І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»



бет2/57
Дата19.05.2022
өлшемі1,07 Mb.
#143878
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
11 сынып емтихан билеті тарих

1. Аумақтық өзгерістер: ІІ Александар патша 1867ж. 11-шілде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868ж.21-қазан «Торғай, Орал, Ақмола ,Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ережелер» жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағындырылды. Олар- Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына - Ақмола, Семей, Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал, Торғай, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді.1870ж.Маңғыстау приставтығы -Кавказ әскери округына, ал 1872ж. Бөкей ордасыАстрахан губерниясына қарады.
1886ж.2-маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже» бекітілді. Ол бойынша үш генерал-губернаторлық қалды, бірақ Түркістан генерал-губернаторлығынан Жетісу облысы шығарылып, Батыс-Сібір ген-губ-на берілді. Түркістанға Ферғана, Самарқан облыстары еніп, енді үш облыстан тұрды. 1891ж. 25-наурызда «Ақмола, Семей,Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» бекітілді.Ол бойынша 1891ж. Орынбор мен Батыс-Сібір генерал губернаторлығы біріктіріліп, Дала генерал губернаторлығы деп аталды. 1891-1897жж. аралығында оның құрамында 5 облыс болды, ал 1897ж. Дала генерал губернаторлығынан Жетісу облысы шығарылып, қайтадан Түркістан генерал губернаторлығына берілді. Нәтижесінде, 1897ж. екі генерал губернаторлық төрт облыстан тұратын болды. 1890жылғы «Закаспий облысын басқару туралы Уақытша ереже» бойынша Закаспий облысы 5 уезден тұрды: Мерв, Теджент, Ашхабад, Маңғыстау,Красноводск .
2. Басқарудағы өзгерістер: 1867-1868жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды (генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты - әскери-губернатор,уездді- уезд бастығы, болысты-болыс, ауылды- ауыл старшыны басқарды). 1886-1891жж. ережелер бойынша генерал-губернаторлықтарды басқаратын генерал-губернаторлардың билігі күшейтіліп, дара билеушіге айналды. Яғни, шексіз билік берілді. Облыс орталықтарында- полицейлік басқармалар, уездік қалаларда –полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқығы жағынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл, әрине қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет