І. Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі



бет3/4
Дата05.07.2018
өлшемі457 Kb.
#47217
1   2   3   4

ІҮ қатардағы сандарды X қатардағы сандарға көбейтіндер
(берілген бір таңбалы санға көбейту).

  • II қатардағы сандарды X қатардағы сандарға бөліңцер.

  • А бағанындағы сандарды 4-ке, Е бағанындағы сандарды 9-ға,
    Ж бағанындағы сандарды 5-ке бөліңдер.

  • І-ІІ қатарладағы сандарды X қатардағы бір таңбалы санға
    бөлгендегі бөліндіні табыңдар.

    III. 10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейту және бөлу (қалдықпен немесе қалдықсыз)

    1. Аталған бағандағы (қатардағы) сандарды 10-ға, 100-ге, 1000-ға
      көбейтіңдер.

    2. Аталған бағандағы сандарды 10-ға, 100-ге, 1000-ға бөліңдер
      (қалдықпен, қалдықсыз).

    IV. Нөлдермен аяқгалатын сандарды көбейту және бөлу

    1. Разрядтық сандарға көбейту.

    а) VI қатардағы сандарды IX қатардағы сандарға көбейтіндер; ә) X қатардағы сандарға аталған разрядтық сандарды (30,40,5000,...) көбейтіңдер.

    2. Көбейткіштері нөлмен аяқгалатын сандарды көбейту:


    a) VII-VIII қатардағы сандарды өзара көбейту;

    ә) VII қатардағы сандарды берілген разрядтық сандарға көбейту (20,300,...).

    3. Нөлдермен аяқгалатын сандарды бөлу.

    V немесе VII қатардағы сандарды X қатардағы сандарға бөліңдер.

    V. Екі таңбалы санға көбейту


    1. VIII қатардағы және IX қатардағы әрбір санды 12, 13, ....-ге
      көбейтіңцер;

    2. IX қатардағы сандарға II қатардағы 15, 25, 50 және т.с.с.
      саңдарды көбейтіңдер.

    V. Екі таңбалы және үш таңбалы санға бөлу

    1. VI қатардағы сандарды IX қатардағы сандарға бөліңдер;

    2. Берілген бағандағы (қатардағы) сандарды (қалдықпен немесе
      қалдықсыз) аталған екі таңбалы немесе үш таңбалы санға бөлу.

    Кесте оқушыларды көбейту және бөлуге байланысты берілген күрделі мысалдарды шығаруға жаттықтырады.

    Математика сабағында көрнекілікті пайдалану нәтижелерін бақылау

    1-сабақ.

    Сабақтың тақырыбы: "1,2,3,4,5 сандары"



    Сабақтың мақсаты: Балаларды бес санының пайда

    болуымен және сәйкес цифрмен таныстыру, осы цифрды жазуға, сандарды салыстыруға үйрету.

    Сабақтың көрнекілігі: нәрселердің суреті, геометриялық

    фигуралар.

    Сабақтың барысы: I. Қайталау.

    1. Нәрселерді санау — (тақтадағы аппликация: Буратиноның


    түрлі-түсті 4 шары бар.

    Буратиноның қанша шары бар екенін санап шығыңдар. Олардың санын сәйкес цифрлармен белгілендер. Шарларда қандай өзгеріс болды ? (Бірі ұшып кетті). Ұшып кеткен шарлардың санын белгілеу үшін сендер қандай цифрларды пайдаландыңдар ? Қанша шар қалғанын санап шығыңдар. Қалған шарлардың санын белгілеу үшін сендер қандай цифрды алғандықтарыңды карточкадан көрсетіңдер. 4,1,3,3- ең кіші сандар атандар. Ең үлкен санды атандар. Қалған сандар жөнінде не айтуға болады ?

    2. Қалталы полотнода қанша квадрат бар екенін санап
    шығыңдар. Қалталы полотнода қанша квадрат тор көз болса,
    дәптерлердің соншасын айналдырып сызындар. Барлығы 4 болу
    үшін тағы қанша тор көзді айналдыра сызу керек ? Сендер 4
    санын қалай шығарып алдындар ? Қатарына мысалды жазыңдар.

    П-Жаңа сабақ.

    Бір қатарға 4 көк дөңгелекті, олардың астына сонша
    қызыл ұшбұрыштарды қойыңдар. Сендер қанша қызыл
    ұшбұрыштарды қойдыңдар ? Неліктен ? Тағы бір қызыл
    ұшбұрышты қосындар. Қызыл үшбұрыш қанша болды ? Неліктен
    ? Біздер 5 қызыл үшбұрышты қалай шығарып алдық ? Қай
    фигура артты ? Қай фигура кеміді ? Егер 5-тен 1-ді шегерсек
    қанша қалады ?


    1. Иллюстрациямен жұмыс істеу.

    —Қанша тауық дән жеп жатыр, санап шығындар. Тағы қанша тауық жүгіріп келді ? Барлығы қанша тауық болды ? Сендер оны қалай білдіңдер ? Тауықтар саны артты ма, әлде кеміді ме? Неліктен?

    3. 5 цифрымен таныстыру.

    Мұғалім 5 цифрын бір қатарға қояды. 4 санынан кейін қандай сан келеді? 5 санының алдында қандай сан бар? Неліктен?


    1. 5 цифрының жазбаша түрі.

    2. 5 санын одан алдындағы сандармен салыстыру.
      Сергіту сәті.

    Қалталы полотнода 4 квадрат бар. Барлығы қанша квардат екенін санаңдар. Бұл саңды жазыңдар. Мұғалім тағы бір квадратты жанына қояды.

    —Квадрат қанша болды? Санды қасына жазыңдар. Квадраттар артты ма, әдде кеміді ме? 4 және 5 сандарын салыстырындар, содан кейін немесе белгісін қойыңдар. Біз 5 санын қалай шығарып алдық? Осы мысалды жазыңдар. Азайту бойынша жүргізілген жұмыс та осы сияқты болады.

    6. Оқулыктың иллюстрациясы бойынша мысалдар
    құрастыру.

    —Сендер қанша қызыл кесе көріп отырсыңдар? Осы сурет бойынша қатарында жазулы тұрған, екі мысалдың қалай құрастырылғанын түсіндіріңцер. Оларды дәптерлеріңе жазып, шығарыңдар.

    Тексеру. Қалталы полотнодағы жазу арқылы өздерің тексеріңдер.


    1. Қорытындылау.

    2. Үйге тапсырма.

    2-сабақ.

    Сабақтың тақырыбы: "2-ге көбейту және бөлу".

    Сабақтың мақсаты: Екіге көбейту кестесін құру,

    сондай-ақ екіге бөлу жағдайларын

    қарастыру.

    Сабақтың көрнекілігі: Екіні көбейту кестесі, карточкалар.

    Сабақтың барысы: 1. Өтілгенді қайталау.

    Жаппай сұрау.



    1. Көбейткіштердің біреуі 1-ге, екіншісі 8-ге тең. Көбейтінді неге
      тең?

    2. Қандай жағдайда көбейтінді көбейткіштердің біріне тең
      болады?

    1. Қандай жағдайда бөлінді бөлінгішке тең болады?

    2. Қандай жағдайда бөлінді 1-ге тең.

    3. Теңдікті пайдаланып, өрнектің мәнін табындар.

    7 х 10 = 40

    70 : 7 = ...

    6 х 10 = 60 60 : 6 = ...

    5 х 10 = 50 50 : 5 = ...



    6) Әр бағандағы теңдіктер өзара қандай байланыста екендігін түсіндіріңцер.

    1x9 = 9 1x15=15 1x8 = 8

    9:1 = 9 15:1 = 15 8:1 = 8

    9:9 = 1 15 : 15 = 1 8 : 8 = 17

    7. Қосуды көбейтулермен алмастырыңдар:

    7+7+7+7= 8+8+8+8+8+8= 6+6+6

    II. Жаңа сабақ.

    Екіні көбейту кестесімен таныстыру.

    —Бүгін біз тақтада жазулы түрған екіні көбейту кестесімен танысамыз (тақтадан нәтижесіз толық кесте жазылған). Мұғалімнің басшылығымен оқушылар нәтижелерді табады, ал мұғалім оларды кестеге жазады. Кестені жазуды аяқгап, мұғалім балалардың зейінін шыққан нәтижелерге аударады.

    —Көбейтінді де қандай өзгеріс болды? (Көбейтінді 2-ге артты).

    Неліктен? Сендер 2x8 сандарының көбейтіндісін қалай табар едіңцер? (Егер біз 2x7=14 екенін білсек, онда14+2=16 болатынын білу жеткілікті, сондай-ақ біз 2x9=18 болатынын біле отырып 18-2=16 деп жазсақ жеткілікті болар еді).

    Оқушылар кестені жатқа білмес бұрын, мұғалім осы кестенің қалай оқылу керектігін үйретеді.

    -2x4=8 көбейтіндісін қалай оқуға болады? (2-ні 4-ке көбейткенде 8 шығады, 2 санын 4 рет алу керек).

    Мұғалім бүдан да қысқа оқуға болатынын айтады, мысалы: екі жердегі төртіміз сегіз.

    III. Кесте бойынша бөлуге өрнектер құру.

    —Бірінші өрнекке қараңдар. 2 және 4 сандарымен тағы

    қанша өрнек құруға болады (4:2=2) т.с.с. IV Есептер шығару.

    1.№177-есеп (II сынып оқулығы) мұғалімнің басшылығымен шығарылады.

    Оқушыларға берілетін тапсырма: есепті іштей оқу. Оның шарты мен сұрағын қайталау.

    —Есептің сұрағына жауап беру үшін қандай мәліметтер

    керек?

    Өрнек құрып, есептің қалай шығарылатынын жазыңдар. Бір оқушы есептің шығарылу жолын түсіңдіреді:



    —Екі ыдыста, үш ыдыста, төрт ыдыста неше литр шырын бар екенін табу үшін (бір ыдыста 3 л шырын бар екені белгілі болғандықтан) 2-ні 3-ке, 3-ті 3-ке, 4-ті 3-ке көбейтеміз.

    Сонда мынандай өрнек шығады:


    2x3= 3x3= 4x3=

    Өрнектің мәнін есептеп шығарғанда жауабы мынандай болады:

    1) 6л; 2) 9л; 3) 12л шырын бар.



    1. Қорытындылау.

    2. Үйге тапсырма. Екінің көбейту таблицасын жаттау,
      №182 (1-2 бағандар)

    №190 (1-5 бағандар)

    3-сабақ.


    Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты:

    Сабақтың көрнекілігі:

    Сабақтың барысы: I — вариант

    "Көп таңбалы сандар" Миллиондар класының қүрылуымен оқушыларды таныстыру. 6-9 таңбалы сандарды оқып және оларды есепшотқа салып үйрену, оқып және жазып үйрену. есепшот, кластар мен разрядтар кестесі. 1. Өзіндік жұмыс.

    II — вариант.




    1.№29 (1-баған) 2.Жазылмай кеткен сандарды жазыңдар:

    1.№29 (3-баған) 2.Жазылмай кеткен сандарды жазыңдар:


    4дм8см=... см

    7м=...дм


    7м=...см

    Тексеру. Өзіңді тексер.

    8дм5см=...см

    5м=...дм


    5м=...мм.

    II. Жаңа сабақ.

    1. Жаңа сабаққа дайындық ретінде оқушыларды сандарды есепшотқа салуға және оларды оқуға жаттықтыру ( 1 000 000 көлеміндегі сандар салынады). Бірлеп санап онға дейін, ондап 100-ге дейін, жүздеп 1000-ға дейін, т.с.с. миллионға дейін санау жүргізіледі.Содан кейін осылайша бірлік миллионнан санап 10 миллионға дейін, жүздік миллионнан 1000 миллионға немесе миллиардқа дейін жүргізіледі.



    2. 32008, 230560, 204500 сандарын оқындар және олар туралы мына жоспар бойынша айтып беріндер. а) сандағы жоғарғы разряд қандай? ә) санда қандай разрядтың бірлігі жоқ?

    III. Оқулықпен жұмыс істеу.



    №28 есеп. Берілген есептің мазмұнын оқытып, шартын құрып, есептің шешуін табу.

    Қыз бала — 36 саңырауқұлақ тапты. Үл бала - 28 саңырауқұлақ. Жеуге жарамайтыны — 3 саңырауқұлақ. Жеуге жарайтыны -?

    Шешуі: 36+28=64

    64 -3=61 Жауабы: балалар 61 жеуге жарайтын саңырауқұлақ тапты.

    №29, 32 - мысалдар.


    4-сабақ.

    Сабаклың тақырыбы: Сабақтың мақсаты:


    1. Қорытындылау.

    2. Үйге тапсырма: Өз
      беттерінше көп таңбалы
      сандарды есепшотқа салып
      үйрену.

    "Амалдар тәртібі"

    Екі басқыштың амалдары

    көрсетілген жақшасыз өрнектердегі



    амалдардың орындалу тәртібі

    Сабақтың тәрбиелік мәні:

    туралы ережемен таныстыру. Кестелерді тиянақтандыру, тендеулерді шеше білуге машықтандыру.

    Балалардың сезімі мен ой-

    пікірін



    Сабақтың көрнекілігі:

    Сабақтың барысы:

    дамыту. Табиғаттың

    қоршаған


    ортаның әсемдігін,

    көркемдігін

    түсінуге,жақсыға ұмтылуға

    баулу.

    4-ті көбейту және бөлуге

    амалдар


    тәртібіне арналған кестелер ұлестірмелі, дидактикалық материалдар мен түрлі суреттер.

    Өтілген сабақта "Көбейту

    және


    бөлу" тақырыбын алдымен

    көбейту, кейін бөлу амалының

    нәтижелері мен

    компоненттері

    арасындағы байланысты

    қарастырамын.



    Мысалы, тарату материалдары арқылы:

    2x3 = 6 6:2 = 3 6:3 = 2

    5 x 4-20 24 : 4 = 6 30 : 10 = 3

    20 : 5 = 4 24 : 3 = 8 14 : 7 = 2

    20 : 4 = 5 18 : 2 = 9 14 : 2 =7.



    Есептер: Болғаны — 30 Әкелгені — 46 Барлығы - ?

    Болғаны —45 т

    Сатып алғаны 5 дәптер

    Қалғаны - ?



    Амалдар тәртібіне:

    57 + 9 + 26 73 - 15 -8

    31-24 + 7 12 + 23-9

    24 : 3 : 2

    5x2x7




    92-7-7-7 32: 8x9 24-6-6
    18 + 8 + 8 + 8 4x6:8 18-9-3

    Мысалдар талқыланып шығарылады, оқушылардан ауызша сұралып өтілген тақырып тұжырымдалады.

    Жаңа сабақ.

    Қорытындыны бекіту мақсатында көрнекі құрал арқылы мына мысалдар беріледі:

    65 + 21 : 3 27 : 3 - 4 х 2

    40-7x7 3x5 + 6x4

    Өрнектерде қандай амалдар көрсетілгенін ататып, осындай өрнектердің мәндерін табу үшін аддымен көбейту және бөлу, қосу және азайту амалдарын жазылу ретімен орындау керектігін кестеден түсіндіру қажет.

    Оқушыларға бұл ережені әрдайым есте сақтау керектігін ұғындыру, жақшасыз берілген өрнектердің мәндерін амалдар тәртібі бойынша орындалуын мысалдар арқылы түсіндіру керек.

    Оқулықпен жұмыс: Мысалдардың шығару жолын түсіндіру:

    40 - 7 х 4 = 40 - 28 = 12 3 х 5 + 6 х 4 = 15 + 24 =39 55 - 5 х 4 = 55 - 20 = 35 7 х 2 + 3 х 10 = 14 + 34 = 44

    Өрнектердің мәндерін есептеп шығар:


    1. - 8 х 5 26 + 24 : 4
      35+ 4x7 9x3 + 7x4

    2. - 16 : 2 60 : 10 + 8 х 3
      9x3 + 7x4 18:9 + 27:3

    Қағазбен жұмыс: № 409 — есеп

    1) Екі жолақ қиып ал; біріншісінің ұзындығы 8 см, ал екіншісі


    одан 4 есе қысқа. Қысқа жолақтың ұзындығы неге тең?

    2) Ұзындығы 8 см жолақ қиып ал, оны 4 есе қысқарт,. Шыққан


    жолақтың ұзындығы неге тең?

    № 410-есеп. Шебер бір аптада әр костюмге екі метр мата жүмсап, 5 баланың костюмін тікті. Ол барлығы қанша мата жүмсаған? Суреттері көрсетіледі.



    І.Костюмге жұм- Костюм саны Барлық костюмге
    салатын мата. жұмсалған мата.

    2 м мата 5 костюм ? (х)



    Есептің мазмұнын түсіндіріп, шартын кестеге жаздыру.

    Шешуі: 5 х 2=10 м

    Жауабы: Барлығы 10 м мата жұмсаған.

    Осы жерде көрнекі құрыла арқылы бір өленді айтып кетуге болады:

    Қыздарға біз жол береміз алдынға,

    Соң жігіттер өтеді тартынбай.



    Бірақ кімнің жұмысы болса да тығыз,

    Жақшаға алып, соң жол беріңіз асығып. Балаларды сергіту жаттығулары: Оқушылардың назарын қаратып сергіту мысалдар шешкізу:

    а) Марат 11 сан ойлады (х). Сол санға 6-ны көбейткенде 24
    шықты. Марат ойлаған сан қанша?

    ә) Сенің жасың 8-де, ағаң сенен 3 есе үлкен. Ағаңның жасы нешеде?



    б) тендеу бойынша есеп құрастыр:
    х = 4 16=12

    в) мына квадраттар сиқырлы ма?
    40 5 30 11 10 15

    15 25 35 16 12 8

    20 45 10 9 14 13

    Сергіту жаттығуларынан соң, өтілген тақырыптарды қайталауға берілген.

    № 412 мысалдарды орындатамын.

    Белгісіз сандарды тап:

    х : 7 = 4 8ха = 32 21 : с = 3

    х = 4х7 a = 32 : 8 с = 21 : 3


    х = 28 a = 4
    28:7 = 4 8x4 = 32 21:7 = 3

    Сұрақ-жауап арқылы амалдар тәртібі мен берілген мысалдардың орындалу тәртібін қорытындылаймын.

    Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма: №409 — есеп.

    №408 мысал берілді.



    Жоғарыды бірнеше сабақтардың күнделікті жоспары көрсетілген. Тоқталған тақырып бойынша жүргізілген эксперимент нәтижелері төмендегіше:

    БАЛАЛАРДЫҢ ҮЛГЕРІМІ




    Мектеп Оқушылар

    Көрнекілікті

    Көрнекілікті

    саны




    қолданбағанға дейін

    қолданғаннан кейін

    аттары










    1. "Сырдария"

    78

    92 %

    99,3 %

    2. "Шардара"

    46

    91,7 %

    99,7 %

    3. "Ш.Уәлиханов"

    89

    91,3 %

    98,7 %

    Осы сабақтардан көрнекілікті пайдаланып өту нәтижелі екенін көреміз.

    2.3. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ) — математикалық білім технологиясы

    Қазіргі кездегі математикалық білім баланың интеллектісін, дербес ойлауын дамытуға бағытталған. Бұл салада, біз сөз өткелі отырған технологияның алар орны ерекше. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп аталатын математикалық білім технологиясы. 1964-1996 жылдар арасында академик П.М.Эрдиневтің жетекшілігімен жүргізілген теориялық және тәжірибелік ізденістердің, практикалық жұмыстың нәтижесінде өмірге келді.

    М.П.Эрдниев "дидактикалы бірліктер" деген ұғымды осыдан 20 жыл бұрын енгізген. Автор оқу материалынан кіші көлемде берілетін ақпараттарды алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамыға өріс ашылады.



    Академиктер В.Журавлев, А.Маркушевич т.б. бұд технологияның тиімділігін атап өтіп, "ғасыр идеясы" деп таныған.

    Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе отырып, оқушының ақыл-ойының дамуы, математикалық ой-өрісінің кеңеюі, танымдық қабілеттерінің дамуы дәл осы әдістемені қолдану барысында жеделдейтігін өмір көрсетіп отыр деуге болады. Оқушының білімінің сапасына әсер ететін факторлардың бірі оқулық болса, оңдағы жаттығулардың мәні, мағынасы, мүмкіндіктерінің рөлі зор.

    Бүгінде ДБІ жаңашылдық технология ретінде әртүрлі аймақтарда кеңінен қолданылуда. Мысалы: Калмыкия республикасының барлық мектептерінің, Екатеринбург, Самара, Хабаровск, Братск т.б. қалалардың тәжірибесіне енген.

    Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан профессор Т.Қ.Оспановтың жетекшілігімен жазылған "Математика" оқулықтары осы теорияға негізделген. Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға бағытталған бұл әдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп толық айтуға мүмкіндік бар. ДБІ әдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:

    Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты
    операцияларды қатар оқыту.


    1. Тура есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен
      қолдану.

    2. Деформацияланған жаттығуларды пайдалану.

    3. Өз бетінше, шығармашылыққа берілетін
      тапсырмалардың үлес салмағының артуы.

    Осы қағидалардың әрқайсысына жеке тоқгалып, олардың оқушыны ойлауға үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.

    Оқыту практикасы "қосу мен азайту", "көбейту мен бөлу" бұрынғыдай төрт бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылуының тиімділігін керсетіп отыр. Біріншіден, бұл арқылы оқу уақыты 20 минутқа дейін үнемделеді. Ал үнемделген уақыт білімді тереңдетуге өте қажет. Екіншіден, ойлау операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді. Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптеріне сәйкес оқушы мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады. Мысалы: 5+1=6 5+1=6



    Түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау арқылы шешу, ойлау әрекетінің ішкі потенциалды резервтерін ашуға көмектеседі. П.К.Анохин тұжымымдамаларымен айтсақ, табиғаттың айнымас заңдылықтарының бірі "кері байланыс" заңының іске қосылуымен тиімді.

    ДБІ технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептері шығару "кері есеп" ұғымы ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академік П.К.Анохин енгізген кері байланыс (афферентация) деген психологиялық ұғыммен байланысты. Кері есептерді шығару, тура есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың белсенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық дербестік пайда болады.

    Математикалық әдебиеттерден мынадай ережені көп кездестіруге болады. "Математикадағы басты нәрсе-ұғымдарды ой елегінен қайта өткізе білу". Кез келген тұра есепті кері есепке айналдыруда бір сан екі рольде болады. Біріншіде екі санның қосындысы, көбейтіндісі түрінде болса, екінші жағдайда айырма не бөлінді қызметін атқарады. Жаңа буын оқулыққа бес түрлі: қосындыны табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық не кем санды табуға, айырмалық салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген.

    "Кері есеп" ұғымы алғаш көрнекіліктер арқылы түсіңдірілуі тиімді. Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жанына портфельді орналастырған соң, мына есеп айтылады. Столда 5 кітап бар, ал портфельдегі кітаптардың 3-уі артық. Портфельде қанша кітап бар.Бүдан соң: не белгілі, не белгісіз, артық па кем бе екенін анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.

    Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдында, столдағы кітаптарды алып тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдағы кітаптың одан 3-уі кем. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған соң, алдыңғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше? деген сұрақтарға жауап алынады. Белгісізді бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды анықтаймыз. Содан кейін ғана "кері есеп" ұғымы енгізіледі.

    Осы типтердегі есептерді көрнекіліктер арқылы шешуді менгерген кезде төмендегідей абстрактылы есептерге көшуге болады.

    Мысалы:


    Тура есеп: Кері есеп:

    3, 2, D 3, П , 5

    Алмас 3 жаста, Айнел одан Алмас 3 жаста,

    Айнел 5 жаста.

    2 жас үлкен. Айнел неше Айнел Алмастан

    жаста? неше жас үлкен?

    Шешуі: 3+2=5 (жас) Шешуі: 5-3=2(жас)

    Жаңашыл мұғалімдердің пікірі бойынша есептің осылай беріліп, шешілуінің пайдалы екені айтылып өтіледі. Технологияның кейбір қиыңдықтары "кері әдістің" теориясын білмеуден жатады.

    Деформацияланған жаттығуларды шешу ДБІ

    технологиясындағы басты ерекшелік. 18:П+65=67 түріндегі "әйнекшелермен берілген мысалдарды шығару психологиялық тұрғыдан алып қарасақ, оқушы бірнеше қайтара салыстырулардан тұратын әрекет барысында логикалық операциялардың жаңа түрлерін меңгере отырап, ойлаудың жоғары сатысына көтеріледі. Деформацияланған жаттығулар бірте-бірте күрделене түседі. Оны математика оқулығынан байқауға болады.

    Ал келесі ерекшелік — шығармашылық тапсырмалардың мол болуы.

    Осыдан біраз уақыт бұрын ғана мұғалім тақырыпқы, нақты сабаққа қажетті шығармашылық тапсырмаларды әр түрлі қосымша әдебиеттерден іздеп, оған көп уақыт кетіруге мәжбүр болатын. Жаңа буын оқулықтарында бұл мәселе өз шешімін тапқан. Оқулық мазмұнында баланың интеллектісін, қабілеттерін, шығармашылығын дамытуға тапсырмалар қарастырылған. Бұл тапсырмалар ойлаудың жоғары деңгейіне берілгендіктен сабақта шешу, орындай алмаған оқушыға "қанағаттанғысыз" баға қойылмауы талап етіледі.

    Мысалы 3 сыныпта : Көгалда бірнеше қозы мен қаздар жайылып жүр. Олардың бастарының саны 25, ал аяқтарының саны 70. Қозылар нешеу, қаздар нешеу? — деп берілетін тапсырманы шешу оқушылардан ойлылықгы, байқампаздақты талап етеді. Оқушының шығармашылығы қалыптасады.

    Бір апта кететін мәселе шығармашылық тапсырмалар өз дәрежесінде орындалып, тиісті нәтиже беруі үшін, оларды дұрыс ұйымдастырудың рөлі зор. Оқушыларды қызықгыру, оларды талдау, дүрыс шешімді дәлелдеу сияқгы кезендер тәртібі сакталуы керек. Тек сонда ғана оқушы "жаңалық" ашу мүмкіндігіне ие болады.

    Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясында оқушылардың есептеу дағдыларын дамытуға ерекше мән беріледі. Мұнда есептер ауызша және жазбаша болып бөлінеді, бастауыш мектепте негізінен ауызша есептеуге арналған жұмыстар көп жүргіледі, өйткені арифметикалық амалдардың теориясын түсіну, оны практикалық жолмен саналы меңгеру мәселелері шешіледі.

    Дәстүрлі әдістемеде ауызша есептеулердің төмендегідей түрлерін жүргізу қабылданған.



    1. Математикалық өрнектердің мәндерін табу.

    2. Өрнектерді салыстыру.

    3. Тендеулерді шешу.

    4. Есептер шығару.

    Жаңа жағдайда бұл жұмыстар жаңа мәнге ие болып, енді тек есептеп қана қоймай, қорытындылар жасауға үйренеді. Демек, талдау, жинақтау, салыстыру, байқау арқылы өз пайымын айтуға, ортаға салуға машықтанады.

    1) бұл жағдайда салыстыруды төмендегідей етіп жүргізу


    сұралады.

    16D10+6 16D20-4



    16П8+8 16П9+7

    2) Әйнекшелермен берілетін теңсіздіктер енгізіледі.

    8>П

    8D>12



    3) Математикалық зандарға негізделген теңсіздіктерді шешу.

    Ю+бПб+10 10+4=4+П
    17-7ПІ7-Ю 15-4>15-П
    9+4D9+5 7+8<7+п

    4) Атаулы сандарға қосу, азайту, салыстыруға берілетін


    есептеулер.

    6м П 60 дм 6м П 600 см

    2 м+5...=...дм

    Тәжірибеде ауызша есептеулерді орындау көрнекіліктер, карточкалар, ойындар арқылы ұйымдастыру қабылданған. Сондай-ақ сергіту сәттері, өлең-есеп, тірек схемаларын қолдану тиімді екендігін айта кеткіміз келеді.

    Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы математиканы пропедевтикалық бағытта оқытуды көздейді, сондықтан жоғары сыныптарда оқытылатын мазмұнмен сабақтастық байқалады. Білім берудегі мұндай тұтастық, жүйелілік математика пәні әдістемесіндегі басым бағыттардың бірі.

    Ресей федерациясындағы, әсіресе аталмыш технологияның "отаны" Калмык республикасындағы жаңашыл педагогтар бұл технологияны математикада ғана емес, тіл сабақтарында да пайдаланудың мүмкігдігін қарастырып, тәжірибелер жинақтауда. Бастамаларды қолдай отырып, әрбір ұстазды педагогиканың осы сияқгы жетістіктерін жете меңгеруге шақырамын. Төмендегі математика сабағының үлгісіне назар аударыңыздар.



    Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
    2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
    2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
    2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
    2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
    2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
    2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
    2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет