән. Балалар салыстыру тәсілдерімен мектепке келгенге дейін де біршама таныс. Ал мектепке келген соң, оқудың алғашқы күнінен бастап бұл тәсіл тұрақты пайдаланыла бастайды.

Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын оңай, көрнекі етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады, оның байқампаздығы артады.

І.Қорыта келгенде, математика сабағында көрнекілікті дұрыс пайдалану кеңістік және санды түсініктердің, мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі.

2. Бастауыш сыныптарға математика сабағында көрнекілікті пайдалану — оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады. Бұл — оқудың ойдағыдай нәтижелі болуының шарты.

3. Көрнекі құралдарды пайдалану тиімділігінің негізгі шарты сабақта көрнекі құралдарды жеткілікті және қажетті мөлшерде қолдану керек. Егер көрнекі құрал қажет смес тұста қолданса, онда балалардың зейіні қойылған міндеттен басқаға ауып, оның зияны тиеді.

4.Көрнекілікті тек көрнекілік үшін қолданбай белгілі бір мақсатүшін қолдану керек. Көрнекі құралдар жаңа материалмен таныстырғанда, оқушылардың білім, білік және дағдыларын қалыптастыру үшін материадды қаншалықты меңгергенін тексеру үшін қолданылады.



Біз осы жұмысымызда жоғарыда аталған оқытушылардың іс-тәжірибелерін үйреніп, оны теориямен салыстыруға, үйлестіруге әрекет жасадық. Әрине, бұл жұмыста кемшіліктер көп-ақ. Болашақта осы тақырыпты зерттеуді жалғастырамын деген үміттемін.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Айтмамбетова Б.Г. Дидактикалық принциптер.-А., 1991 .

2. Бержанов Қ.Б. Тәрбие мен оқытудың бірлігі - А., 1975 ж.

3. Байгельдинова Г.К. Формирование позновательных интересов школьников — А., 1976 г.

4. Бантова М.А., Полевщикова A.M. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі — А., 1978 ж.

5. Бітібаева Қ.Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары — А., 1990 ж.

6. Дидактика средней школы. Под ред. М.А.Данилова и М.Н. Скаткина — М., 1975 г. глава IV.

7. Болтаев Ж., Қадиров Б. Бошлангич синфларда


математикадан синфдан ташқари ишлар. - Т.,1985 ж.

8. Бекбаева Н.У. Математикадан расмли топшириклар —


Т., 1992 ж.

9. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. — А., 1976 ж.

10. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д., Педагогическое
творчество — М., 1990 г.

11. Карабалина О. Ұстаз жүгі қашан да ауыр. — А.,1979 ж.

12. Комплексы учебного оборудования по математике. Под
ред.В.Г. Болтянского — М., 1971 г.

13. Конобеевский Н.П. Оборудование начальных классов.


- М.,1971 г. главаІІІ.

14. Лемберг Р.Г. Дидактикалық очерктер. - А., 1969 ж.

15. Математика начального обучения. Под ред.
Л.Н.Скаткина.- М., 1972 г.

16. Минчук Т.Г. Система учебного оборудования по курсу


математике в І-ІІІ классах. В кн. Уч. наглядные пособия по
математике. Под ред. А.М.Пышкало — М., 1972 г.

17. Метлина Л.С. Занятия по математике в детском саду -


М., 1985 г.

18. Михайлова З.А. Игровые и занимательные задачи для
дошкольников — М., 1990 г.

19. Волкова С.И., Столярова Н.Н. Тетрадь с


математическими заданиями — М., 1995 г.

20. Волкова С.И. Альбом по математике и


конструированию — М., 1995 г.

21. Житомирский В., Л.Шеврин. Математическая азбука.


- М., 1991 г.

22. М.И.Моро., Пышкало A.M. Методика обучения


математике в І-ІІІ классах - М., 1978г.

23. М.И.Моро., Н.Ф.Вапняр. Математик уйинлар. — Т.,


1991 ж.

24. Моро М.И. Математика в первом классе. Пособия ддя


учителя — М., 1982 г.

25. Моро М.И. Математика во втором классе.Пособия для


учителя — М., 1983 г.

26. Моро М.И., Бантова М.А. Математика в четвертом


классе. — А., 1990 г.

27. Максимова В.Н. Межпредметные связи в учебно-


воспитательном процессе современной школы. — М., 1987г.

28. Менчинская Н.А. Вопросы методики и психологии


обучения арифметики в начальных классах. — М., 1965 г.

29. Махмадов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды


ұйымдастыру. — А., 1981 ж.

30. Пчелко А.С. и др. Математика в 3-м классе.Пособия


для учителя - М., 1983 г.

31. Педагогикалық ізденіс — А., 1990 ж.

32. Оманов Б. Оилада математика —Т., 1996 ж

33. Сабиров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру


жолдары. — А., 1978 ж.

34. Сорокин Н.А. Дидактика - М., 1974 г.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет