Жауабы: 1. Қарахан мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы) Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астанасы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Испиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді. XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды.
2. 1986 жылы «Желтоқсан оқиғасының» себептері және тарихи маңызы. 1986 жылы16 желтоқсан күні таңертең Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы болып өтті. Күн тәртібінде бір ғана ұйымдастыру мәселесі қойылды. Пленум бр-жоғы 18 минутқа созылды. Осындай қысқа мерзім ішінде аса мағызды мәселелердің бірі –республиканы ширек ғасырдай басқарған саяси қайраткерді ауыстыру мәселесі шешілді.Д.А.Қонаевтың орнына бұған дейін республикада еңбек етпеген, халыққа мүлдем бейтаныс, КОКП-ның Ульяновск обкомының бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды.
1986 жылы 17 желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды., кейінірек ол басқа қалаларға да таралды. Оның басталуына жылдар бойы қордаланған себептер де әсер етті.
Желтоқсан қозғалысы-ұлт-азаттық тарихында ерекше орын алды. Бұл ұлттық рухтың жаңғыру, қайта түле кезеңінің басы болды.Ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сатыға көтерілді. Ол бүкіл халықтың рухани өміріне ісер етіп, ұлттық сананы өсірді, ұлттық рухты жандандырды.