Әл-Фараби мұралары: Әл-Фараби ғылымды өз бетінше зерттеп, үлкен табыстарға жеткен ұлы тұлға. Ол метафизика, тіл білімі, логика, география, этика т.б. ғылым салаларын қамтитын 160-қа жуық трактаттар жазып қалдырған. Педагогика, психология, эстетика мен музыка, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Аристотельдің еңбектерін зерделей отырып, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары»,«Бақытқа жету»,«Ақындықтың мәні туралы» т.б. философиялық туындылар жазған. Әл-Фараби музыка саласында да «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка ғылымы туралы пікірлер» т.б. іргелі еңбектер жазған. Бірқатар музыкалық аспаптарды жетілдірген. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында ізгі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың жағдайы басшысына байланысты деп, қоғамды қалай басқару керек деген мәселеге көңіл бөлген. Әл-Фарабидің логика мен медицина, ғарышнама мен анатомия,философия, заң ғылымы сияқты ғылым салаларына қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі.
2.«Алаш» партиясы.«Алаш» партиясының бағдарламасындағы басты мәселелер.
«Алаш партиясы» 1917 жылы21-26 шілде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5-қазан «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21-қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Жетекшісі: Ә.Бөкейханов болды, партияны құруға А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. алаш зиялылары атсалысты.
Бағдарлама 10 пункттен тұрды (мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі).
«Алаш» партиясының сипаты - ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін білдірді.
«Алаш» партиясының мақсаты – тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру болды.
«Алаш» партиясының баспасөз органы- «Қазақ» газеті болды
3.Сақтардың құрамына кірген тайпалар және олардың қоныстанған аймақтарын картаға белгілеңіз.
Ғалымдар Қазақстанның ертедегі тұрғындарының қоныстанған жерлерін анықтады. Олардың бір тобы Жетісуда, Тянь-Шань тауларында,Сырдария өзенінің орта ағысында тұрды. Оларды шошақ бөріктілер – сақ-тиграхауда деп атаған. Тайпалардың екінші бір тобы Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен. Теңіздің арғы жағындағы сақтар - сақ-парадарайа деген. Олардың оңтүстігінде сақ-хаумаваргалар қоныстанған. Ғалымдардың пайымдауынша мұндай атау оларға хаома сусынына байланысты берілген.
Тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкент қаласы аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген. Жетісу алқабы “шошақ төбелі сақтардың” жиі қоныстанған орталығы болған. Осы”шошақ төбелі сақ” деген атау ұзақ уақыт сақталған. Күні кешеге дейін қазақ халқы өздерін “шошақ төбелі қазақпыз” де атап келген.
Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар, аргиппейлер, исседондар деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерінде, Солтүстік, Орталық аймақтарында мекендеген.
8-билет
Беғазы-Дәндібай мәдениеті және оның ерекшеліктері.
Батыс Түрік қағанатының Шығыс Түрік қағанатынан айырмашылығы.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс болған жерлерді картаға белгілеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |